Қолөнер
үйірмесі
(3-сынып)
Б. К.
Дұрысбаева
Жаңаөзен
мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып
мұғалімі
Сабақтың
тақырыбы: Жұмсақ ойыншық тігу («Бауырсақ» тігу,
1-сағаты)
Сабақтың
мақсаты: оқушыларғы жұмсақ ойыншықты тігіп
үйрету.
Білімділік
мақсаты: оқушыларға жұмсақ ойыншықты жасау
реттілігімен таныстыру, ойыншыққа мата таңдауға үйрету, білімдерін
тереңдету;
Дамытушылық
мақсаты: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, теориялық
және практикада алған білімдерін дұрыс пайдалануға бағыт-бағдар
бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге, салыстыруға, бірінің
пікірін бірі дамыта отырып, өзара сыйласуға, қорытынды шығаруға
машықтандыру.
Тәрбиелік
мақсаты: оқушыларды жоспарлай білуге, ұқыптылыққа,
бір-біріне көмектесуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, бастаған
жұмысын аяғына дейін жеткізе білуге, қауіпсіздік ережесін сақтауға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ.
Сабақтың өту
әдісі: сұрақ-жауап, іздену, көрсету, үйрету,
түсіндіру, дидактикалық материалдармен
жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті
материалдар: АКТ, дайын бұйымдар, мата, ине-жіп, қайшы,
синтефон.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
А) оқушыларды
түгелдеу;
Ә) жұмыс киім киюді
қадағалау;
Б) керекті құрал – саймандарды
дайындау.
Психологиялық
дайындық.
Қонақ күту
салтымыз,
Оқып біліп
жатырмыз.
Келген қонақ
сіздерге,
Сәлем бердік
баршамыз.
ІІ. Ой
шақыру. Жұмбақтар
шешеді:
Сұрақтары:
1. Орманда тұрады, өзі бір
қу,
Жүрген жері айқай да, шу.
(Түлкі)
2. Далада жүр
шапқылап,
Керемет тым
саққұлақ.
Тек есектен басқа
да
Оған ұқсар жоқ құлақ.
(Қоян)
3. Ит сияқты
пішіні,
Ұнатпайды ол кісіні.
(Қасқыр)
4. Қыс бойына
жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
(Аю)
5. Өзі қып-өызыл боп
піседі,
Күнге ұқсас келеді.
(Бауырсақ)
- Демек, осы жұмбақ шешулері қандай ертегіде
кездеседі? (Бауырсақ)

- Олай болса, қазір «Бауырсақ» ертегісін
көріп алайық. (Интертақтадан ертегіні
көрсету.)
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
«Жұмсақ ойыншық тігу». Біз бүгін «Бауырсақ» ертегісінің басты
кейіпкері бауырсақты тігуді үйренеміз. Ол үшін бізге мата, қайшы,
ине-жіп, сентифон немесе мақта, желім, шаблон, қарындаш
керек.
Сергіту сәті: «Көңілді күн» әнінен қимыл
жасату.
- Қауіпсіздік ережесін
сақтау.
1. Қайшы өткір болы
шарт.
2. Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп,
партаның оң жағына
қоямыз.
3. Қайшыны ұзтаздарда құлағын жоғары қаратып,
ұшын өзіңі қаратып
бер.
4. Инені арнайы жастықшаға шаншы, өйткені ол
инені жоғалудан, төтенше жағдайдан
сақтайды.
5. Инемен тіккенде аузыңа салушы
болама.
6. Сынған инені тастама, ешкімді
зақымдамайтын жерге таста.
ІІІ. Практикалық
жұмыс:
1. Дөңгелек шаблонды үлгі ретінде матаның
үстіне қойып, айналдыра
сызу.
2. Сызылған сызық бойымен қиып алу; 2
дана
3. Бауырсақ көздерін, мұрнын, аузын матаға
сызып, сызық бойымен қию;
4. Көз, мұрын, аузын дөңгелек бетіне тиісті
жеріне орналастырып, желіммен
жапсыру;
5. Жіпті инеге сабақтау,
түйіншектеу.
6. Дөңгелек матаны теріс бетінен айналдыра
тігу;
7. Дөңгелек тігілген матаны оңына аударып,
ішіне сентифон немесе мақта салу, аузын
тігу.
ІҮ.
Бекіту.

- «Кім жоқ?»
ойыны

1. Бүгінгі сабақта не
жасадық?
2. Ойыншық тігу сіздерге ұнады
ма?
Ү. Үйге тапсырма
беру: Сынып ішіндегі бітпеген жұмысты аяқтау.
«Бауырсақ» ертегісін сахналауға дайындалып
келу.
ҮI. Оқушыларды
бағалау. Жұмыс орнын
жинастыру.