Материалдар / Ашық сабақ: Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы,Ққ-3-18 тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы,Ққ-3-18 тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы 14- ке толған , бірақ 18-ге толмаған адамдар танылады (78- бап)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Наурыз 2021
2224
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пәні: Қылмыстық құқық


Курс: 3 курс


Сабақтың тақырыбы: Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы


Сабақтың түрі: семинар сабақ


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: студенттерге қылмыстың қоғамға қауіпті іс- әрекет екенін түсіндіру; кәмелетке толмағандардың қылмысы және қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы мағлұмат беру; тәрбиеге әсер етуші факторларды талқылау.


Дамытушылық: заң талаптарын үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамау және құрметтеу ұғымын қалыптастыру.


Тәрбиелілігі: студенттердің белсенділігін арттыру, топпен жұмыс жасау арқылы бірін-бірі сыйлауға, шешім қабылдауға, қажетті ақпараттарды бөліп алуға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.


Сабақта қолданылатын әдістер:

1) Жеке, жұптасып, топпен жұмыс

2) Баптармен жұмыс

3) Сұрақ-жауап

4) Мәзір ойыны

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ҚР Қылмыстық кодексі


Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, топқа біріктіру

а) студенттермен сәлемдесу

ә) студенттерді түгендеу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) студенттердің назарын сабаққа аудару

г) Топ 2-ге бөлінеді : «Әділет », «Ақиқат»


II.Үй тапсырмасын сұрау : Соттылық

Тапсырманы бағалау.


III.Проблемалық сұрақ қою.


IV.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы


Жоспар : 1)Қылмыс - қоғамқа қауіпті әрекет.

2)Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі

3)Кәмелетке толмағандарды қылмысы үшін жазалау


1.Қылмыс - қоғамқа қауіпті әрекет

-Қылмыс дегеніміз – заң қылмыс деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік

-Қылмыстың қоғамда жасалу себептері :

Кедейшілік

Жұмыссыздық

Мәдениеттің төмендігі

Адамгершіліктен азғындау

Отбасылық тәрбиенің дәрменсіздігі

Маскүнемдіктің етек алуы

Нашақорлық.


2.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі

-Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы 14- ке толған , бірақ 18-ге толмаған адамдар танылады (78- бап)


3.Кәмелетке толмағандарды қылмысы үшін жазалау

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері – 79- бап

Айыппұл :

Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ;

Қоғамдық жұмыстарға тарту ;

Түзеу жұмыстары ;

Бас бостандығын шектеу ;

Бас бостандығынан айыру ;

Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.

V.Жаңа тақырыпты бекіту.

-Сұрақ-жауап.

-Тапсырма №1

Мәзір ойыны : Төмендегі жағдайларда қандай қылмыс, қылық, кикілжің яғни өзге әлеуметтік нормалардың бұзылғаның анықтауларың керек

1 «Әділет» тобы

Марат пен Санат үзіліс кезінде төбелесіп қалды. Екеуіде бір – бірінің бет ауыздарына оңдырмай таңба салды. Санат Мараттың көйлегін жыртып тастады (кикілжің)

20 жастағы ағайынды Дидар мен Алмат 1 курс студенті Рауанды есірткіге үйретті (қылмыс )

Әуесқан бірге оқитың жолдасының 900 теңгесін ұрлап алды (қылмыс)

Индира өзіне жаңа джинсы әпермегені үшін әке – шешесіне ренжіп ешкімге айтпастан құрбысының үйіне кетіп қалды(қылық)

Жабаев Иманбай 2 ай бойы сабаққа бармай жүр, ол биологиядан беретін оқытушыны жақтырмайды, бірақ ата-анасы оны басқа жаққа ауыстырудан бас тартты (кикілжің)

3 курс студенті Марат Жазым өз тобындағы және төменгі топтардағы студенттерді қорқытып ақша жинаған (қылмыс)

2 «Ақиқат» тобы

Аңға шыққан кезінде Омаров Қадіржан байқаусызда досының қолын атып алды (қылмыс)

Дт-1-17 тобының 3 студентінің ата – анасы мектеп жиналысына келмеуді әдетке айналдырған. Себебі үшеуініңде баласының үлгерімі нашар.Олар өз балалары жөнінде жағымсыз хабар естігісі келмейді (кикілжің)

Аида ағасы автобуста жымқырып кеткен 100 долларды үйдің бір жеріне тығып тастады. Бұл жөнінде ата- анасына тіс жарған жоқ (қылмыс)

Мұрат «Альянс» дүкенінен бейне камера сатып алды.Камера түрлі – түсті етіп түсірмейді. Кепіл берілетін мерзімі өтпесе де дүкен қызметкерлері камераны айырбастаудан бас тартты . Олардың пайымдауынша камераны қалағандай етіп жөндеуге болады, Ал Мұратттың ата- анасы болса қалайда айырбастауды талап етіп отыр (кикілжің)

Дене шынықтыру сабағында оқытушы студенттердің белтемірге тартылуын талап етеді, егер студент 40 рет тартыла алмаса оқытушының айтатыны «шикі өкпе, жалқау» (қылмыс)

Асанбаев 14 ай бойы қызына алимент төлемей келеді. Ол кездейсоқ,уақытша жұмыстарда жүр (қылмыс)


-Тапсырма №2


Қылмыс объектісі және объективтік жағы «Әділет » тобы

Қылмыс субъектісі және субъективтік жағы «Ақиқат» тобы

Тапсырма №3

Топтастыру

1) « Әділет » тобы Қатыгездік – деген не, неден пайда болады, болдырмау жолы ?

2)«Ақиқат» тобы. Қылмыс дегеніміз не ?

Тапсырма №4 пікір талас « Әділет » тобы :

Айгөлек лагерінде демалып жатқан 3 құрбы «Азия Даусы » конкурсына ешкімге айтпастан, концертке билет алмай кіріп кетті.Лагерге таңғы 5-те оралды, келсе ботадай боздап әке – шеше отыр.Лагер директоры, тәрбиеші қыздарда осында түнімен 3 қызды іздеп бүкіл лагер ұйықтамаған.

«Ақиқат » тобы :

1 курста оқитын Ержан жүргізуші куәлігін алып екі айдай әкесінің машинасын жүргізді.Көктайғақта ол бір қарт әжені қағып кетіп, қарт әже аяғын сындырып алды. Жас жігіт қатты қорқып ұялы телефоны арқылы әкесін шақыртып екеулеп әжейді ауруханаға алып барды.Сөйтсе әжейдің жақын тусықандары жоқ екен. Ержан ауруханаға күнде келіп тұрды. Азық- түлік, дәрі-дәрмек жағын өз мойнына алды.Ауруханадан шыққаннан кейін әжейді үйіне апарып салды.


VI.Сабақты қорытындылау :

1. Қылмыс дегеніміз не ?

- Қылмыс дегеніміз – Заң қылмыс деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік

2.Әрекетсіздік дегенді қалай түсінесің ?

- Азаматтың қылмыстың дайындалып не жасалып жатқанын біле тұра, оның алдын алу бағытында әрекет жасамауы, заңда көрсетілген азаматтық міндетін орындамауы

3.Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері қандай ?

-ҚР Қылмыстық Кодексі (79 бап)

Айыппұл :

Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ;

Қоғамдық жұмыстарға тарту ;

Түзеу жұмыстары ;

Бас бостандығын шектеу ;

Бас бостандығынан айыру ;

4. ҚР Қылмыстық кодексі қашан қабылданды ?

-1997 жыл 16 шілдеде қабылданып 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді

5. Қылмыстың болу себептері?

Кедейшілік

Жұмыссыздық

Мәдениеттің төмендігі

Адамгершіліктен азғындау

Отбасылық тәрбиенің дәрменсіздігі

Маскүнемдіктің етек алуы

Нашарқорлық

Рефлексия.

VII.Үйге тапсырма : «Нигилизм» тақырыбында эссе жазып келу (Ой- толғаныс)




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!