жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "К дыбысы мен әрпі"
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Сүйіндінова Жанна Ризабекқызы
Күні: Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Бізді қоршаған әлем Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі. 2-сабақ |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру. 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. 1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу. 1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу. |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Әріпті таниды,ажыратады, оны дыбыспен сәйкестендіреді.Сөздің буыннан тұратынын түсінеді, буын санын анықтайды. Оқушылардың көпшілігіорындай алады Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастырады. Кейбір оқушылар орындай алады: Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу.
|
||
Тілдік мақсат
Алдыңғы оқу: |
Оқушылар орындай алады: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: Ауызекі сөйлеу стилі Талқылауға арналған сұрақтар: -Неліктен олай болды?-Не үшін? Не себепті солай деп ойладың? Ишара: арқасынан қағу, қол соғу Нәтиже сабақ |
||
Бағалау критерилері |
Әріптерді таниды және ажыратады. Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды табиғатқа деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу, бірлесіп жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту. |
||
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану, көркем еңбек. |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Слайд, видео |
||
Тілдік құзыреттілік |
Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Ертеңгілік шеңбері Өнеміз,өсеміз, Он саусақтың саласындай, Өнеміз, өсеміз, Бір үйдің баласындай. -Үлкенге де сіз, -Кішіге де сіз, -Құрметпенен сіздерге, -Бас иеміз біз! Әр түрлі суреттер бойынша топқа бөлемін.
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болайын деп тұр ? -Алдымызда қандай мереке келе жатыр? -Елбасымыз сендерге арнап хат беріп жіберген екен, сол хатта былай деген екен: « Құрметі 1 «ә» сынып оқушылары сіздерді алдағы меркелеріңізбен құттықтаймын. Сіздердің білімді ұрпақ екендеріңізге сенемін. Сол үшінде бүгін сіздерге бірнеше тапсырмалар ұсынып отырмын, сол тапсырмаларды дұрыс орындап- білім шыңына шығуларыңызға тілектеспін.» Оны бізге ақылды үкі әкеліпті. |
Шаттық шебері
Жануарлар, құстар, ағаштар, адамдар, киімдер суреттері
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут
|
« Миға шабуыл» әдісі арқылы -Балалар қазір мен сендерге өткенді пысықтап бірнеше сұрақтар қоямын соған дұрыс жауап беруге тырыссақ 1 тапсырманы орындадық деген сөз. «Сиқырлы сандықша» (МК) Сандықшада шешуі Кк дыбысынан басталатын жұмбақтар жасырылған. 1 топ Қабат-қабат қаттама Ақылың болса аттама. (кітап) 2-топ Үсті толған түрпі Оның аты ........ (кірпі)
3-топ Ақ сандығым ашылды Ішінен жібек шашылды (күн) 4-топ Өз атын өзі шақырады Сөйтіп күнді батырады. ( көкек)
- Жұмбақтардан ортақ қандай әріпті естіп тұрсыңдар, балалар? -Ендеше сабағымыз қандай дыбыс жайлы болмақшы? Тақтаға назар аударайық? -К дыбыс қай дыбысқа ұқсас екен? 2 тапсырманы орындайық ( жеке тапсырма ретінде) Дыбыстық талдау беремін Дескриптор: Білім алушы - Сөзді оқиды - Әріп, дыбыс санын айтады - Буын санын айтады - Сұрақ қоя біледі
|
Видео тыңдату
Смайликтер арқылы бағалау |
|
Сергіту сәті 1 минут |
Көжегім тұршы, Бетіңді жушы, Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы, Сөмкеңді алшы, Мектепке баршы. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ видео |
|
Қызықты тапсырма 8 минут
Аяқталуы
16 минут
|
3-тапсырма Дәптермен жұмыс Балалар К дыбысының жазылуына қарайық. К дыбысын жазады. 5 сөз оқимын, сөздік диктант жазады
Кесе, шелек, Еркін, кілт, текемет Дескриптор: Білім алушы - сөздерді дұрыс жазады - жазу үлгісін сақтайды 4- тасырма Топпен жұмыс. 1-топ «Қабырғаға хат» әдісі Дескриптор: Білім алушы -Сөздерді оқиды , есінде сақтайды, қиындыдан табады, орнына қояды. 2-топ Мәтін құрайды Дескриптор: Білім алушы - Сөйлемдерді оқиды - Ретімен мәтін құрайды 3-топ К әрпіне сөздерді топтастырып жазады Дескриптор: Білім алушы - Сөздерді жазады,оқиды -Сауатты жазады 4-топ Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді топстастырады. Дескриптор: Білім алушы - Сөздерді табады - Сөздерді оқиды - Сұраққа жауап береді 5- топ суреттерге сөйлем құрайды - Жарайсыңдар балалар, бәрің де тапсырманы орындап, тамаша жауап бердіңдер 5 жолды өлең Синквейн әдісі |
Жұппен бағалау ( түрлі қарындаш) АКТ-дан көрсетілген дұрыс жауаппен тексереді де бір-бірін бағалайды.
Топтарды бірін-бірі бағалату
Топ суреттері бойынша |
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Кері байланыс Оқушылар «Ақылды үкі» әдісі бойынша білім баспалдағына белгілеу. Үйге тапсырма 46 бетті жазу, Қызыл кітап жайлы біліп келу |
Түсті магниттермен |
|
Рефлекция – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Смайлик, бес саусақ.
|
Пәнаралық байланыс жаратылыстану, көркем еңбек. Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Ақылды үкіге апарып магниттер жапсырады
|
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері толықтай орындалды деп ойлаймын.Сабақтың мақсатына жетуіме белсенді оқыту әдіс түрлерін пайдаландым. «Миға шабуыл», «К дыбысын топтастыру», «Қабырғаға хат», «Кім сұрағына жауап беретін сөздер табу», «Синквейн» әдістерін қолдандым. Бұл сабақтан кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді аңғара білді.Сабақта белсенді оқыту әдістері әр тапсырма сайын өзгертіліп отырғандықтан сабақ қызықты өтті деп ойлаймын. Жоспарланған саралау әдісіне дыбыстық талдауды жекеше жұмыс ретінде жақсы іске асты,тапсырма бүгінгі сабақтың оқу мақсатына жетуіне мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі:
1:Топтық жұмысқа оқушылар белсене қатысты.
2:Сәйкестендіру әдісі кезінде ойларын анық жетізуге дағдыланды.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды:
1: Қызығушылығын арттыратын тапсырмалар.
2:Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуы,өз ойын, пікірін айта білуі.
3:Бағалаудың шынайылылығы.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Сабақ барысында оқушылар берілген тапсырмалар бойынша топпен, жеке белсенді әдіс-тәсілдер арқылы жұмыс істей алды. Дегенмен әлде де олардың қабілеттерін шыңдайтын, дарынды оқушыны әрі қарай ынталандыратын, шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ететін тапсырмаларды дайындау керек екенін түсіндім. Осы сабақ бойынша алған білімдерінің деңгейін оқушылар кері байланыс кезінде шынайы көрсете білді. Жалпы сабақтың нәтижесіне келер болсам, алға қойған мақсаттарым мен міндеттерге жету жолындағы ұстанымым іс-әрекет арқылы өз деңгейіне жетті деп ойлаймын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген