400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ашық сабақ: "Жуан және жіңішке жұп дауыстылар . Отан.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жіңішке және жұп дауыстылар туралы ұғым беру, мысалдар келтіру арқылы сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жуан және жіңішке жұп дауыстылар Отан

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі:Жіңішке және жұп дауыстылар туралы ұғым беру, мысалдар келтіру арқылы сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын молайту, сауатты, көркем жазуға,
өз ойын тиянақты жеткізе білуге  дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Үлкенді құрметтеуге, қадірлей білуге,  ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілі:  Жұптық, сыныптық жұмыс, түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кестелер, интерактивті тақта, слайд,үлестірмелер.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Кермеде тұр қырық

кір қыстырғыш,

Қырық кір қыстырғышқа

Қырық қыз келіп,

кір қыстырды.

***

Бөспе көже ішті.

Бөспе кеспе көже ішті.

Бөспе кеште кеспе көже ішті,

Кеспе көжені өзі ішті.

***

Айдын көлде саңқылдап,

Аққу жүзді таранып.

Ауық – ауық жақындап,

Анадайдан қарадық

***

Ата мен әже, ана да,

Алма мен алмұрт тереді,

Ауырға Арман бала да,

Арбамен тасып береді.

Мағынаны тану

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Дауыстылардың жуан және жіңішке болып дыбысталуы олардың арнайы жуан сыңарларымен жіңішке сыңарларын анықтауға мүмкіндік береді. Дәлірек айтқанда жуан дауысты:а,о,ы,ұ дыбыстарының өздеріне ұқсас жіңішке ә,ө,і,ү дыбыстары сияқты сыңарлары болады.Бұл жағдайда оқулықтағы 54- жаттығуға назар аударайық
Ереже:а-ә,о-ө,ұ-ү,і-ы жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Олар өзара ұқсас дыбысталады.

55-тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқы

56-тапсырма

Тақтада орындау

Сергіту сәті

Кеше бірнеше есек арба кесек тас,

Бүгін бірнеше есек арба, кесек тас.

Есептесек –

Неше есек арба кесек тас?

Тойласуға Таңат келді,

Марат, Манат, Манап келді,

Жанақ, Қанат, Жанат келді,

Барақ, Нарат, Бабақ келді,

Сағат келмей, Самат келді,

Бірақ Самат қайтып кетті,

Жай-жапсарын айтып кетті.

Жанақ та енді Саматқа ерді,

Одан кейін Талап келді.

Одан кейін Орақ келді,

Бәрі қанша қонақ келді?

Ой толғаныс

Уылжыған албырт,

Дәмi ғажап…  (Алмұрт)


Шабақ аңдып жағада,

Шарқ ұрады…  (Шағала)


Сылдыр қағып,

Таудан құлап.

Жатыр ағып,

Мөлдiр…  (Бұлақ)


Аппақ доп тауып,

Шақырды ақ…  (Тауық)


Қалғиған қос құлақты,

Теңбiл түрi көрiктi,

Мекен жерi бұлақты,

Бiлемiсiң…  (Елiктi)

Үйге тапсырма

57-тапсырма

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



















Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жуан және жіңішке жұп дауыстылар Туған өлкем

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі:Жіңішке және жұп дауыстылар туралы ұғым беру, мысалдар келтіру арқылы сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын молайту, сауатты, көркем жазуға,
өз ойын тиянақты жеткізе білуге  дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Үлкенді құрметтеуге, қадірлей білуге,  ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілі:  Жұптық, сыныптық жұмыс, түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кестелер, интерактивті тақта, слайд,үлестірмелер.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Құндызды өзім күндіз көрдім,

Сол құндызды көрген түні түнде із көрдім,

Құндызды күндіз жүз көрдім.

***

Сабақта Санаттың

ұйқысы келді,

Санатқа қанаттың күлкісі келді.

Алқан астық. Аптап-ақ!

Жұмыс қауырт қат-қабат!

Астық жинап қаптап ап,

Таппидық бір сәт тағат!

***

Құламен

Қияға мияға бардық,

Қияға мияға барып,

Мия ала алмай,

Ұяла-ұяла

Құлаға қамшы салдық

Мағынаны тану

«Кім зейінді?» ойыны
Жұп дауыстыларды ата.
Жұптарын тап.  Ай- , сөз-, оң-,ауа-, тыл-, сыз-,сан-, дау-, ар-,ал-, сат.

58-тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу

59-тапсырма

Жұмбақты көшіріп жазыңдар.

Сергіту сәті

Өнерлі балалар

Қанат, Марат екеуі

Қамшы өре алады.

Санат, Талап екеуі

Тамаша ән салады.

Самат, Сағат екеуі

Сөгілтіп күй шертеді.

Бабақ, Барақ екеуі

Біледі көп ертегі.

Абақ, Манат екеуі

Тай үйретіп жүреді.

Қанат, Манат екеуі

Киім-кешек тігеді.

Балаларды өнерлі

Есептеп сен көр енді?

Ой толғаныс

Кезiп жүрген шаңдақты,

Көрдiм жаңа…    (Қаңбақты)


Жүндi жайып өрнектеп,

Шиге орап тептiк төпелеп.

Сосын аштық көрмек боп,

Дап-дайын тамаша…   (Текемет)


Өңешi кең таңдайын,

Дөнге тосты…  (Комбайн)


Төменге қарамай,

Көкке өрлер…  (Қарағай)


Алмастан тыным,

Шабады…  (Құлын)


Жағасында бұлақ

Жайылып жүр…  (Лақ)

Үйге тапсырма

60-тапсырма

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

























Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жуан және жіңішке жұп дауыстылар құмырсқа мен көгершін

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі:Жіңішке және жұп дауыстылар туралы ұғым беру, мысалдар келтіру арқылы сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын молайту, сауатты, көркем жазуға,
өз ойын тиянақты жеткізе білуге  дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Үлкенді құрметтеуге, қадірлей білуге,  ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілі:  Жұптық, сыныптық жұмыс, түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кестелер, интерактивті тақта, слайд,үлестірмелер.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Біреуі көрікті кісі,

Біреуі бөрікті кісі.

Көрікті кісі – зорықты,

Бөрікті кісі – қорықты.

***

Гүл өсірген дұрыс па?

Ұл өсірген дұрыс па?

Тіл өсірген дұрыс па?

Құры есірген дұрыс па?

***

Ол бір ән айтты,

Мен бір ән айтым.

Мен бір ән айттым –

Домбырамен айттым,

Ол бір ән айтты –

Болбыр бір ән айтты.

Мағынаны тану

Тесті сынақ байқауы арқылы (Тиістісін қой: ұ - ү, ы - і, а - ә)
Жуан Жіңішке
с... р с... р
с... н с... н
қ... р қ... р61-жаттығу

Әңгімені мәнерлеп,түсініп оқы.

62-жаттығу

Өлеңді көшіріп жаз.

Сергіту сәті

Неше алма?

Бес бұтақты ағашта –

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер Омашқа,

Сонда қалмақ неше алма?

Ой толғаныс

Көз алмай күнге алыс,

Қарайды…   (Күнбағыс)


Маңайын түгел көрiп,

Биiктен қарайды…   (Керiк)


Түнде үйге ерек нұр,

Шашып тұрды…   (Электр)


Құйрығы он қарыс,

Бұл айбатты…   (Жолбарыс)


Тауда жүрген тарғыл аң,

Ол қайратты…   (Қабылан)

Үйге тапсырма

63-тапсырма

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады









































Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жуан және жіңішке жұп дауыстылар Елің

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі:Жіңішке және жұп дауыстылар туралы ұғым беру, мысалдар келтіру арқылы сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын молайту, сауатты, көркем жазуға,
өз ойын тиянақты жеткізе білуге  дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Үлкенді құрметтеуге, қадірлей білуге,  ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілі:  Жұптық, сыныптық жұмыс, түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кестелер, интерактивті тақта, слайд,үлестірмелер.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Таудан тұман түсті,

Таудан жұман түсті.

Тұман түскен соң.

бор ақ түсті,

Арқасы қылаң түсті.

***

Барған жері Омбы болуы,

Омбы болғаны оңды болғаны.

Омбыға барғаны жөнуі болуы,

Омбыда жүріп әдемі тонды болды.

***

Кәкіш картадан

АҚШ-ты атүсті көрсеті.

Жәкіш АҚШ-ты көрсете алмай,

Сары шашты сақышты көрсетті.

Мағынаны тану

64-тапсырма

Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқы.

65-тапсырма

Суретке қара тапсырманы орында

Сергіту сәті

Қалай бөлесің?

Үш алма сал табаққа,

Біреуін бер Талапқа,

Біреуін бер Таңатқа,

Біреуін бер Қанатқа,

Бірі қалсын табақта.

Ұшқыр болса қиялың,

Орындайсың заматта.

Ой толғаныс

Өзiнше ноян,

Қорқақ кiм?..   (Қоян)


Үкiсi бар қарыс,

Бунағы көп…   (Қамыс)


Тұмсығымен шымшып,

Құрт тередi…  (Шымшық)


Бата алмас түлкi,

Үстi тiкен…  (Кiрпi)


Тастан тасқа секiрiп,

Жем тередi…  (Кекiлiк)

Үйге тапсырма

66-тапсырма

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады











































Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жуан және жіңішке жұп дауыстылар Жусанда туған жердің иісі бар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі:Жіңішке және жұп дауыстылар туралы ұғым беру, мысалдар келтіру арқылы сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын молайту, сауатты, көркем жазуға,
өз ойын тиянақты жеткізе білуге  дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Үлкенді құрметтеуге, қадірлей білуге,  ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілі:  Жұптық, сыныптық жұмыс, түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кестелер, интерактивті тақта, слайд,үлестірмелер.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Ұқыпты бала –

Кітапты түптеп тастады.

Ұқыпсыз бала

Кітапты бүктеп тастады,

Жұмысын басқаға жүктеп тастады.

***

Тарбағатайда тағалай алмай,

Айғайды салған атай.

***

Қырықтықта қырық қой қырықтын,

Қырық қой қырыққан соң.

Менен қырық қой үрікті

***

Мұртынан күлген жөн бе екен,

Сыртынан күлген жөн бе екен?

Сыртынан күлген езге тең!

Мұртынан күлген оңды екен!

Мағынаны тану

І Топпен жұмыс.
- Жаңа тақырыпты бөліктерге бөліп әр топқа таратамын.
І топ
Баяғы заманда қазақтың Бейбарыс деген ұлын соғысқан елдің адамдары ұстап алып, құлдыққа сатып жіберіпті. Бейбарыс бүкіл өмірін араб елінде өткізіпті. Қайдан келгенін есіне түсіре алмапты.
ІІ топ
Бейбарыс өзінің мықтылығының арқасында әскербасы дәрежесіне жетіп, кейін патша болып, Бейбарыс сұлтан атанады.
ІІІ топ
Бір күні Бейбарыс сұлтан серуендеп жүріп өсіп тұрған жусанға көзі түседі.
Жұлып алып иіскейді. Жусанның жұпар иісі туған жерін есіне түсіріп, оған деген сағыныш жүрегін толқытады. Қазақта: «Жусанда туған жердің иісі бар» деген осыдан қалған екен.

- Балалар біз топпен жұмыс жасадық. Топ ұжымды құрайтыны белгілі.
- Олай болса, ұжым болып бүгін біз батыр бабамыз туралы не білдік?
- Үйренгенімізді ортаға салайық.
- Балалардың ой-пікірлерін тыңдаймын.

Эвристикалық талдау.
Балалардың ой – пікірін тыңдаймын.

Сергіту сәті

Қаншадамыз?

Бірінші есеп:

Үлкеніміз Мүсілімнен

Бойы озып тұрғанменен,

Үш жас кіші Нұрлан менен.

Нұрланның дәл жарым жасын

Жасап отыр қарындасым.

Дәп екі жас кішімін мен.

Онға толып,

Туған күнін

Тойлап отыр Нұрлан інім.

Бойы озып тұрғанменен,

Үш жас кіші Нұрлан менен.

Нұрланның дәл жарым жасын

Жасап отыр қарындасым.

Тапқыш болсаң ал, сана, біз,

Әрқайсымыз қаншадамыз?

Ой толғаныс

Айнала қорған салдым,

Ішіне жеті бөлме үй салдым.
Жеті үйдің ішіне бір әйнек,
Бір шырақ қойдым.
(Дүниенің төрт бұрышы, жеті күн, ай мен күн)

Он екі үйрек, бір сұңқар,

Жағалап ұшып сымпылдап.
Отыз қызғыш төрт құзбен,
Айнала жүріп сұңқылдап.
(Он екі ай, 1 айдағы төрт жұма, отыз күн)
Жер үстінде бір бәйтерек,

Оның бар он екі бұтағы.
Әрқайсысында отыз жапырақ,
Отызының бір жағы қара, бір жағы ақ.
(Жыл он екі ай, 1 айдағы отыз күн, күн мен түн)

Үйге тапсырма

68-69 тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады












Дүниетану

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Оқушының күн тәртібі

Сабақтың жалпы мақсаты

окушының күн тәртібімен таныстыруды жалғастыру; күн тәртібін сақтаудың денсаулық үшін қандай пайдасы барын үғындыру; денелерін дұрыс ұстау, партада дұрыс отыруға дағдыландыру; оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс-тәсілдер

түсіндіру, әңгіме,

сұрақ-жауап,

Көрнекіліктер

"Оқушының күн тәртібі" плакаты, дене сымбаты дұрыс дамыған балалардың және өзін дұрыс ұстамайтын балалардың суреттері.


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Би «Қаражорға» .

Топқа бөлу

1 оқушы

2 оқушы

Мен уақытты дұрыс пайдалану үшін

 күн тәртібімнің кестесін жасадым.


Ол уақытты пайдалану үшін күн тәртібінің кестесін жасады.

3 оқушы

4 оқушы

Мен таңертеңгі асымды ішемін

Ол таңертеңгі ас ішеді.


Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты пысықтау мақсатында оқушының күн тәртібі деген тақырыпта оқушылар шығармаларын тексеру .

Қызығушылықты ояту

Дидактикалық ойын: «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны арқылы жүзеге асырылады. Ойын шарты: Мұғалім тақтаға бір оқушыны шақырады, сол оқушы көзін жұмып тұрып кез келген баланы нұсқайды, нұсқалған бала мәтіннен бір сөйлем не тәуелдік  септеудің ерекшелігін айтуы керек. Содан кейін ол келесі баланы нұсқауы керек.

1 оқушы

Мәтін мазмұны толық қайталанғанша ойын жалғасады.


Жаңа материалмен жұмыс.

1 .Жаңа сабаққа дайындық жұмысы.

Оқу жылының басынан өздеріне таныс күн тәртібі, оны күнделікті қалай сақтайтындықтары туралы оқушылармен әңгіме жүргізу.

  • Күн тәртібі деген не?

  • Кім күн тәртібі ережесін қатаң сақтайды?

— Ұйқыға жай жатқаннын қандай зияны бар?

  • Жатып немесе тамақ ішіп отырып неге кітап оқуға болмайды?

  • Теледидарды қай уақытта көру керек?

  • Сабаққа қай кезде дайындалу керк? Қалай отыру керек?

—Тамақты уақтысында ішпеген жағдайда не болуы мүмкін?

  1. Оқушыларды қатыстыра отырып күн тәртібін құрастыру.

  2. Оқулықпен жұмыс.

а) Суретке қарап, балалар өздері Қайраттың күн тәртібі туралы айтады.

ә) Өздерінің күн төртібін Қайраттың күн тәртібімен салыстырады.

Ой толғаныс

Оқушылар өзерінің күн тәртібін бір қалыпқа келтіруі тиіс .

Үйге тапсырма беру.

Өздерінің күн тәртібін құрау және оны мазмұндау, 68- бет, 6- тапсырма.


Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер


Дүниетану

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Оқушының жеке басының тазалығы

Сабақтың жалпы мақсаты

Жеке бастың тазалығын сақтау ережелерімен таныстыру; тазалық сақтаудың денсаулық үшін маңызын ұғындыру; өзін және айналасын таза ұстауға дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдер

түсіндіру, әңгіме,

сұрақ-жауап,

Көрнекіліктер

жекебас тазалығына қажетті заттардың суреттері.


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Би «Қаражорға»

Топқа бөлу

Оқушының жеке бас тазалығын сақтаудың негізін оқушылардан сұрау арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты пысықтау мақсатында өздерінің күн тәртібінің қағидаларын оқушылардан сұрап , бағалау .

Қызығушылықты ояту

Өлеңде қай мезгіл айтылған?
Ұшан – теңіз қалың қар,
Жерді басып жатады.
Мұздай демі бет қарып,
Аяз аузын ашады.

Жаңа материалмен жұмыс.

Сабақтың барысы:

І.Оқушылармен кіріспе әңгіме жүргізу.

Күнделікті тазалық сақтау үшін не істейтіндіктері туралы оқушылардың әңгімесін тыңдау.

Тазалық сақтамаудан болатын ауру түрлері туралы айтып кетуге де болады. Мектепте тазалықты қалай сақтау керектігіне тоқталу.

  • Неге қолды жуып тұру керек?

  • Тісті неге тазартамыз?

  • Апта сайын неге жуынамыз?

Егер сен үнемі моншада не ваннада жуынып тұрсаң, таза киім кисең, аяқкиіміңді таза ұстасаң, демек, сен жекебас тазалығын сақтайсың.

Жекебас тазалығы сенің дұрыс өсуіңе және дамуыңа, әртүрлі аурудан сақтауыңа көмектеседі.

Әрбір отбасы мүшелерінің өзінің жеке тұтынатын және бәрі ортақ қолданатын заттарды болады. Жекебас тазалығын үйде де, мектепте де сақтаудың керек.

  1. Оқулықпен жұмыс.

Мәтіннің алдында берілген суретпен және сұрақтармен жұмыс жүргізу.

Мәтінді оқып бергеннен кейін, тазалық сақтау ережелері талқыланады. Сурет бойынша жекебас тазалығына қажетті құралдармен танысады, олардың қай жерде тұру керектігі, өз орнының болуы туралы әңгіме жүргізіледі. Әр адамның тұтынатын тазалыққа керекті заттарының жеке болу керектігі, оны ортақ пайдаланудан қандай аурулардың туындауы мүмкін екендігі жөнінде айтылады. Көп адам баратын моншаларда тазылықты сақгау ережелерімен таныстыра кеткен жөн.

Ой толғаныс

  1. Суретке қара. Әр адам жеке тұтынуға керекті заттарды ата. Неге олай екенін түсіндір.

  2. Жекебас тазалығының қандай ережелерін білесің?

Дәптермен жұмыс.

Үйге тапсырма беру.

Жеке бас тазалығын ұстанудың қағидаларын дәптерге жазу .

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер





















































Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Матамен аппликациялық жұмыс орындау .

Сабақтың жалпы мақсаты

білімділігі: Оқушыларды аппликация ұғымымен таныстыру. Аппликацияны бейнелеуге қажетті құралдармен жұмыс жасаудың әдіс - тәсілдерімен таныстырып, бейнелеу іс - әрекеттерін меңгеруге баулу.
тәрбиелігі: Оқушының бейнелі ойлау, қол икемділі қабілеттерін қалыптастырып, жетілдіру. Түс жарасымдылығын, композициялық шешімін табуға баулу.
дамытушылығы: Оқушыларға форма, көлем, түс жайлы түсініктер бере отырып, олардың бейнелеу, безендіру, құрастыру қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ – жауап .

Көрнекіліктер

Түрлі қағаздан, матадан, табиғи материалдан жасалған аппликациялық суреттер , Түрлі түсті қағаздар, мата түрлері, қайшы, желім, сурет альбомы, қарындаш т. б.


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Би «Қаражорға»

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты пысықтау мақсатында білезік өріп әкелген оқушыларды ағалау .

Қызығушылықты ояту

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

Жаңа материалмен жұмыс.

1. «Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.
Сурет түрінде орындалған аппликация түрі біздің заманымызға дейінгі ертеректе Греция өнерінде пайда болған.
Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі 16 ғасырда Италия мен Испанияда, 17 ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18 - 19 ғ. Россияда жақсы дамыды. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация Қазақстанда да жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою - өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.
Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздарды, открыткаларды безендіруде қолданылады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою - өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.
Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі мазмұнда тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше. Өйткені еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған аппликация оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.
2. Жасалу жолдары:
a) Орындалатын суретті түрлі түсті қағаз бетіне қарындашпен салып, қайшымен ойып алу;
ә) Ойылған қиынды кескіндерді қағаз бетіне желімдемес бұрын,
үйлестіріп қойып, орындарын қарындашпен белгілеп алу;
б) Әрбір қиындыны нөмірлеп, рет бойынша белгіленген орынға желімдеу.
3. Өзіндік жұмыс.
Тақтаға салынған сурет бойынша, аппликация орындау.

Ой толғаныс

Ой шақыру :

а) «Аппликация» қай елдің сөзі?
ә) Қазақша қандай ұғымды білдіреді? Қалай орындалады?
б) Түрлерін ата
в) Қазақ халқы аппликацияны қайда қолданған?
г) Алғаш қай елде пайда болды?
д) Сәндік аппликация түрлері қайда қолданылады?
(открытка, қабырға газеті, альбом т. б.)

Үйге тапсырма беру.

Аппликацяны аяқтап келу .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .







































Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Матамен аппликациялық жұмыс орындау . «Алатау» композициясы

Сабақтың жалпы мақсаты

білімділігі: Оқушыларды аппликация ұғымымен таныстыру. Аппликацияны бейнелеуге қажетті құралдармен жұмыс жасаудың әдіс - тәсілдерімен таныстырып, бейнелеу іс - әрекеттерін меңгеруге баулу.
тәрбиелігі: Оқушының бейнелі ойлау, қол икемділі қабілеттерін қалыптастырып, жетілдіру. Түс жарасымдылығын, композициялық шешімін табуға баулу.
дамытушылығы: Оқушыларға форма, көлем, түс жайлы түсініктер бере отырып, олардың бейнелеу, безендіру, құрастыру қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ – жауап .

Көрнекіліктер

Түрлі қағаздан, матадан, табиғи материалдан жасалған аппликациялық суреттер , Түрлі түсті қағаздар, мата түрлері, қайшы, желім, сурет альбомы, қарындаш , әртүрлі қылқалам, түрлі түсті қарындаш,желім, қайшы, еегеу, біз, сызғыш, фломасте


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Би «Қаражорға»

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты пысықтау мақсатында білезік өріп әкелген оқушыларды ағалау .

Қызығушылықты ояту

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

Жаңа материалмен жұмыс.

Алатаудың әдемі көрінісін әр түсті матаалдықтарымен бейнелеп көрейік .1. «Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.
Сурет түрінде орындалған аппликация түрі біздің заманымызға дейінгі ертеректе Греция өнерінде пайда болған.
Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі 16 ғасырда Италия мен Испанияда, 17 ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18 - 19 ғ. Россияда жақсы дамыды. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация Қазақстанда да жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою - өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.
Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздарды, открыткаларды безендіруде қолданылады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою - өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.
Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі мазмұнда тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше. Өйткені еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған аппликация оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.
2. Жасалу жолдары:
a) Орындалатын суретті түрлі түсті қағаз бетіне қарындашпен салып, қайшымен ойып алу;
ә) Ойылған қиынды кескіндерді қағаз бетіне желімдемес бұрын,
үйлестіріп қойып, орындарын қарындашпен белгілеп алу;
б) Әрбір қиындыны нөмірлеп, рет бойынша белгіленген орынға желімдеу.
3. Өзіндік жұмыс.
Тақтаға салынған сурет бойынша, аппликация орындау.

Ой толғаныс

Ой шақыру :

а) «Аппликация» қай елдің сөзі?
ә) Қазақша қандай ұғымды білдіреді? Қалай орындалады?
б) Түрлерін ата
в) Қазақ халқы аппликацияны қайда қолданған?
г) Алғаш қай елде пайда болды?
д) Сәндік аппликация түрлері қайда қолданылады?
(открытка, қабырға газеті, альбом т. б.)

Үйге тапсырма беру.

Мата қалдықтарынан өзің алаған көріністі бейнеле . Коллажға ат қ ой.

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
3209
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі