Материалдар / Ашық сабақ «Жүрек және жер»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ «Жүрек және жер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану пәнінің жаратылыс тану пәнімен интеграциялау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
397
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған жаратылыстану

сабағының жоспары


Мектеп: Майбұлақ ЖОМ

Мерзімі: 28.11.2017ж.

Мұғалім: Г. Турлыбаев

Сынып: 5"а" Оқушы саны: 22

Тақырыбы: Жүрек және жер.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық.


Сабақтың мақсаты: оқушыларға жүрек пен жер туралы түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:оқушыларға жүректің құрылысы, жер жөнінде түсіндіре отырып, адамдарға риясыз қызмет ету қасиетінің маңыздылығын кеңейту.

Дамытушылық: жүрек жұмысының ерекшеліктері, жердің құрлымы туралы мәлімет бере отырып, адамдармен қарым-қатынаста кешірімшіл болуға баулу.

Тәрбиелік:оқушыларды жүрекпен сезінетін жанашырлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқу құралдары, интерактивті тақта, слайдтар,

музыка, бейнетаспа,

стикерлер.


Сабақтың барысы: Сыртқы интеграция (өзін-өзі тану сабағының әдістерін пайдалану) 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. 5 "Т"ережесін естеріне салу. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. Тыныштық сәті. Жағымды күйге ену. "Нұрға бөлену"

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын алып, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Қандай сезімде болдыңыздар? Оқушылардың алған әсерлерімен бөлісу.

1. Дәйексөз

"Жүрек - табиғи жылылықтың көзі"

Әл-Фараби

Дәйексөздің мәнін ашу.

(хормен 2-3рет қайталанып, дәптерге жазылады.) Сұрақтар:

1."Жүрек жылуы" деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2. Шын жүректен қандай сезімдер беріледі деп ойлайсың? 3. Адамның көңіл-күйі жүректің қалыпты жұмыс істеуіне әсер етеді ма? Жауабыңды түсіндір.

4.Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?



Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

3.Жаңа материалды игерту. Жүректің құрылысы. Жүрек-қанайналым жүйесінің орталық мүшесі. Оның жиырылуы мен босаңсуының нәтижесінде қан қантамырлардың бойымен үздіксіз ағады. Ересек адамдарда жүрегінің салмағы 250-300г. Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады.Сыртқы қабаты-эпикард (грекше "ері"-сыртқы, "cor"-жүрек),өте жұқа, жүректі қоршап тұрады. Ортаңғы қалың бұлшықетті қабаты-миокард (грекше "mios"-бұлшықет). Ішкі қабаты жұқа- эндокард (грекше "endo" - ішкі) жүректің ішкі қуыстары мен қақпақшаларын астарлап жатады. Жүректің миокард қабаты қарыншаларға қарағанда жүрекшелерде жұқа.Ондағы бұлшықет талшықтары екі түрлі бағытта орналасқан.Қарыншалардағы миокард қабаты (әсіресе, сол жақ қарыншада) қалың.

Ересек адамда жүрек қалыпты жағдайда минутына 70-75рет соғады.

Жер құрылымы.

Жер қабатының құрылымы — диаметрі 6357-6378 км-ге тең эллипстік (дөңгелекке жуық) шаршы нысандас Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар.

Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:

  1. жер қыртысы,

  2. мантия,

  3. ядро.



Жер ғаламшарының Күн жүйесіндегі орны. Кеңістік пен уақыт жөніндегі алуан түрлі ұғымдар - бүкіл болмыс пен бізді қоршаған ғаламды құрайды. Әлемдегі зат атаулының басым көпшілігі жарқыраған алып шар тәрізді плазмалық денелер - жұлдыздарда шоғырланған.

Жер білігі өз білігінен сағат тіліне қарсы бағытта батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Бұл қозғалыс нәтижесінде күн мен түн алмасуы жүреді

Руханилық жақтары: «Жүрек» сөзі кең ауқымды. Жүректі біз биологиялық тұрғыдан ғана емес, оны ұлттық патриоттық,руханилық тұрғыдан да қарауымызға болады. Себебі, жүрегі қазақ деп соққан әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Мысалы, қазақтың қаракөз ұл-қыздары елінің намысын қорғау үшін түрлі жарыстарға барған кезде қазақ елінің туы жоғарыдан желбірегенде қолын жүрегінің тұсына қойып, көзіне жас алып, Әнұранды шырқайды. Әнұран –халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлемхат іспеттес. Жүрек- адамның өзегі, дәні саналады. Адам Жүрекпен жетіледі, бойындағы бар игі қасиет Жүректен шығады. Жүрек қандай болса, адам да соның ыңғайымен қалыптасады. Сенім ұяламаған Жүрекке перде тұтылып, кір шалады.Жүрек, яғни көкірек көзі заттың ішкі мәніне бойлай алады, тылсымды түсініп, ғайыпты сезінеді, шабыт алып қанаттанады. Әлеммен тілдесетін Жүрек шекара дегенді білмейді.

Жүрек- нұр беруші, дене мүшелеріне қорек беруші.Ол анамыздай риясыз махаббатқа бөлейді.Жүректен шыққан сөздер адамдарды шабыттандырады, қуантады,жұбатады. Біздің жүрегімізден шыққан нұрымыз бауырларымызға, достарымызға, жан-жағымызға төгетін болсақ,оларда нұрлана түседі.Жасаған бір кішкентай жақсылығымыз, тамып тұрған қан секілді, жанымызға рахат сыйлайды,рухтандырады.

5.Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы:

Шеге туралы нақыл сөз

Бір кездерде ашушаң және ұстамсыз жас жігіт болыпты. Күндердін күнінде оның әкесі оған бір қалташа шеге беріп, ол әр баса алмаған ашуынан кейін ағаш бағанаға бір шегеден қағып тұруын бұйырады.

Бірінші күні бағанаға жиырма шақты шеге қағылды. Бірте-бірте ол ашуын ұстауға үйрене бастады, әр күн сайын бағанаға қағылған шегелер саны азая бастады. Сөйтіп жас жігіт өз ашуын басқару, шеге қаққаннан әлдеқайда жеңілдеу екенін түсінді.

Енді ол өз ашуын толығымен басқара алатын күнге де жетті. Ол жетістігі туралы әкесіне айтты. Сонда әкесі баласына қарап, енді жігіт әр жолы ашуын басқара алған кезде, ағаш бағанадан бір шегеден суырып алуына болатынын айтты.

Бір күні жас жігіт әкесіне бағанадағы барлық шегелерді суырып тастағаны туралы айтып келді. Сонда әкесі баласын қолынан жетектеп бағананың қасына алып келіп:

- Сенің бұған шамаң келді, бірақ қарашы, бағанада қанша тесік қалды? Бұл енді ешқашан бұрынғыдай бола алмайды. Міне, адамға жаман немесе ауыр сөз айтқанда да, онда осындай тесіктер сияқты адам жанында жараның орындары қалады. Адамнан қанша кешірім сұрасаң да, жараның орындары бәрібір кетпейді.

  • Өсиет әңгімеден өздеріңе қандай ой түйдіңдер?

  • Неліктен адамдарды ренжітіп, жанын жаралауға болмайды?

  • Ешкімге қиянат жасамайтын адамның бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

  • Қандай құндылықтар арқылы сабырлыққа, ұстамдылыққа, ізгілікке жетуге болады?

6.Үй тапсырмасы:

«Жер-Ана» тақырыбына эссе жазып келу.

7. Топпен ән айту. Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

8.Сабақтың қорытынды сәті: .Баяу музыка қойылады. Өмірде адам баласының рухани әлемі таза болса аяғын тең басады. Ойдың, сөздің, істің бірлігі сырттай көрініс береді. Нағыз сыртқы өзгеріс ішкі өзгерістен соң пайда болады. Демек, сыртқы әлем рухани әлемнің нақты және материалдық бейнесі. Сондықтан ар-ұжданымыз таза болу үшін адам ішкі тазалығына мән беруі керек, яғни ойы, сезімі, тілегі, мұраты таза болғанда ғана, сыртқы әлеммен үйлесімділік табады. Ар-ұжданы таза, рухы биік адам – нағыз Адам. Айналасындағы тіршілік иелеріне, Отанына адал, риясыз қызмет етеді.Баяу музыка қойылады.

-Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңізде сақтап алыңыздар. Сабаққа жақсы қатысқандарыңыз үшін Рахмет!










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!