400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Жылдамдық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмегі тиетін шығар
Материалдың қысқаша нұсқасы

5 орта мектеп























Ашық сабақ

Тақырыбы: Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

















Сыныбы: 7 В

Пән мұғалімі: Жарылқасынова Т.











Маңғыстау 2017ж.

Сабақтың тақырыбы: §25. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жылдамдық оның белгіленуі, өлшем бірлігі, формуласы

υ=s/t туралы түсіндіріп, есептер шығарту.



Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, жауапкершілікке

тәрбиелеу.



Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, зейінін, ынтасын

логикалық ойлау қабілетін дамыту.





Сабақ түрі: аралас сабақ



Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру



Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта





Пәнаралық байланыс: математика, информатика





Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

IV. Сабақты бекіту

( Сөзжұмбақ шешу, есептер шығарту)

V. Үйге тапсырма беру

VI. Бағалау







  1. Ұйымдастыру.

( Сыныпты түгендеу, сабақ мақсатын айту, зейіндерін сабаққа аудару )

II. Үй тапсырмасын cұрау.

  1. Материялық нүкте деген не? Мысал келтір

  2. Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз?

  3. Орын ауыстыру дегеніміз не?

  4. Мектеп пен үйдің арасы 200 м. Оқушы мектепке барып, қайта келгенде барлығы қанша жол жүреді? Орын ауыстыру неге тең?

  5. Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?

  6. Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтір



III.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Әр түрлі қозғалыстар арасындағы айырмашылықты сипаттау үшін қозғалыс жылдамдығы деп аталатын жаңа физикалық шама енгізіледі. Мысалы, екі аялдаманың арасын жүріп өтуге автомобиль жаяу адамға қарағанда едәуір аз уақыт жібереді; жаяу адам 1 минутта 100 метрдей жол жүрсе, Жердің жасанды серігі дәл осы уақыт ішінде 500 км аралықты ұшып өтеді, ал радиодабыл осындай уақытта 18 млн км қашықтыққа жетеді.Бұл жағдайда біз автомобиль жаяу адамға қарағанда, радиодабыл Жердің жасанды серігіне қарағанда тезірек қозғалады дейміз.Жоғарыда келтірілген мысалдағы денелердің қозғалысындағы айырмашылық – олардың жылдамдықтарында. Қай дене уақыт бірлігі ішінде көбірек орын ауыстырса, сол дененің жылдамдығы үлкен болады.

Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:




υ= l /t l =s t = s/υ υ=s/t s=υ·t

υ-жылдамдық ( метр/секунд )

t-уақыт ( секунд )

s-жол ( метр )

l-орын ауыстыру ( метр )

IV. Бекіту ( сөзжұмбақ шешу, есептер шығарту )

7-жаттығу

  1. Қосымшадағы 3-кестеден ( 216-бет ) жаяу адамның, конькишінің, тепловоздың жылдамдығын табыңдар және олардың 10 с ішінде жүрген жолын анықтаңдар ( ауызша )

  2. Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30 мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с – пен есептеп табыңдар.

Бер: t= 30 мин 1800 с υ=s/t υ= 9000 м / 1800 с = 5 м/с

s= 9 км 9000 м

т/к υ= ?

  1. Ұшақ 750 км/сағ жылдамдықпен ұшып барады. 6 сағ ішінде ол қандай аралықты өтеді?

Бер: υ = 750 км/сағ l = υ·t l = 750 км/сағ · 6 сағ = 4500 км

t= 6 сағ

т/к l = ?

V. Үйге тапсырма беру

§ 18 оқып келу 7 – жаттығу ( 4 ) ,

VI. Бағалау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
841
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі