400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жыл мезгілдері 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Түрлі ақпараттар мен ойындар берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы















"Туған табиғаттың түстері мен дыбыстарындағы жыл мезгілдері"

 









Орындаған: Алдабергенқызы Д.














Петропавл қ, 2023-2024 оқу жылы

Тақырыбы: Туған табиғаттың түстері мен дыбыстарындағы жыл мезгілдері.

Мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы түсінігін қалыптастырып, табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу.

Ресурстар: слайд, аудиожазбалар, бейнежазбалар, көрнекіліктер, жыл мезгілдерінің суреттері

Сынып сағатының басы

Психологиялық ахуал:

Амансың ба, алтын күн, (бір қолын жоғары көтереді)

Амансың ба, көк аспан, (екі қолын жоғары көтереді)

Амансың ба достарым, (достарымен амандасады)

Амансың ба ұстазым. (ұстазымен амандасады)

Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз!

Қызығушылықты ояту: Жұмбақ

Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.

(Көктем)


Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Күн, үйеңкі гүлдері пісіреді.

(Жаз)


Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.

(Күз)

Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.

(Қыс)


Сынып сағатының ортасы

Бейнефильм қысқаша шолу.

«Миға шабуыл»

—  Жыл мезгілдерін ата.

—  Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

—  Жаз айларын ата.

—  Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

—  Күзде қандай мерекелер бар?

— Қай жыл мезгілін жақсы көресің?

— Әр жыл мезгілінде болатын ойын түрлерін ата?


1-тапсырма: «Қолшатыр» әдісі арқылы әртүрлі табиғат құбылыстары, сол мезгілдегі болатын айлардың атаулары жазылған карточкаларды «Жаз», «Күз», «Қыс», «Көктем» атты жәшіктерге орналастыру қажет.



2-тапсырма: «Дауысын тап!» әдісі арқылы жыл мезгілдеріне байланысты ауа-райы құбылыстарының дауыстары беріледі. Сол бойынша құбылыстардың атауын атайды және қай жыл мезгіліне жататынын ажыратады.

3-тапсырма: «Жылдам тауып, анықта!» атты ойын түрі.

Шарты: оқушылар жасырылған мезгілді, табиғат құбылысын атап анықтайды.

Сергіту сәті: «Көңілді қозғалыс» бейнеролик.


4-тапсырма: Топтық жұмыс кластер немесе берілген жыл мезгілдеріне байланысты сурет салып топ бойынша 2-3 оқушы шығып қорғайды. Сол бойынша бір-бірлерін «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

5-тапсырма: «Артығын тап» деп аталады. Берілген суреттердегі артық затты табады және не үшін артық екенін анықтайды.



Слайд: «Жыл мезгілдері» бойынша жинақталған ақпараттар.

Қорытынды: Оқушылар бүгін біз жыл мезгілдерінде болатын құбылыстар мен жыл мезгілдерінің қандай түске боялып көрініс беретінін білдік. Сондай-ақ өздерің білген қызықты ақпараттарыңмен бөлісе отырып, біз берген қызықты ақпараттарды да барынша түсініп ұғындыңдар. Осы алған білімді болашақта кәделеріңе жарары анық. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңа көптен көп рахмет. Сендерге арналған 2024 жылдың күнтізбесін сыйлауды жөн деп есептедік. Әр күндеріңді қызықты да, ұтымды өткізіңдер, әр уақыттарыңды бағалап жүріңдер.

Кері байланыс. «Басбармақ» әдісі арқылы сабаққа баға береді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 сәуір
246
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі