400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жыл мезгілдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасайтын дефектологгтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері

Абдреева Лаура Нурболатовна,

3 облыстық балалар оңалту орталығы,

дефектолог-логопед, Қызылорда облысы,

Шиелі кенті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: балаларды жыл мезгілдерімен таныстыра отырып, әр мезгілдің өз ерекшелігін түсіндіру.

Түзете-дамытушылық: балардың ойлауын дамыта отырып, сөздік қорын молайту. Балалардың ұсақ моторикасын, қимыл-қозғалысын дамыту.

Тәрбиелік: табиғатты сүюге, аялауға, бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: орбиз шарлары, ойыншық балықтар, піл ойыншығы, көкөністер, жемістер, сюжетті суреттер, жабысқақ құрастырғыштар, қамыр.

Сабақ барысы. Сәлемдесу.

  • Балалар бүгінгі көңіл- күйлерің қалай? Бүгінгі күнде, табиғатта керемет болып тұр иә?! Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Жазда ауа-райы, табиғат қандай болады? Ендеше, бүгінгі сабағымызда жаз және басқа да жыл мезгілдері мен танысатын боламыз.



Жыл мезгілдерімен таныстыру

Бір жылда 4 жыл мезгілі бар екен. Олар: қыс, көктем, жаз, күз.

Жыл мезгілдерінің ішінде ең суық мезгіл ол қыс. Қыста күн суық болып, көп қар жауады, жер ақ түске оранады. Өзен-көлдерге мұз қатады. Адамдар жылы, қалың киімдерін киеді. Мысалы: қалпақ, қолғап, қалың күрте, етік. Балалар қармен ойнап, аққала жасайды, шанамен сырғанайды, шаңғы тебеді. Шыршалар жап-жасыл болып, Шырша тойында Аяз ата, ақшақар келеді.

Қыстан кейін көктем мезгілі келеді. Қарлар еріп, жерден көк шөптер шығып жер жасыл түске боялады. Ағаштар бүршік атады. Күн ұзарып, жылынады. Күзде ұшып кеткен құстар қайта оралады. Жауын көп жауып, кемпірқосақ шығады, жерден гүлдер шыға бастайды. Адамдар егін егіп, тал отырғызады. Балалар күн ұзаққа ойнап, көп уақытын далада өткізеді.көктемнен соң жаз мезгілі келеді. Жаз өте ыстық мезгіл. Жазда жерде гүлдер көбейіп, қызыл, сары көбелектер гүлді айнала ұшады. Жеміс-жидектер пісе бастайды. Балалар құммен ойнап, суға шомылады, үлкендер балық аулайды. Жаздан соң күз келеді. Күзде ағаш жапырақтары сарғайып, ағаштарда, жерде сары түске оранады. Жауын жиі жауып, адамдар жауында қолдарына қолшатыр, аяқтарына резеңке етік киеді. Жемістер мен көкөністердің барлығы піседі. Көктемде егілген астықтар пісіп, егіншілер егіндерін, астықтарын жинайды. Ауа райы суытып, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.



  • Жыл мезгілдерінің тапсырма, ойындары



«Түрлі-түсті мұздар» ойыны

Ойын шарты: орбиз шарларының ішіне балалар қолдарын салып, жасырылған заттарды табады.



26.02.2019 ж



«Жамаушы қақпақтар» ойыны

Ойын шарты: бейнеленген суреттердегі тесіктерді қақпақтармен жабу.



Сергіту сәті

Алақай – ау, алақай!

Жарқыраған жаз келді

Өлкемізге әр берді

Айналамыз жап – жасыл

Жазбен бірге ән келді.



27.02.2019 ж

«Балық аулаймыз» ойыны

Ойын шарты: судағы балықтарды қармақпен аулау.



«Дәруменді піл» ойыны

Ойын шарты: піл ішіндегі жемістермен көкөністерді алып атын атау.



Сергіту сәті

Алақай-ау балалар !

Қандай жақсы жазғы ай!

Гүлге оранды кең дала,

Келді ауылға көп торғай!







28.02.2019 ж

«Қызықты айналма» ойыны

Ойын шарты: қызықты айналманы жыл мезгілдеріне сай безендіру.



Тіл ұстарту жаттығуы

Тем-тем-тем жасыл желек көктем

Аз-аз-аз жадыраған жаз

Үз-үз-үз көкөністі күз

Ыс-ыс-ыс қарлы қыс



01.03.2019 ж

Жабысқақ құрастырғышпен жұмыс.

Тапсырма шарты: жабысқақ құрастырғыштан ағаш жасау.

Тапсырма мақсаты: балалардың түстер жайлы ұғымын қалыптастыру, ұсақ қол моторикасын дамыту.

  • Қамырмен жұмыс

Тапсырма шарты: түрлі-түсті қамырды жайып, гүл бейнесін ойып жасау

Тапсырма мақсаты: балалардың түстер жайлы ұғымын қалыптастыру, ұсақ қол моторикасын дамыту.



Бекіту.

Жыл мезгілдерінің суреттерін құрастыру.

Тапсырма шарты: қиылған суреттерді құрастыру

Тапсырма мақсаты: балалардың ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту.



Қорытынды: балаларды мақтап, мадақтау.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
5217
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі