400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "К дыбысымен таныс бол" мектепалды даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
К дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасау. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды К дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету. Таза қазақ тілінде сөйлеуге,байланыстырып сөйлеуге, түзу отыруға тәрбиелеу. . Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ шешу т.б.) Оқу іс-әректеті барысында еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: К к дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: К дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасау.
Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды К дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету. Таза қазақ тілінде сөйлеуге,байланыстырып сөйлеуге, түзу отыруға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, көрнекілік, ойын, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктері: к дыбысының баспа түрі, текшелер, кеспе әріптер, слайд
Ұйымдастыру іс- әрекетінің барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу ( шарлардың түсі арқылы топқа бөлінеді)

Алтын ереже:

• Сабаққа белсенді қатысу

• тыныштық сақтау

• Бірін- бірі тыңдау

• Ойын ашық айту

• Бір- бірін сынамау

• Ынтымақтастық


2. Өткен сабаққа шолу.

1. «Миға шабуыл» стратегиясы.

-Дыбыс деген не?/естиміз,айтамыз/

-Әріп дегеніміз не?/көреміз,жазамыз,айтамыз/

-Дыбыс нешеге бөлінеді?/дауысты,дауыссыз/

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?/созылып/

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?/қысқа/

− Бәрекелді! Ал енді балалар, біз өткен ұйымдастырылған оқу -іс әрекетімізде қай әріпті өткен едік? Естеріңде бар ма?
− Дұрыс, Ее әрпі мен дыбысын өткенбіз. Қанеки« Сөз ойла ,тез ойла» ойыны

Е дыбыс кездесетін сөздерді айтайық.

- Емен, ешкі, есік, екі, есен, еркін, есек, елік, емші т. б.
- Еркін емен ағашын отырғызды.
− Ее қандай дыбыс?
− Дұрыс, дауысты. Неге дауысты?
− Өкпеден шыққан ауа іштен еркін шығады.
− Ее әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?
− Сөздің басында, ортасында және соңында
(балаларға жекелеп буын құратып айтқызамын мысалы: де, бе, ең, ер, ре т. б.)
- Мінекей, балалар, біз қанша әріпті білеміз. Осы буындармен сөз құрай аламыз.

3. Жаңа сабақ «Не артық?» ойыны арқылы жаңа сабақты бастаймыз.

-Балалар, қазір қандай мезгіл?

-Күз мезгілі.

-Күз мезгілінде нелер піседі?

-Жемістер, көкөністер.

-Мына қағазда суреттер көрсетілген. Осы суреттерден артық суреттерді табамыз да, сызып тастаймыз .

Шие, алма, өрік, жүзім, алмұрт, көбелек, кеме, күшік , кілем суреттері.

Яғни, суреттердің арасында мына суреттер артық болып шығады: көбелек, кеме, күшік, кілем

Осы суреттердің атын атаймыз.

-Осы сөздерде сөз басында қандай дыбыс естіліп тұр?

-К - дыбысы.

-Ендеше бүгін біздің танысатын дыбысымыз –К дыбысы.

-К – к- к-к - бірнеше рет дауыстап хормен айту.

-Дыбыс кедергіге ұшырап тұр. Сондықтан ол дауыссыз қатаң дыбыс.


Ия дұрыс айтасыңдар Кк дыбысынан басталып тұр. Бүгін біз осы К дыбысымен танысамыз. Кк дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс.

4. Әр топқа суретті карточкалар таратылады. Сол суретте бейнеленген суретті атайды және жазады.

-Міне балалар осы суреттегі заттар қандай дыбыстан басталып тұр екен.

Күшік, күрек, көбелек және кірпі

5. Сергіту сәті

6. Оқулықпен жұмыс.

1. К әрпінің жазба түрімен таныстыру. Ауада жазу

2. К әрпінің жазылу әдісімен таныстыру.

Жазу дәптеріндегі К әрпінің жазба түрін жазып үйренеміз!


7. Тіл ұстарту жаттығуы. «Жалғасын тап» ойыны.


Кі-кі – кі

Бұлаңдайды түлкі. Ек-ек-ек

Гүлге қонар көбелек.

Ек – ек – ек

Жер қазатын күрек.

8. «Ойлан тап» жұмбақ шешеу.

Жұп-жұмыр жаны бар

Инеден тоны бар

Түйреген түрпі

Бұл не? (кірпі)

2.Таңмен төзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн)

3. Гүл ұшып гүлге қонады,

Гүл-бақшам гүлге толады. (көбелек)

4. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)


-Кірпі,күн,көбелек, кітап сөздерінде бірінші қай дыбыс естіледі?Кдыбысы қай жерде келіп тұр?


9. Тақтамен жұмыс. ( әр топтан бір баладан шығып, тақтаға сөздер жазады.)

Ана, ата, сан, тас.


10.Сабақты қорыту, бекіту.

-Қай дыбыспен таныстық?

-Қандай дыбыс?

-К дыбысы сөздердің қай жерлерінде жазылады. Сөздің басында, ортасында, аяғында. К дыбысы кездесетін сөздер айту.

11. Бағалау. «Бас бармақ » тәсілі

Сабақ аяқталды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
575
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі