400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жыл мезгілдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Қоршаған орта»

Мектеп: №27

Мұғалімнің аты-жөні: Шарипбаева М.М.

Күні: 12. 04. 2019 Сынып: 2 «А»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жыл мезгілдері (ертегі)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.5.1 - өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

2.2.6.1. кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез- құлқы мен іс- әрекетін бағалау.

2.3.2.1. мұғалімнің көмегімен үлгі бойынша шағын әңгімелер, дайын ұйқастарды қатыстырып өлең шумақтар құрастыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: жыл мезгілдеріне байланысты маусымдық өзгерістердің ерекшеліктерін көрсете алады.

Көбі: мәтіннің мазмұнын түсінеді, түсінгені бойынша өз сөзімен түсіндіреді

Кейбірі: Жыл мезгілдерін салыстырады,өлең құрастырады

Жетістік критерийлері

Оқыған ертегінің мазмұнын түсінеді, түсінгенін жеткізе алады.

Тілдік мақсат

Маусымдық өзгерістерді бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжамдар айту, ұғымдарға анықтама беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша тұжырым жасау.

Жыл мезгілдері- времена года -seasons

Күз - осень - autmn Қыс - зима- winter

Көктем - весна- spring Жаз - лето-summer

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезім

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын

АКТ қолдану

Слайд, интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Мәтінді мазмұндау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут






8 минут

Психологиялық ахуал

Кәне шеңбер құрайық,

Дөңгелене тұрайық.

Жасырынған суреттен

Тобымызды табайық.

Себеттен ұнатқан суреттерін алады.

Топқа бөлу: ЖАЗ (гүлді ұнатқан балалар)

КҮЗ (сары жапырақ)

КӨКТЕМ(құстар немесе бүршік жарған ағаштар)

ҚЫС(қар)

Қолдарыңыздағы қай суретке сәйкес:

Қыс: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып жылтыр боп жатады.

Көктем:Күн шуағын шашады,

Жауын да жауып алады.

Ол келіп жеткенде,

Ағаштар бүршік жарады.

Күз Сарғайыпты атырап,

Қыс күні де жақын-ақ.

Түсіп жатыр секіріп,

Ағаштардан жапырақ.

Жаз :

Мен оның ыстығын сүйемін,

Сайраңдап жүремін.

Суына шомылам,

Күніне күйемін.

Ой қозғау

  • Бір ғасырда неше жыл бар?(100жыл)

  • Бір жылда неше ай бар?(12 ай)

  • Бір жылда қанша мезгіл бар? (4мезгіл)

Сабақтың мақсатын қою.

ЖАЗ,КҮЗ,КӨКТЕМ,ҚЫС төрт топқа бөлініп орындарына отырады.Топ ережесін қайталайды.Топқа сәттілік тілейді.

" Бір қадам артқа" әдісі

Алдыңғы білім " Ағаштар неге ашуланды?" мәтінін мазмұнын сұрау. Авторы кім? Ол туралы не білесің?

Көктем Дана баяндайды.Көктем мезгілі....(бағалау)керемет

Жаз Алинұр: Жаз шықты..(жарайсың)

Қыс Аружан Бір күні... (тамаша)

Күз: Сол кезде тұс-тұстан Зере (жарайсың)

Инклюзив оқушы оқиды.Ерқанат (оқу) (өте жақсы)

- Ағаштар ашуланбағанда не болатын еді?

- Алмабекке ағаштарды қалай күту керектігі жайлы қандай кеңестер бересің?

Сергіту сәті

Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп,
Жапырақты жамылып,
Жата қалды көбелек!

-Ертегі деген не?

-Ауызша тараған халық шығармалары.

-Ертегінің қандай түрін білесіңдер?

Атадан қалған асыл мұра

-Бүгін Шәкен Күмісбаевтың Жыл мезгілдері туралы ертегісімен танысамыз.

Өмірбаяны(СЛАЙД)

Оқулықпен жұмыс.(79-80)бет

Жеке оқу.(Араның ызыңы керек)

Тізбектеп оқу.

Әр топ басшысы өз тобының мәтінін оқиды.

Бағалап отыру.

Слайд





Суреттер































































Автор Ш. Күмісбаев портреті









Сабақтың ортасы

7 минут

4 минут

7 минут

5 минут

" Ойлан- Жұптас - Талқыла" Жұппен жұмыс


1- топқа

Жыл мезгілдері

Кейіпкерлердің

сипаты

Сенің сипатың

Көктем

Көрікті, сұлу қыз, жаны нәзік

Сезімтал,әдемі







2- топқа

Жыл мезгілдері

Кейіпкерлердің

сипаты

Сенің сипатың

Жаз

Ашық- жарқын, жайдарлы мінезді, адал, таңғы шықтай мөлдір, көңілді қыз.


Аузын ашса көмейі көрінетін ақжарқын








3- топқа

Жыл мезгілдері

Кейіпкерлердің

сипаты

Сенің сипатың

Күз

Сәл нәрсеге ренжиді, бұртиып қабағын түйеді, көз жасын тыя алмайды, жомарт және ақкөңіл ерке ұл.


Өкпешіл,маужыраған жомарт,еркетотай









4- топқа

Жыл мезгілдері

Кейіпкерлердің

сипаты

Сенің сипатың

Қыс

Шатақ мінезді, сотқарлау, бірбеткей, шымыр.басынан сөз асырмайтын қиқар ұл.


Суық мінезді,қабағы қатулы,долы








Инклюзив оқушы:

Көп нүктенің орнына тиісті жыл мезгілінің атауын жаз.

...... - көрікті. ...... - жайдарлы. .... - жомарт. ......- қаһарлы.


Бағалау от шашу.


Сен білесің бе?

Шырша неге жыл бойы жап-жасыл?

Қорытындылау.

«STEAL»әдісі арқылы жазу.Шығармадан алынған тірек сөздер кестесі бойынша әңгіме жазады.

S-сөйлеген сөзі

T-ойлары

E –басқаға тигізер әсері

A-іс-әрекеті

L- түр-келбеті

Жыл мезгілдеріне байланысты сөз тіркестері жазылып тасталады.Оқушылар бір-бірден алады.(Ғасыр баба,төрт перзент ,екі ұл,екі қыз, үлкені,кенжесі,халыққа қызмет жасау,Ақ түтек, ұйтқыған боран , шатақ,жаңа жыл, сотқар,айнала аппақ , ақша қарға оранған, жұрттан асқан көрікті,жаны нәзік,сұлу,сезімтал,күн мен түн теңеледі, қарды ерітеді,ағаштар бүршік жарады, төлдеген мал,наурыз көже пісіреді,сұр бұлт, сарғайған жапырақ, жылы жаққа құстардың ұшуы,іркіп тұрған көз жасын тыя алмай,төгіп – төгіп жібереді,ерке,күн қысқарып, түн ұзарады,аптап ыстық, мол жауын, оқушылар демалады, сабақ басталады,жасыл дала,ашық-жарқын,)

- Әр топ аталған сөз тіркестері қай уақытқа тән. (қыс, көктем, күз, жаз)

Кері байланыс : шапалақ

Шығармашылық тапсырма:

1- топ:

Венн диаграммасы: Күз, қыс салыстыру.

2-топ:

Шырша неге жыл бойы жап - жасыл?

3- топ:

Венн диаграммасы :Жаз,Көктем салыстыру

4- топ:

Топ аттарына сәйкес өлең шығару.

Дескриптор: білім алушылар

- Жыл мезгілдерінің атауын жаза білді.

- Дереккөздерді пайдаланып сұраққа жауап береді.

- Жұмбақ құрастыра білді.

- Өлең құрастыра білді.

Қорытындылау: «Тілші» әдісі арқылы өтілген сабақ бекіту.

- Егер табиғатта жыл мезгілдері ауыспаса не болар еді?

- Тек қана қыс немесе көктем, жаз немесе күз болып тұрса қалай болар еді?

- Ертегідегі жыл мезгілдерін кейіпкер сипаттағандай өмірдегі адамдардың мінез- құлқы сәйкес келе ме?

- Өмірде осындай мінезді адамдар кездесе ме?





А4













смайликтер




































А3 парақтар, маркер




Ауызша кері байланыс







Суреттер




Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия.Сәйкестендір.



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

ның сақталуы

Қолдау көрсету.

Топта деңгейлері әртүрлі балалар отырады, қабілеті жоғары оқушылардың көмегімен топтық тапсырманы бірлесе орындайды.

Қабілеті жоғары оқушылар оқыған мәтінді мазмұнын өз сөзімен келесі топтарға түсіндіріп береді, тақпақ жазады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар оқыған мәтін мазмұны бойынша , суретке сәйкес сөздер мен сөз орамдарын айтады.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Жетістік критерийлері арқылы,

қол соғу арқылы.

Көшеде ауа райына байланысты сақтау қажет ережелерді айту.


















Жыл мезгілдері

Кейіпкерлердің

сипаты

Сенің сипатың

Көктем















































Жыл мезгілдері

Кейіпкерлердің

сипаты

Сенің сипатың

Жаз























































Жыл мезгілдері

Кейіпкерлердің

сипаты

Сенің сипатың

Күз




























Жыл мезгілдері

Кейіпкерлердің

сипаты

Сенің сипатың

Қыс



















































Қосымша мағлұматтар

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылар-дың ақпаратты қанша-лықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)



Құндылықтарды дарыту:

ынтымақтастық,

құрмет. Пәнаралық байланыс: дүниетану, сурет. АКТ-ны қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі. Тәрбиелік мәні: қоршаған ортаның құндылықтарын бағалауға баулу.

Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты):

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты):

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




Шәкен Күмісбайұлы 1943 жылы 17 қазанда Алматы облысы Ақсу ауданы Қаракөз ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтының неміс тілі факультетін бітірген. Өз ауылында мұғалім, республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында, «Қазақ елі», «Ана тілі» газеттерінде әдеби қызметкер, республикалық «Бала Би», «Айгөлек» журналдарында жауапты хатшы, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов мұражайында бөлім меңгерушісі болып қызмет еткен. Қазір «Балалар әдебиеті» баспасында Бас редактор болып қызмет етеді. ZHERSU корпорациясы мен Қазақстан Жазушылар одағының бірлескен жобасы Халықаралық «Дарабоз» бәйгесін ұйымдастырушы.

Алғашқы әңгімесі «Жеңеше» деген атпен 1965 жылы Алматы облыстық газетінде жарияланған. 1971 жылы, 1975 жылы екі мәрте балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалардың республикалық жабық бәйгесінде жүлдегер болған. 2008 жылы «Солақай» кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанған.

«Ақсақ шал» (1972), «Тау жолдары» (1977), «Соқ, барабан» (1979), «Таудағы жазу» (1983), «Кішкене шал» (1986), «Қаладағы келін» (1989), «Қарақуыстың желі» (1991), «Атамның аманаты» (2001), «Қайсар бала», «Бір арқа отын», «Айдын көлдің аққулары», «Жапандағы жалғыз», «Солақай», «Итталас», «Жүз он бір жұмбақ», «Тұңғыштар», «Шатақ шырпы», «Қалам мен дәптер», «Бейтаныс заттар дауы», «Табиғат – Ана», «Қазақтың нобелі», «Шапағатты шырақ», «Мамания», «Түнгі текетірес» кітаптарының авторы. Балаларға арналып жазылған «Қаракерей Қабанбай», «Қанжығалы Бөгенбай», «Шақшақ Жәнібек», «Райымбек батыр», «Әлемді әнімен асқақтатқан «Дос-Мұқасан» атты кітаптары бар. Мектеп бағдарламасына арнап «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Ер Тарғын» эпостарын поэзиядан қара сөзге айналдырған. 2008 жылы қазақтың балалар жазушыларының «Балалар бағының бағбандары» атты анықтамалық жинағын құрастырған.

Жеке әңгімелері украин, орыс, белорус, моңғол, неміс тілдеріне аударылған, топтама жинақтарға енген.




Шәкен Күмісбайұлы

Рейтинг: 1.000



Өмірбаяны



Кітаптар



Аудио



Кейіпкерлер



Фото



Видео



Аудио файлдар



Автор туралы



Жанкүйерлер



Жанкүйер бол



1943 жылы 17 қазанда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылында туған. 1965 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтының неміс тілі факультетін бітірген. Өз ауылында мұғалім, республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында, «Қазақ елі», «Ана тілі» газеттерінде әдеби қызметкер, республикалық «Бала би», «Айгөлек» журналдарында жауапты хатшы, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов мұражайында бөлім меңгерушісі болып қызмет еткен. Қазір «Балалар әдебиеті» баспасында бас редактор болып қызмет етеді.

Алғашқы әңгімесі «Жеңеше» деген атпен 1965 жылы Алматы облыстық «Жетісу» газетінде жарияланған. 1971 жылы, 1975 жылдар екі мәрте балалар мен жастарға арналған «Жалын» бәйгесінде жүлдегер болған. «Филипп Морисс», «Астана – Бәйтерек» сияқты балаларға арналған әдеби конкурстарында бас бәйге, «Балауса» бәйгесінде екінші орын алған. 1983 жылдан бері Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, кейінде басқарма мүшесі болды. 2008 жылы «Солақай» кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Халықаралық «Дарабоз» бәйгесін ұйымдастырушысы. «Жүректен жүрекке» атты ұлттық журналистер мен ақпарат құралдары байқауының бас бәйгесін алып, «Қазақ тілді баспасөздің үздік журналисі» атанған.

Жеке әңгімелері украин, орыс, белорус, монғол, неміс, ағылшын тілдеріне аударылған топтама жинақтарға енген. 2008 жылы қазақ балалар жазушыларының «Балалар бағының бағбандары» атты анықтамалық жинағын құрастырған. Алматы облысы, Ақсу ауданының «Құрметті азаматы». «Қазақстан Республикасына 20 жыл» медалімен марапатталған. Кітаптар тізімі төменде жарияланып отыр.

1. Ақсақ шал (1972) – «Жазушы» баспасы

2. Тау жолдары (1977) – «Жалын» баспасы

3. Соқ барабан (1979) –  «Жалын» баспасы

4. Таудағы жазу (1983) – «Жалын» баспасы

5. Кішкене шал (1989) – «Жалын» баспасы

6. Қаладағы келін (1989) – «Жалын» баспасы

7. Қарқуыстың желі (1990) – «Жалын» баспасы

8. Атамның аманаты (2001) – «Фолиант» баспасы

9. Қайсар бала (2003) – «Таймас Принтхаус» ЖШС

10. Бір арқа отын (2002) – «Өлке» баспасы

11. Айдын көлдің қулары (2004) – «Балалар әдебиеті» баспасы

12. Жапандағы жалғыз (2007) – «Балалар әдебиеті» баспасы

13. «Солақай» (2005) – «Балалар әдебиеті» баспасы

14. «Итталас»  (2004)  – «Балауса» баспасы

15 «Қалам мен дәптер» (2006) – «Аруна» баспасы

16. «Бейтаныс заттар дауы» (2007) – «Аруна» баспасы

17. «Табиғат – ана» (2007) – «Аруна» баспасы

18. «Шатақ шырпы» (2006) – «Аруна» баспасы

19. Жұмбақ әңгімелер (2006) – «Аруна» баспасы

20. Таң нұрында туған ұл (2010) – «Кітап» баспасы

21. Түнгі текетірес (2008) – «Баянжүрек» баспасы

22. Қаракерей Қабанбай (2006) – «Аруна» баспасы

23. Шақшақұлы Жәнібек (2005) – «Аруна» баспасы

24. Қанжығалы Бөгенбай (2005) – «Аруна» баспасы

25. Райымбек батыр (2006) – «Аруна» баспасы 

26. Раимбек – батыр (2006) – «Аруна» баспасы (орыс тілінде)

27. Шытырман  (2002) – «Өркениет» баспасы

28. Балалық шақ – бал дәурен (2011) – «Балалар әдебиеті» баспасы

29. Балалар бағының бағбандары (әдеби анықтамалық)

  (2008) – «Балалар әдебиеті» баспасы

30. Қошақаным қайда екен? (2014) – «Моlia & POC» баспасы

31. Дөңгеленген дүние-ай (2014) – «Әдебиет әлемі» баспасы

32. Ызғырық соққан жыл (2014) І-том – «Балалар әдебиеті» баспасы

33. Солақай  (2014) ІІ-том – «Балалар әдебиеті» баспасы



Танымдық деректер кітабы

34. Тұңғыштар  (2007) – «Алматыкітап» баспасы

35. Они были первыми (2007) – «Алматы» баспасы

36. Мамания  (1999) – – «Атмұра» баспасы

37. Шапағатты шырақ  (2002) – «Үш қиян» баспасы

38. Қазақтың Нобелі (2007) – «Баянжүрек» баспасы

39. Дос – Мұқасан  (2007)  – «Өнер» баспасы

40. Жұмақ мекеннің жұлдыздары  – «Арыс» баспасы

41. Бейбарыс сұлтан (әдеби өңделген) – «Аруна» баспасы



Поэзиядан прозаға айналдырған кітаптар:

42. Қобыланды батыр (2005) (ағылшын тіліне аударылған) – «Алматыкітап» баспасы

43. Ер Тарғын (2007) – «Алматыкітап» баспасы

44. Қозы Көрпеш – Баян сұлу – «Алматыкітап» баспасы

45. Алпамыс батыр (2006) ағылшын тіліне аударылған) – «Алматыкітап» баспасы



Аудармалар:



46. АбдужаббаровАбдугаффор – Орыс стилінен аударылды «Пісте сатқан бала» 2012 – «Киізкітап» баспасы



Жекелеген кітаптарға енген шығармалар:

47. Залаты Каравай – Минск «Юнацтва» баспасы

«Три батыра  (1988)

48. Байгазы 

«Три богатыра» әңгімесі (орыс тілінде (1987) – «Жалын» баспасы

49. Өзіұшар» (1990) – «Жалын» баспасы

«Қасқыр мен ит» ертегісі

50. Шапағат (2004) «Дайрабайдың домбырасы» әңгімесі – «Өлке» баспасы

51. Отанымның тәуелсіздігіне тарту

«Өмір өзен» әңгімесі – «ALAN-Media» баспасы

52. «Қайда сол үшқара»

«Ұлағатты ұстазым еді» – «Баянжүрек» баспасы

53. «Етжеңді», «Егемен Қазақстан» (2004) – Егемен Қазақстан» ААҚ.

«Биағаның інісі» әңгімесі

54. «Бақыт бағы» (1979) – «Жалын» баспасы

55.   «Атамның алтыны» әңгімесі

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: Adebiportal@gmail.com 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1072
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
1593
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі