400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жыл мезгілдері" мектепалды даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мектепалды даярлық сыныпқа арналған сабақ жоспары. Тәрбиеленушілерге арналған әдіс-тәсілдерді, ойындарды тәрбиешілер өз сабағында жүзеге асыруына, өз тәжірибесінде қолдануына болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Жаратылыстану

Мектеп: «Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі»

Күні: _07.03.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Қожахметова Перизат

Сынып: 0 »л»

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар:1

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері. Қыс,көктем



Осы сабақты меңгеруге көмектесетін оқу мақсаттары

Білімділік: балаларға жыл мезгілдері туралы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы мағлұмат беру.

Тәрбиелілік: Табиғаттың әсем көрінісін қызықтай білуге, қоршаған ортаны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларға жыл мезгілдері жайлы мағлұмат бере отырып, дүниетанымын, ой-өрісін, сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Жыл мезгілдерін атай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: жыл мезгілі айларын атай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады. өз ойларын еркін жеткізе біледі, суретке сөйлем құрай алады, жыл мезгілдерін ажырата алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қыс-зима-winter, көктем-весна-spring, жаз-лето-summer, күз-осень-autumn.

Алдыңғы оқу

Ағаштар, бұталар, шөптер



Жоспар

Сабақ кезендері

Сабақ жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

Ресурстар

Басы

7 мин






Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз біз.

Топқа бөлу. Балалар арнайы қалташа ішінен топ атауларын алады. Сол бойынша Жұмбақбай атаның жұмбағын шешу арқылы топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасы. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы

1.Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?

2. өсімдіктердің бізге қандай пайдасы бар?

3. шөпті біз неге пайдаланамыз?










Алдын ала жазылған жұмбақ

Қалташаға салынған топ атаулары

Ортасы

23мин














Жаңа сабақ. Ой қозғау.

Жұмбақ жасыру арқылы жаңа тақырыпты ашу.

Шанамен зырлап желетін

Шаңғы, коньки тебетін

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс)

Балалардың жауаптары тыңдалған соң, слайдтан қыс суреті шығады. Қыс мезгілін орыс,ағылшын тілдерінде атату

Бұлтты айдай желдеткен

Нөсерлеткен селдеткен

Шалшық кешіп ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? ( көктем)

Слайдтан көктем суреті шығады. Орыс,ағылшын тілдерінде атату.

Қойының толы жеміске

Көк майсалы егісте

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? ( жаз)

Слайдтан жаз мезгілінің суреті шығады. Орыс, ағылшын тілдерінде атату.

Жиып-теріп болатын

Қамбаға астық толатын

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? ( күз)

Слайдтан күз мезгілінің суреті шығады. Орыс, ағылшын тілдерінде атату.

«Текше» ойыны

Әр топтан екі оқушыдан шығады. Қолдарына жыл мезгілдерінің суреті бар текше беріледі. Балалар сол текшені лақтыру арқылы тура келген мезгілге қатысты сұрақтарға жауап береді.

1.қай мезгіл?

2. айларын ата

3.ауа-райының өзгешеліктері қандай?

4. сол мезгілде ойналатын ойын түрлерін ата

«Енші»әдісі. Балаларға жыл мезгілдеріне арналған суреттер беріледі. Сол сурет қай мезгіл еншісінде болса сол мезгілге жапсырады.

Сергіту сәті. «Ауа райы» ойыны

Дидактикалық ойын «жыл мезгілі бөлігін тап»

Балалар шашылып жатқан бөліктерден мезгіл құрастырады.

«суретті аяқта » ойыны

1топ- қолшатырдың

2топ-гүлдің










Слайд







































Текше

















Суреттер







Жартылай салынған сурет


Соңы

5мин

Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасы. Үйде мезгілге қатысты өз қалауымен сурет салу






Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық пен қауіпсіздік


Оқушыларды қолдау мақсатында «Жарайсың!», «жақсы!» деген сөздерді қолданамын.


Жұлдызшалар арқылы ,


Сурет салу,


Рефлексия

Оқытудың/сабақтың мақсаттарына қол жеткізілетіндей болды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?



Уақыттық кестені ұстандым ба?

Жоспардан қандай ауытқушылықтар жасадым және неліктен?



Иә, мақсатыма қол жеткіздім.

Оқушылар оқу мақатында жоспарланған сабақты білу,түсіну,білу қолдану мақсаты бойынша берілген тапсырмалармен жаттығуларды орындады.

Уақытты тиімді пайдаландым.

Сабақта жоспарланған жоспарда ешқандаи өзгерістер енгізілмеді

Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

  1. Оқушылар белсене қатысты.

  2. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындады.


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпал тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.Жұптық жұмыс пайдалансам .

2.Денгейлік тапсырмалар қолдансам.

Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?

1. Келесі сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдерді қолдану

2. Жаратылыстану пәніне деген қызығушылығын арттыру.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
2118
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі