жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Жыл мезгілдері"
Тақырыбы: Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады? |
Мектеп: Масақ орта мектебі |
|||
Күні:13.02.2019. |
||||
Мектепалды даярлық тобы
|
Қатысқандар:21
|
|||
ҰОҚ-нің оқытылу мақсаты |
0.2.2.2. Маусымдық өзгерістердің жанды табиғатқа тигізер ықпалын анықтау.
|
|||
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар:
|
|||
Көпшілік балалар:
|
||||
|
Кейбір балалар:
|
|||
Тілдік мақсат |
Дағдыны дамыту: маусымдық өзгерістерді бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжамдар айту, ұғымдарға анықтама беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша тұжырым жасау. Көптілділік: жыл мезгілдері – времена года – seasons Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Маусым, маусымдық өзгерістер, жыл мезгілдері, табиғат құбылысы, т.б. Талқылауға арналған сұрақтар. Әр маусымда қандай өзгерістер болады? Маусымдық өзгерістер дегеніміз не? Маусымдық өзгерістер неге байланысты құбылады? Маусымдық өзгерістердің жанды табиғатқа тигізер ықпалы қандай? |
|||
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
Маусымдық өзгерістер туралы ұғымдар; қарапайым бақылау дағдылары. |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланған уақыты
ан уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
ресурстар |
||
I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 мин. |
(Ұ) «Мен жерімді сүйемін» өлеңінің көмегімен дұрыс әсерлі көңіл күй жасау. Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық. |
Өлең. |
||
II.Өмірлік тәжірибені маңыздандыу. Мақсатты болжам. 2–5 мин. |
(Ұ) Балалар, табиғат құбылысы дегеніміз не? Есімізге түсірейікші. Бүгін біз сендермен әр маусымда болатын өзгерістер туралы айтатын боламыз. Маусымдық өзгерістер дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар? Мақсатты болжам. (Ұ) Балалар ҰОҚ әңгіме не жайында болатындығын сурет бойынша болжамдайды. ҰОҚ соңында қол жеткізетін мақсат айқындалады. (Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады). |
Маусымдық өзгерістер бейне- ленген суреттер. |
||
ҰОҚ-ның ортасы
III. ҰОҚ-ның тақырыбы бойынша жұмыс 6 – 28 мин. |
(Ұ) Өзекті мәселелер. Жұмбақтарды шешу арқылы маусымдық өзгерістер туралы түсінік беру. Аяз қысып, өрнек сызып, Терезені торлайды. Қарға омбығып, Бет домбығып, Сырғанап жастар ойнайды. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (Қыс).
Қар, мұз еріп, су көбейіп, Сай-салаға толады. Бүршік жарып, жарық ашып, Гүл бәйшешек басады. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (Көктем).
Өрік, алма,шие, алша. Жидек жүзім піседі. Қауын-қарбыз, Қияр, сәбіз дүкендерге түседі. Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (Жаз)
Бұлттар төніп, жерге төгіліп, Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала нұры қашады. Ойнай алмай, Денең мұздап тоңады. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (Күз)
Балалар, қандай жыл маусымдарын білесіңдер? Жылдың төрт мезгілі бар: қыс, көктем, жаз, күз. Маусымдық өзгерістерге анықтама беріп көрейікші. ҚБ: смайликтер арқылы бағалау. (Ұ) «Галереяға саяхат» әдісі. «Маусымдық өзгерістер» тақырыбында сурет бойынша әңгімелеу (1-тапсырма)
Топтық жұмыс. Шығармашылық жұмыс. Қыс тобы- аққаланың аппликациясын жасайды. Көктем тобы- кемпірқосақ суретін бояйды. Жаз тобы- гүлдің суретін бояйды. Күз тобы- тал аппликациясын жасайды.
ҚБ: Топтар бірін бірі басбармақ арқылы бағалау. Сергіту сәті: «Көңілді күн». (Ұ) Өзекті мәселелер. Жаз мезгілінде адамдар қалай киінеді? Қыста ауа райы неге суық болады? Астық пен жеміс-жидектің толық пісіп-жетілетін кезі қай мезгіл? Өрік пен құлпынай жемісі қай кезде піседі? Қорытынды: Маусымдық өзгерістердің жанды табиғатқа тигізер ықпалы зор. Көктемде жан-жануарлар мен өсімдіктер тіріліп, тіршілік басталады. Жануарлардың кейбір түрі жаз, күз мезгілдерінде азықтарын жинап, қыста қысқы ұйқыға кетеді. Адамдар да әр маусымдық өзгерістерге байланысты киім киеді. Көктемде жерді жыртып, дәнді-дақылдар мен көкөністерді, жемістерді отырғызып, жазда күтіп-баптап, күзде жинап алады. Әр маусымдық өзгерістердің өзіндік ерекшеліктері бар. Бақылау нәтижелері бойынша бірлескен қорытынды шығарылады: |
Жұмбақтардың жауабына байланысты суреттер.
Жыл мезгілдерінің суреті.
|
||
ҰОҚ-ның соңы |
Қалыптастырушы бағалау:
Тапсырма: |
|
||
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия. 28-30 мин. |
Рефлексия «Ауа райы»
|
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген