400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жыл атаның төрт қызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Өзге ұлт балаларының қазақ тілінде қойылған сұрақтарды түсініп, дұрыс жауап беру, жеке сөздерден сөз тіркестерін, шағын сөйлемдер құрай отырып, төрт жыл мезгілін тірек сызбалардың көмегі арқылы, берілген тапсырмалар арқылы сипаттау, бекіту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Бір – бірін тыңдауға, табиғатты сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлау


Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Қазақ тілі»

Мақсаты: Өзге ұлт балаларының қазақ тілінде қойылған сұрақтарды түсініп, дұрыс жауап беру, жеке сөздерден сөз тіркестерін, шағын сөйлемдер құрай отырып, төрт жыл мезгілін тірек сызбалардың көмегі арқылы, берілген тапсырмалар арқылы сипаттау, бекіту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Бір – бірін тыңдауға, табиғатты сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, сұрақ-жауап, ойын,тірек сызбалармен жұмыс.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта.

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері: Армысың, достым

Кел маған қосыл

Жер шарындай айналып,

Шеңберге біз тұрайық,

Күннің нұрын алайық.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, көңіл-күйлерін қалай?

Балалар: Жақсы, тамаша, керемет, жаман емес!

Мұғалім: Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге қонақтар да келіп қалыпты, қонақжайлығымызды көрсетіп, олармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар.

Мұғалім: Тағы қалай амандаса аламыз?

Балалар: Армысыздар! Қош келдіңіздер! Қайырлы таң! Қайырлы күн! Біз сіздерді көруге қуаныштымыз!

Мұғалім: Достарым, қонақтарымыз біздің не білетіндерімізді, меңгергенімізді, үйренгенімізді білгілері келеді. Көрсетеміз бе?

Балалар: Иә, көрсетеміз.

Мұғалім: Тамаша, ол үшін біз орындарымызға барып, жайғасып отырайық. Балалар, сендер сиқырды, ертегіні ұнатасыңдар ма?

Балалар:Иә, ұнатамыз.

Мұғалім: Онда тыңдандар. Ерте, ерте, ертеде, Жыл ата болыпты. Оның төрт немере қыздары болады. Қалай ойлайсыңдар, кімдер?

Балалар: Қыс, көктем, жаз және күз.




Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, қандай тапқырсыңдар. Но однажны дочери поспорили между собой, кто из них лучше?! Бедный Жыл ата никак не помирит их, ведь каждая из них по – своему хороша, а дочери не слышат его. Расстроился ата, задумался, как же ему помирить их? Балалар, мүмкін біз Жыл атаға көмектесеміз?

Балалар: Иә, көмектесеміз.

Мұғалім: Әр жыл мезгілінің адамдар секілді өз мінезі бар. Олар туралы айтып берейікші. Күз қандай?

Балалардың жауабы: Салқын күз, бұлтты күз, жомарт күз, алтын күз, әдемі күз, көңілді күз, қызық күз, қоңыр күз, жаңбырлы күз, берекелі күз, желді күз.

Мұғалім: Жақсы, Күз туралы көп айттыңдар, ал енді қыс туралы не айта аласыңдар?

Балалардың жауабы: Қатал қыс, суық қыс, аязды қыс, боранды қыс, әдемі қыс, сиқырлы қыс, аппақ қыс, қызық қыс, көңілді қыс.

Мұғалім: Жарайсыңдар, Қыс туралы біледі екенсіңдер, ал келесі кімге мінездеме бересіңдер?

Балалар: Көктемге.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, ол да өзі туралы білгісі келеді

Балалар: Көрікті көктем, жылы көктем, мейірімді көктем, нұрлы көктем, әдемі көктем.

Мұғалім: Очень давольная Көктем, и про нее знаете, ал Жазға қандай сипаттама бере аласыңдар?

Балалар: Ыстық жаз, жасыл жаз, әдемі жаз, жайдарлы жаз, көңілді жаз, қызық жаз.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, мен сендерді тыңдап отырдым, обо всех временах года вы говорили одинаковые слова, какие?

Балалар: Көңілді, әдемі, қызық, т.б.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, жыл мезгілдері и отличаются, и чем-то похожи. Определим чем они похожи и чем отличаются?

Қыс пен жазды салыстыру

Қыста айнала аппақ болады, ал жазда жап-жасыл.


Қыста ауа – райы суық, аязды, боранды болады, ал жазда ауа – райы ыстық, жылы болады.




Қыста қар жауса, ал жазда жылы жаңбыр жауады.


Қыста күн қысқарады, ал түн ұзарады, ал жазда керісінше, күн ұзарады, түн қысқарады.


Қыста біз жылы киінеміз, ал жазда жеңіл киінеміз. Қыста тон, бөкебай, құлақшын, қолғап, пима, жылы етік киеміз, ал жазда қалпақ, шолақ шалбар, белдемше, көйлек, футболка киеміз.


Қыста біз шана, шаңғы теуіп, мұз айдынында коньки теуіп ойнаймыз, аққала жасаймыз, ал жазда суға шомыламыз, күнге күйеміз. Велосипед, ролик тебеміз.






Көктем мен күзді салыстыру


Көктемде күн жылынады, қар, мұз ериді, ал күзде күн суытады.



Күзде ағаштардың жапырақтары сарғаяды, жерге түседі, шөп сарғаяды, ал көктемде бүршік атады, бәйшешек гүлдейді.


Көктемде егеміз, күзде жинаймыз. (Көкөністер мен жемістерді атап шығады)



Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді, ал көктемде ұшып келеді. (Қыстап қалатын және жыл құстарын атап шығады)


Мұғалім: Тағы осы жыл мезгілдері туралы не айта аласыңдар?

Балалардың жауабы.

Мұғалім: Балалар, сендерге ертегіміз ұнады ма?

Балалар: Иә, ұнады.

Мұғалім: Ертегі несімен ұнады сендерге? Біз мақсатымызға жеттік пе?

Балалар: Біз Жыл атаға көмектесіп, төрт жыл мезгілін татуластырдық.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, төрт жыл мезгілі маңызды, ведь не даром говорят:

Қыс құнар береді,

Көктем дән егеді.

Жаз баптап, өсірсе,

Күз жинап береді.

Достарым, осы жыл мезгілдеріне арнап әсем әнімізді жолдайық.

Төрт мезгіл бар бір жылда,

Біліп жүрсін әр бала.

Мінезі бар әртүрлі.

Төртеуі де төрт түрлі


Қыс келгенде айнала

Оранады ақ қарға.

Көктем келсе далама

Көгереді кең дала.


Жайдарлы жаз келеді,

Күн шуағын төгеді,

Жомарт, алтын күз келсе,

Берекесін береді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
396
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі