|
Сабақ
мақсаты:оқушыларға жақсылық жасауға
үйрете отырып, сүйіспеншілік құндылығының
мәнін ашу
Міндеттері:
1.Оқушыларға бәрін жақсы
көруге үйрету
2.Оқушыларды қоршаған ортаға
сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу
3.Оқушылардың бойында бірлік,
достық қасиеттерін дамыту
|
Сабақтың өтуін
талдау:
|
|
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңi.
5
«Т».
Тыныштық сәтi.Нұрға
бөлену
|
Ескерту
|
|
2.Үй тапсырмасын
тексеру.
№23 Жай ғана әжей
89-90-беттер.
Сұрақтар:
а)Азаматтың бойында қандай
жақсы қасиеттер кездесті?
ә) Сендердің қайырымды іс-
әрекеттер жасаған кездерің болды ма?Сол жағдайда сендер өздеріңді
қалай сезіндіңдер?
б)Бәрін жақсы көріп,риясыз
қызмет етуді қалай түсінесің?
|
|
|
3.Дәйексөз.
Адамзаттың бәрін сүй, бауырым
деп
Абай.
Адамның бойында қандай жақсы
қасиеттер болуы керек ?
|
Абай –қазақтың ұлы ақыны,
ойшыл данасы. Оның 2000ға тарта өлең жолдары мен 45 қара сөзі
бар.
|
|
4.Әңгiмелеу. Мұғалім
сыйы.
Аңыз әңгіме: «Ана
махаббаты»
Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ
қояды:
- Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы
көресіз?
Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:
- Мынау - шырақ, ол — мен!
Оның жалыны - менің сендерге деген сүйіспеншілігім. Осыдан кейін
анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.
— Бұл менің - тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді
бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым,
сүйіспеншілігім азайды ма?
— Жоқ!
- Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.
Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны
көбейіп, одан сайын көп жылу берді…
Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде
аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке
бөлеңдер!
1.Анасы өзінің сүйіспеншілігін
балаларына қалай білдірді?
2.Риясыз сүйіспеншілік кімнің
бойынан көрінеді?
3.Бәрін жақсы көру керек
пе?
|
|
|
5.Шығармашылық
жұмыс.
Оқушылар жағдаяттарды шешеді
және сахналайды..
1.Сен сабаққа асығыс келе
жатырсың?Кенеттен алдыңнан екі сумкесі бар әжей шыга келді. Ажей
сумкелерін әрең деп, ауырсынып көтеріп келе жатқанын байқап қалдың.
Сенің әрекетің қандай?
|
|
|
6.Топпен ән
айту.
«Құндылықтар
әлемінде»
Сөзі:Мұғалімдер
шығармашылығы
Әні: «Ертегілер әні»
сазымен
1. Ақиқаттың
әнін,
Айтамын күнде
мен.
Бөбек әлемінің сырларын
түсініп,
Нұрына шомылдым
күннің.
Тыныштық жан -
көркем,
Керемет ол
неткен,
Ар- ұждан
сөйлейді,
Жүректі
тербейді
Бақытқа бізді
жетелеп.
Қайырмасы:
Құндылықтар – мәңгі
әнім,
Құндылықтар – өмір
мәні
Ізгіліктің ғажап
күйіне
Ертесіңдер
сендер.
2 Дұрыс
әрекеттер
Сүйіспеншілік
береді,
Тыныштық
орнайды,
Қиянат
болмайды,
Адамзатқа
әлемдегі.
Керемет ол
неткен,
Ар- ұждан
сөйлейді,
Жүректі
тербейді
Бақытқа бізді
жетелеп
|
|
|
7.Үй
тапсырмасы.
№24
«Қайырымдылық»92-94-беттер.
|
|
|
8.Қорытынды. Соңғы тыныштық
сәті.
Балалар, жағымды көңіл-күйге
енуге денемізді ыңғайлайық. Көздеріңізді жұмыңыздар.Бүгінгі
сабағымыздағы өткен жақсы қасиеттерді есімізге түсірейік.
Сүйіспеншілік - тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр. Ендеше,
сол сүйіспеншілікті біз де жүрегімізге ұялатып, басқалармен бөлісе
білейік. Бүгінгі сабақтан алған жақсы ой-пікірлерімізді жүрегімізге
апарып, түйіндейік. Осы тыныштық сезімді күні бойы
сақтаңыздар.
Көзіңізді ашуға
болады.
Сүйіспеншілік,сүйіспеншілік
бар әлемде,
Жақсылық, жақсылық жасаймыз
барине.
|
|