400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Ашық сабақ "Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті тақырыбы 8 сыныпқа арналған. Бұл жоспарда келесі мақсаттарды жүзеге асыруға болады.Барлық оқушылар: Жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтайды Оқушылардың басым бөлігі: жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін есептейді Кейбір оқушылар: Жылу қозғалтқышының пайдалы және зиянды жолдарын ұсынады. сонымен қатар жаңа әдіс-тәсілдермен құрылған. Физика пәні мұғалімдеріне қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: ___________________________

Білім беру ұйымының атауы

Еркін ауылдық № 26 орта мектебі

Пәні:

Физика

Бөлім:

8.2 А Термодинамика негіздері

Педагогтің аты-жөні:

Барганаева Ж.А

Күні:

25.11.2021 ж

Сынып: 8 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.3.2.19 – жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау;

8.3.2.21 – жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтайды

Оқушылардың басым бөлігі: жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін есептейді

Кейбір оқушылар: Жылу қозғалтқышының пайдалы және зиянды жолдарын ұсынады.




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


1.Оқушылармен амандасып

2.Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.


Ой қозғау ретінде «Суреттер сөйлейді» тақтаға қозғалтқыштардың суреті шығады



2 мин


Оқушылар ауызша жауап береді




Дәптер

4 Сурет

оқулық


Сабақтың ортасы


1. Түсіндіру. Карно циклі : Оқушыладың ойын тыңдаған соң мұғалім кері байланыс жасай отырып, Карно циклін түсіндіреді.



Карно циклi.

Жұмыс атқарушы дене қыздырғыштан Q1 жылу мөлшерiн алады да, тоңазытқышқа Q2 жылу мөлшерiн бередi, ал (Q1 – Q2) айырымын Aп жұмысқа айналдырады. Жұмыс атқарушы дене ұлғайған кезде өзiнiң барлық iшкi энергиясын жұмыс жасауға берiп жiбере алмайды. Жылудың едәуiр бөлiгi мiндеттi түрде жұмысын атқарған газбен бiрге тоңазытқышқа берiледi. Iшкi энергияның бұл бөлiгi қайтарылмай, бiржола жоғалады. Идеал жылу машинасы, оның ПӘК-і




Карно машинасындағы жұмыс атқарушы дене, өз күйiнiң өзгеру циклiн периодты түрде қайталап тұратын, идеалды газ болып табылады. Бұл цикл Карно циклi деген атақ алды, осыған ұқсас процесстер айналмалы немесе циклдік процесстер деп аталады.

Карно машинасында үйкелiске және қоршаған ортамен жылу алмасуға кеткен энергиялардың шығындары ескерiлмейдi, сондықтан бұл машинаны Карноның идеалды жылу машинасы деп атайды. 10 мин

2.Тапсырма Сабақты бекіту үшін оқушыларға 9 жаттығу беріледі.

Жұптық жұмыс

Оқушылар, өзара бағалау жүргізеді. Оқушылар бір- бірімен тапсырманы қалай орындағаны туралы пікір алмасады.Ең қиын деген тапсырманы мұғалім көмегімен талдайды.

  1. ПӘК- 40% жылу машинасының жұмыс денесі 5 кДж жылу алды. Суытқышқа қанша жылу берілсін? Қыздырғыштың температурасы 477 градус болса, суытқыштың температурасын табыңдар.

  2. Идеал жылу мәшинесінің ПӘК- 35% . Суытқыштың температурасы 2 градус. Қыздыоғыштың температурасы қандай?

  3. Жылу мәшинесінің қыздырғышының температурасы 150 градус, суытқыштікі 25 градус. Мәшине қыздырғыштан 40 кДж энергия алды. Мәшине қандай жұмыс жасаған. 10 мин


  1. тапсырма: Стикерлер арқылы 4 топқа бөлу


«Топтық жұмыс» «Кезбе тілші » әдісі

Жеребе тастап рөлдерін анықтайды


1.Топ : Бір оқушы телефон арқылы хабарлайды

2. Топ: диктор

3. Топ: оқиға орнынан хабарлайды

4. Топ : Интервью алады

15 мин



  1. Тапсырма : топтарға жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсынуды айтқызу








































Оқушылар 9 жаттығу есептерін шығарады .
















  1. Топқа бөлінеді:

Рөлдерін анықтайды

Топқа берілген тапсырма бойынша әр топ өз міндеттерін атқарады






Әр топ өз ойларын айтады





































Қ.Б Дескриптор арқылы бағалау 2 балл










Қ.Б Критерий арқылы «Бірін бірі бағалау» 15мин

3 балл



ҚБ: «Мұғалімнің бағалауы» әдісі.

2 балл

Дәптер

Стикер

Жеребе





















































Микрофон

Камера

ТV

Телефон

Сабақтың соңы


5. « Кахут» ойыны

Рефлексия 8 мин

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

6. Үйге тапсырма:

1.ПӘК-і 20% болатын идеал жылу машинасы тоңазытқышқа бір циклде 80 Дж жылу береді. Бір цикл ішінде машина қандай пайдалы жұмыс атқарады?

2.Жылу машинасының ПӘК-і 20%. Егер қыздырғыштан алынатын жылу мөлшері 25%-ға артып, ал тоңазытқышқа берілетін жылу мөлшері 25%-ға кемісе, онда машинаның ПӘК-і неге тең болады? (52%)

3.Кестеде идеал жылу машинасының ПӘК-інің қыздырғыштың температурасына тәуелділігі көрсетілген. Тоңазытқыштың температурасы өзгермейді. Осы жылу машинасының тоңазытқышының температурасын кельвинмен өрнектеңіз


Оқушылар телефон арқылы интернетке Kahoot қа кіреді


ҚБ: «Мұғалімнің бағалауы» әдісі.


3 балл беріледі.

Оқулық.

Дәптер

Тақта



https://kahoot.com/schools-u/



Кері байланыс

Мақсат бойынша кері байланыс береді:

Блоб ағашы

Оқушылар сабақ мақсаты бойынша кері байланыс береді: Блоб ағашына стикер жабыстырады



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Мотивациясы жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Мотивациясы төмен оқушыларға қолдау көрстіледі.



«Қорытынды» әдісі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 желтоқсан
573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі