400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жұрнақ және жалғау"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұстаздарға арналған дайын ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дені саудың-жаны сау

Тақырып: Жұрнақ және жалғау

72-76 жаттығулар

Мектеп: «Үшарал қаласындағы педагог М.Мыңбайұлы атындағы ОМ мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ

Күні:05.02.2019жыл

Мұғалімнің есімі: Жүнісбек А.М.

СЫНЫП: 2 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың оқу мақсаты:

2.4.2.1 – мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату


Бағалаукритерийі

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардыңбасымбөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбіроқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер,слайд,бейнероликтер, топқа бөлуге арналған әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дене шынықтыру

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелердіжазыңыз)

Бағалау түрлері

Басталуы 5 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Үй тапсырмасын сұрау. «Орамал сыйлау» ойыны

  • Түбір дегеніміз не?

  • Жұрнақ дегеніміз не?

  • Жалғау деп нені айтамыз?

Оқушыларға жағымды көңіл – күй сыйлау.


Жауап берген оқушыны бағдаршам түстерімен марапатталады

Ортасы 20 минут

Білу және түсіну

Тыңдалым және айтылым

Сабақтың тақырыбы түсіндіріледі. Мақсаты айтылады.

Сөздің бастапқы бөлінбейтін бөлігін түбір дейміз. Түбірден кейін қосымша жалғанады.

Жазылым\Дәптермен жұмыс\жеке жұмыс

72 – жаттығу

Дескриптор:

  • Өлеңді қатесіз көшіріп жазады.

  • Қарамен жазылған сөздерді табады

  • Қосымшаны ажыратады



Қолдану. «Кластер» әдісі. Постер жасату.

(Т) 1 – топ. Мақал құрастырып жазу. «Өнерлі» сөзін талдау.

Өрде, өнерлі, озар, жігіт

Жігіт, өнерсіз, соғар,жер

2 – топ. Түбір мен қосымшаны біріктіру

Бала-пан, ас-хана, өнер-паз, бүркіт-ші, дәрі-гер, палуан-ның, тауық-тың, ауыл-ға.

3 – топ. «Сәйкестендіру» әдісі.

Дескриптор:

  • Мақалды айта алады

  • Сөздің құрамын талдай алады

  • Түбір мен қосымшаны біріктіреді

  • Сәйкестендіре алады




Ұжымдық жұмыс.

Жұмбақ оқимын. Жауабын ауызша сөз құрамына талдау.

Қате жазып жаңылсаң,
Тазалайды ол барын сап.
      Жауабы: өшіргіш.

өшір – түбір

гіш – жұрнақ

Жұппен жұмыс. «Венн диаграммасы» әдісі

Жұрнақ пен жалғау

Дескриптор:

  • Жұрнақтың ерекшелігін жаза алады

  • Жалғаудың ерекшелігін жаза алады

  • Жұрнақ пен жалғаудың ұқсастығын ажырата алады

Оқулық, жұмыс дәптері, слайд












«Бағдаршам» арқылы бағалау






Оқушылар тапсырманы постерге жазып оқып береді. Бірінші болып аяқтаған топты кәмпитпен марапаттаймын. «Отшашу» тәсілі арқылы бағалау





«Мадақтау» арқылы бағалау





Алғашқы жұпты қарындашпен марапаттаймын.

Сергіту сәті

2 минут

«Баскетбол» ойыны

Жұрнақ және жалғау деген сақинаға доптар салады. Доптарда жұрнақ пен жалғау жалғанған сөздер жазылған.

Дене қызуын арттырады, ойлау қабілетін, шапшаңдықты арттырады

Аяқталуы 20 минут

Өздік жұмыс. ҚБ тапсырмасы

ҚБ тапсырмасы. . Сөздерді оқы. Түбір сөздерге тиісті қосымшаларды сәйкестендір.

Shape1
Shape2
Shape3
Shape4
Shape5
Shape6
Shape7 Shape8




Берілген сөздерді сөз құрамына талдап, кестеге жаз.

Татулық, адалдық, мектепке, саяхаттан, әңгімешіл, спортшы, денсаулық

Қосымшалы сөз

Түбір

Қосымша











Дескриптор Білім алушы

  • түбір сөздерді тиісті қосымшалармен сәйкестендіреді;

  • берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып жазады.

«Мадақтау» тәсілі арқылы

бағалау

Кері байланыс


«Ұшақ» әдісі Саймон Браунхилл бойынша

Сабақтың түсінген не болмаса түсінбеген жерлерін параққа жазып, ұшақ жасайды.

Тақырып бойынша оз ойын, нені түсінген немесе нені түсінбегенін жазып, ұшақ жасайды. Осылайша, мен өткен сабақтан қандай білім алғанын білетін боламын.

Үйге тапсырма: «32бет, 76 жаттығу»

Саралау – Сіз қосымшакөмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалайжоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
1179
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі