Сабақтың тақырыбы:
К к дыбысы мен
әрпі
Сабақтың
мақсаты: К дыбысымен
таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буын ішінде
бекіту, дыбыстық талдау жасау.
Дидактикалық
материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін
дамыту. Балаларды К
дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету. Таза қазақ тілінде
сөйлеуге,байланыстырып сөйлеуге, түзу отыруға
тәрбиелеу.
Әдіс -
тәсілдері: әңгімелеу,
көрнекілік, ойын, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктері:
к дыбысының
баспа түрі, текшелер, кеспе әріптер,
слайд
Ұйымдастыру іс- әрекетінің
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі.
Топқа
бөлу ( шарлардың түсі арқылы топқа
бөлінеді)
Алтын
ереже:
• Сабаққа белсенді
қатысу
• тыныштық
сақтау
• Бірін- бірі
тыңдау
• Ойын ашық
айту
• Бір- бірін
сынамау
• Ынтымақтастық
2. Өткен сабаққа
шолу.
1. «Миға шабуыл»
стратегиясы.
-Дыбыс деген
не?/естиміз,айтамыз/
-Әріп дегеніміз
не?/көреміз,жазамыз,айтамыз/
-Дыбыс нешеге
бөлінеді?/дауысты,дауыссыз/
-Дауысты дыбыстар қалай
айтылады?/созылып/
-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?/қысқа/
−
Бәрекелді! Ал енді
балалар, біз өткен ұйымдастырылған оқу -іс
әрекетімізде қай әріпті
өткен едік? Естеріңде бар ма?
− Дұрыс, Ее
әрпі мен дыбысын өткенбіз. Қанеки« Сөз ойла
,тез ойла»
ойыны
Е дыбыс
кездесетін сөздерді айтайық.
- Емен, ешкі, есік, екі, есен, еркін, есек,
елік, емші т. б.
- Еркін емен ағашын
отырғызды.
− Ее қандай
дыбыс?
− Дұрыс, дауысты. Неге
дауысты?
− Өкпеден шыққан ауа іштен еркін
шығады.
− Ее әрпі сөздің қай жерлерінде
кездеседі?
− Сөздің басында, ортасында және
соңында
(балаларға жекелеп буын құратып айтқызамын
мысалы: де, бе, ең, ер, ре т.
б.)
- Мінекей, балалар, біз қанша әріпті білеміз.
Осы буындармен сөз құрай аламыз.
3. Жаңа сабақ
«Не
артық?» ойыны арқылы жаңа сабақты
бастаймыз.
-Балалар, қазір қандай
мезгіл?
-Күз
мезгілі.
-Күз мезгілінде нелер
піседі?
-Жемістер,
көкөністер.
-Мына қағазда суреттер
көрсетілген. Осы суреттерден артық суреттерді табамыз да, сызып
тастаймыз .
Шие, алма, өрік, жүзім,
алмұрт, көбелек, кеме, күшік , кілем
суреттері.
Яғни, суреттердің арасында
мына суреттер артық болып шығады: көбелек, кеме, күшік,
кілем
Осы суреттердің атын
атаймыз.
-Осы сөздерде сөз басында
қандай дыбыс естіліп тұр?
-К -
дыбысы.
-Ендеше бүгін біздің танысатын
дыбысымыз –К дыбысы.
-К – к- к-к - бірнеше рет
дауыстап хормен айту.
-Дыбыс кедергіге ұшырап тұр.
Сондықтан ол дауыссыз қатаң дыбыс.
Ия дұрыс
айтасыңдар Кк
дыбысынан басталып тұр. Бүгін біз осы К
дыбысымен танысамыз. Кк дыбысы қатаң дауыссыз
дыбыс.
4.
Әр топқа суретті карточкалар
таратылады. Сол суретте бейнеленген суретті атайды және
жазады.
-Міне балалар осы суреттегі заттар қандай
дыбыстан басталып тұр екен.
Күшік, күрек, көбелек және
кірпі
5. Сергіту
сәті
6. Оқулықпен
жұмыс.
1. К әрпінің жазба түрімен таныстыру. Ауада
жазу
2. К әрпінің жазылу әдісімен
таныстыру.
Жазу дәптеріндегі К әрпінің жазба түрін жазып
үйренеміз!
7. Тіл ұстарту
жаттығуы. «Жалғасын
тап» ойыны.
Кі-кі –
кі
Бұлаңдайды түлкі.
Ек-ек-ек
Гүлге қонар
көбелек.
Ек – ек –
ек
Жер қазатын
күрек.
8. «Ойлан тап» жұмбақ
шешеу.
Жұп-жұмыр жаны
бар
Инеден тоны
бар
Түйреген
түрпі
Бұл не?
(кірпі)
2.Таңмен төзін
ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)
3. Гүл ұшып гүлге
қонады,
Гүл-бақшам гүлге толады.
(көбелек)
4. Қабат-қабат
қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)
-Кірпі,күн,көбелек, кітап
сөздерінде бірінші қай дыбыс естіледі?Кдыбысы қай жерде келіп
тұр?
9. Тақтамен
жұмыс. ( әр топтан бір баладан шығып, тақтаға сөздер
жазады.)
Ана, ата, сан,
тас.
10.Сабақты қорыту,
бекіту.
-Қай дыбыспен
таныстық?
-Қандай
дыбыс?
-К дыбысы сөздердің қай
жерлерінде жазылады. Сөздің басында, ортасында, аяғында. К дыбысы
кездесетін сөздер айту.
11. Бағалау. «Бас бармақ
» тәсілі
Сабақ
аяқталды.