9
«Ә» сынып . Қазақ әдебиеті.
Күні:
20.02.19 ж.
«Тексерілді» А»Алибек
Сабақтың
тақырыбы: Діни ағартушылық
бағыт. Ағартушы демократтық бағыт
өкілдері
Сабақтың
мақсаты:
1.Білімділік:
оқушыларға ХХ
ғасыр басындағы әдебиеттегі
ағым-бағыттардың мәнін түсіндіру. Бағыт,
ағым туралы жалпы түсініктер. Бағыттардың
өріс алуына негіз болған қоғамдық-саяси
көзқарастар. Әртүрлі саяси топтардың
пайда болуы, осыған орай қазақ зиялыларының
жіктелуі. Оның әдеби бағыттар мен
ағымдардың қалыптасуына тигізген әсері.
2.Тәрбиелік:
оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке,
қайырымдылыққа баулу, елжандылыққа
тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:
оқушылардың әдеби дүниетанымдарын
кеңейту, ауызша және жазбаша тіл
мәдениетін дамыту.
Сабақтың
типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.
Сабақтың
түрі: дәстүрлі
Сабақтың
әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап,
талдау, мәнерлеп оқу..
Сабақтың
көрнекілігі: оқулық
Пәнаралық
байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың
сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың
зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй
тапсырмасын тексеру: ІІ ғасыр басндағы
әдебиет
ІІІ.Жаңа
тақырыпты түсіндіру.
Тақырып:
XX ғ.б. қазақ әдебиетіндегі негізгі
бағыттар.
XX
ғ.б. негізгі әдеби бағыттар: 1.
Діни-ағартушылық бағыт. 2. Ағартушы-демократтық
бағыт. 3. Азатшыл-демократтық бағыт. Бұл
бағыттардың нақты айырмашылықтары,
ортақ ізденістері. Әр бағыттың негізгі
өкілдері, олардың шығармашылық ізденістері
мен көзқарастарының басты ерекшеліктері.
Бұл ағымдардан тыс сөз өнерінің саз
өнерімен тығыз байланысты болғандығының
тамаша көрінісін танытатын ақындар
болғаны. Бұлардың ішінде Ә.Найманбаев,
Мүса Байжанов, Балуан-Шолақ, Ақансері
т.б. шығармашьшығына ерекше назар аудару.
Олардың шығармашылығындағы әдеби-көркемдік
реңктер. Бұл топтағы әнші-ақындар
шығармашылығының мән-мағынасы.
Діни-ағартушы бағытындағы ақындар. Бұл
бағытта әрқилы ақындар еңбек еткендігі.
Творчествосының мазмұны, түрі әрқилы,
идеялық көзқарастары саналуан болғанымен,
бұл ақындарға ортақ бірнеше басты
белгілердің барлығы. Ағартушы-демократтық
бағыттың құрамында қаралатын ақын-
жазушылардың XX ғ.б. қазақ әдебиетіне
ұланғайыр үлес қосуы. Шын мәніндегі
кәсіби (профессионалдық) жазба әдебиет
деңгейіне көтеріліп, өмір, қоғам, дәуір
сырын кең көлемде сипаттап, терең ашуға
ұмтылуы. Ұлт-азатшыл бағыттағы
ақын-жазушылардың шығармашылығының
басты тірегі ұлттық мүлде болуы. Негізінде
отаршылдыққа қарсы күрес идеясын
европалық саяси күрес тәсілімен
ұштастырған бұлардың өз шығармашылығында
осы ой-идеяның уағыздауы. Ағартушылық,
өнер-білім барлығы ең алдымен ұлт
азаттығы үшін қызмет етуі керек деген
байламды негізге алуы. Ағым-бағыттардың
қазақ әдебиетінің өркендеуіне қосқан
үлесі және олардың кейбір кемшін тұстары.
Діни-ағартушылар, ағартушы-демократтық
ұлт- азатшыл бағыт өкілдерінің ұстанмдар
олардың шығармашылығынан қай жанрда
болмасын айқын көрініс табатындығы.
Бұл бағыттардың көш басшылары М.-Ж.
Көпеев, Ш. Құдайбердиев, М. Сералин, С.
Торайғыров, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтар
болғаны. Олардың кейінгі жас толқынға
үлгі болар өзіндік мектеп қалыптастырғаны.
Жаңа дәуірдегі әдебиеттің көрнекті
өкілдері С. Сейфуллин, Б. Майлин, І.
Жансүгіровтердің қазақ әдебиетіне жаңа
ізденістер, жаңа ілеп әкелгендігі.
ІV.Жаңа
сабақты бекіту.
1.
Оқулықпен жұмыс
2.
Кесте құру,
V.Үй
тапсырмасын беру:
Презентация
жасап, қорғауға дайындалу
VІ.Оқушылардың
жауаптарын бағалау.
VІІ.Сабақтың
аяқталуы.