Материалдар / Ашық сабақ "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
1277
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Мақсаты:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылардың математикаға деген қызығушылығы артады

  • математикалық ойлау қабілеті дамиды

  • алған білімдерін тереңдетіп, есептеу дағдыларын жетілдіреді.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, теңге
1. Ұйымдастыру.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір топты анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады.

Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр бойында – дей келе, топтарымызды ортаға шақырайық.
Алдымен «Табиғаттың төрт құбылысы» тренингін өткізуге ортаға шеңбер болып тұрыңыздар. Су – қолын алдына созады.

Ауа – жоғары көтереді.

От – екі қолын айналдырады .

Жер – қолын жерге түсіреді.

Жаңылысқан оқушы ойыннан шеттетіледі. Ендеше сіздерге сәттілік! Тренингіміздің ережесі түсінікті болса бастаймыз.

Топқа бөліну. Берілген есептерді шешіп, жауабын табу. Жауабы жазылған орындыққа отыру арқылы 3 топқа бөлінеміз.

І топ «Алғырлар» ІІ топ «Білімділер» ІІІ топ «Тапқырлар»

Топқа бөлініп болсақ, сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1. Ой жүгірту.
2. Кім тапқыр?

3. Шешімін тап!
4. Ғажайып сурет.
5. Ребус шешу.

6. Біліміңді шыңда.



Сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет. Жауаптарың ұлттық теңгемізбен бағаланады. Қазақстан Республикасының егемендігінің 25 жылдығы мерекесіне орай елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жаңа 10000 (он мың) теңгемізде орын алды. Бұл жетістігімізді бірге бөлісу үшін «5» деген баға 100000 (он мың), «4» деген баға 5000 (бес мың), «3» деген баға 2000 (екі мың) теңгемен бағаланады. Әр топқа қосымша тапсырма беріліп отырады. Бұл тапсырмалардың жауаптары бөлек бағаланады.

Ал келіңдер, келіңдер!
Дұрыс жауап беріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Саудаласып көріңдер.
Сырлары көп білімнің
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне .

Математикалық сайыс – бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.
І кезең «Ой жүгірту»
Мұнда оқушылар пән бойынша сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап береді.
1топ «Алғырлар»

1. Бір айда неше апта бар? (4 апта)
2. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)
3. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
4. Қосуға кері амалды ата. (азайту)
5. Бір жылда неше күн бар? (365 – 366)
6. Төрт бұрышта төрт мысық отыр, әрқайсысының алдында үш мысықтан отыр.
Бөлмеде неше мысық отыр? (4)
7. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
8. Ұлыстың ұлы күні. (22 – наурыз)
9. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (см, дм, м, км)
10.

1) Қай топ шапшаң және дұрыс есептейді
8-4-3=1
8:4*3=6
(8-4)*3=12
8*4+3=35

2 - топ. «Білімділер»

1. 720 – ны 9 есе кеміт. (80)
2. Бөлудің компоненттерін ата. (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)
3. Кез келген сан мен 0 – дің көбейтіндісінің мәні неге тең? (0 - ге)
4. Кез келген санды нөлге бөлгенде неше шығады? (0)
5. Бөлу мен көбейту қандай амалдар? (өзара кері амалдар)
6. Екі шахматшы 2 сағат шахмат ойнады.
Бір шахматшы неше сағат ойнады? (2 сағат)
7.50 теңгелік балмұздақтан 300 теңгеге неше балмұздақ алуға болады?

8.1 жылда неше ай бар?

9.2 тауық күнде 2 жұмыртқа туады. 4 тауық 4 күнде неше жұмыртқа туады?

10. 36 өрікті 9 балаға тең бөліп бердік. Әр бала неше өрік жейді? (4)

2) Қай топ шапшаң және дұрыс есептейді

(8+4):3=4
8-4+3=7
8+4+3=15
(8+4)*3=36

3-топ. «Тапқырлар»

1. 3 аю қыста 3 ай ұйықтайды. Әр аю неше ай ұйықтайды?

2. «Сенбі» сөзі аптасына неше рет айтылады?

3. Маймыл 1 күнде 2 кг жеміс жейді. 20 кг жемісті неше күнде жейді?

4. Ең кіші үш таңбалы сан

5. ең кіші екі таңбалы сан

6. Қандай сандар 2-ге қалдықсыз бөлінеді?

7. Әр бас киімге 2 теріден жұмсап 9 бас киім тікті. Неше тері жұмсалады?

8. 2 тәулік 3 сағатта неше сағат бар?

9. Сағат екі болғанда сағаттық және минуттық тілдер қандай бұрыш жасайды?

10. 7-нің 5-ке көбейтіндісі нешеге тең?

3) Қай топ шапшаң және дұрыс есептейді.

8:4+3=5
8+4-3=9
8*4-3=29
8*4*3=96


2 кезең «Кім тапқыр?»

  1. Сызба бойынша берілген есептерді шығару.

  2. Көбейту кестесін айту.


3-кезең «Шешімін тап!»

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым соған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
Мұнда оқушыларға кесте беріледі, сол кестені орындайды. Қай топ тез әрі қатесіз орындаса, сол топ жеңімпаз болады.



4- кезең:
«Ғажайып сурет»
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Бұл кезеңді ғажайыпқа берелік.
Арамызда тапқыр достар көп екен,
Соларды енді жарыстырып көрелік! – деп, мұнда оқушылар есеп шығару арқылы суретті құрастырады.
1-топ.

1) Түйе, бота маң басқан
Төр аяғын тең басқан
Бие бар құлын емізген
Қос ешкі туған егізден
Үш қозы мен екі қой
Бәрі қанша ойлап қой. (15)


2-топ.

2) Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бір ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (15)

3-топ.

11 түйе 5 жылқы

2 сиыр 5 ешкі

2 қоян 3 түлкі алдым.

Бары қанша?


5-топ «Біліміңді шыңда»
Әр топтың топ мүшелері біріге отырып берілген қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын беру қажет.

1-топ. «Алғырлар»

1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан

1) Самат әкесі 40 жасқа толғанда өмірге келген. Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші. Қазір әкесі неше жаста? Саматтың жасы нешеде?


2-топ. «Білімділер»

1.Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?

2. Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты?

3. Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды?

4. Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал – жабдық сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады?

5. Сәуле 2 кг алмаға 100 тг төледі. 7 кг алма алу үшін неше тг төлеу керек?


2) Азамат алдынан санағанда үшінші партада, ал соңынан санағанда соңғысының алдында отыр. Сонда бұл қатарда неше парта болғаны?


3-топ. «Тапқырлар»

1. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
2. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
3. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
Алдыңызда әлі талай асу бар,

4. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар? (жүз-100)
5. Шөпте қояндар тығылып отыр,тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?


3) Анам қырыққабат тұздады. Әрбір екі қырыққабатқа 4 қасықтан тұз салды. Егер анам 20 қасық тұз салса неше қырыққабат тұздады?


Асулардан қиналмай – ақ асыңдар.
Тек сәттілік тілеймін бәріңізге,
Болашаққа батыл қадам басыңдар! – дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тамашалағандарыңызға рахмет!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!