400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ К к дыбысы мен әрпі. 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

«Есет» мектеп-балабақша кешені

Күні:14.10.2019

Мұғалімнің аты-жөні:Жалғасбаева .С

Сынып: 1 «А»

Қатысқандар: 12, Қатыспағандар:0

Пәні:

Тақырыбы:

Сауат ашу

К к дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары:

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.1.2 Оқудың түрлерін,( буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу)қолдану

1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

1.3.10.1 заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:Білім алушылардың барлығы әріптерді таниды, ажырата алады және оны дыбыспен сәйкестендіреді. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу ) қолдана алады. Берілген сюжетті сурет бойынша әңгіме құрап айта алады. Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қоя алады.

Көбі: Сурет бойынша әңгіме желісін сақтай отырып, құрастыра алады.

Кейбір оқушылар: Алған білімге мысалдар келтіру арқылы оны дәлелдеп өздері жұмыс жасайды.

Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын өмірмен байланыстырып айта алады.

Бағалау критерийлері:

-Әріпті таниды, оны дыбыспен сәйкестендіре алады,буындап, тұтас оқи алады.

-Мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіре алады, оқудың түрлерін қолдана алады.

- Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Ресурстар:


Тілдік мақсат:


Құндылықтарды дарыту:

Ынтымақтастық

Еңбек және шығармашылық

Құрмет

Адамгершілік

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, көркем еңбек, дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдылары:


Бастапқы білім:

К дыбысы мен әрпінің баспа түрін және дауыссыз екенін біледі.

Жоспар:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет:

Ресурстар:

Сабақтың басы:5 минут

Ширату «Ақ тілек»

Көңіл-күйлеріңіз қалай?

Керемет (Бас бармақ арқылы)

Ынталарыңыз ше?

Ғажап (Қолдарын көтеру)

Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?

Тамаша! (Алақан шапалақтау)

«Жабық және ашық сұрақ» әдісін жүргіземін.

Мақсаты: Білім алушылардың алдыңғы білімдерін еске түсіру.

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дыбыс дегеніміз не, әріп дегеніміз не?

-Е дауысты дыбыс па? Неліктен?

-Е дыбысы бар сөздерге мысал келтірейік:

Топқа бөлу:1. Алғырлар

2.Талаптылар

3. Ойшылдар


Сабақ ортасы: 25 минут

Жаңа сабақ:

1.Жұмбақ шешу:1.Қабат-қабат қатталған

Асыл сөзбен апталған

Парағы бар сөйлейтін

Ол қазына өлмейтін (кітап)

2. Оқушыға күнде еріп

Жүретңн не (күнделік)

3.Жаңбыр жауды жерімде

Көкте өрнек керілді.

4.Үлкен алтын табақтан

Әлемге нұр таратқан (күн)

5.Көп-көп ине көп ине

Үсті толған бәрі ине

Іс тікпейді әрине (кірпі)

К дыбысымен және әріп таңбасымен таныстыру

Суреттермен таныстыру



Топтық жұмыс.

Әр топқа суреттер беріледі.

Дескриптор:

Суреттерді атайды

  • Дыбыстық талдау жасайды.

  • Буынға бөледі.

  • К дыбысының сөздегі орнын анықтайды.

  • ҚБ: «Шапалақ»



Оқулықпен жұмыс

1 тапсырманы оқу(хормен оқу, жеке оқу)



Дәптермен жұмыс.

  • Біздер сөздерді оқыдық. «К» дыбысын ауада жазамыз. Сосын дәптерге өзіміз жазамыз.

Дискриптор:

- жазу жолының сызықтары мен жоларалық кеңістікті сақтайды;

- әріп элементтерін дұрыс байланыстырады;

- суретті сөйлеммен дұрыс байланыстырады;

- сөйлемдерді сауатты, көркем жазады.

Бағалау: Әдемі жазған көршімізді бас бармақ арқылы бағалаймыз.



Сергіту мнуты

Жаңылтпашты жатқа айту

Шеше, шеше,

Неше кесе

Сынды кеше

Дискриптор:

Жаңылтпашты жатқа айтады.

Осы жаңылтпашқа ұқсас өз нұсқаларын құрастырады.

ҚБ: «Мадақтау»



3-тапсырма Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді табу.

Дискриптор:

Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді табады.

  • Буынға бөледі.

К дыбысының сөздегі орнын анықтайды.

ҚБ: «От шашу»



«Ата ақылы» өлеңін оқу және жатқа айту


Сабақ соңы

Бағдаршам


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі