400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Канзаши" өнері 5 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Канзаши" өнері 5класс "Канзаши" өнері жапон елінің дәстүрлі шаш сәндеуге арналған әшекей.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ» МКҚК






«Бекітемін»_________

БЖШҮ директор

С.Д.КАЗИНА

21 қазан 2021 ж.









«КАНЗАШИ» ӨНЕРІ

ашық сабағы





Өткізген: «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі

Сариева. Ж.М.













Ақтөбе қаласы, 2021ж.

Мақсаты: Оқушыларға канзаши өнерін меңгерте отырып, қолөнерге деген қызығушылығын арттыру.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды өзге де халықтардың қолөнерлерімен таныстыру. Канзаши тарихы мен техникасы туралы түсінік бере отырып, білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылық пен шыдамдылыққа баулу, еңбек тәрбиесі арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қызығушылығы мен, шығармашылық ой-өрісі мен қиялын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:

Мұғалім үшін: Проектор, слайд, плакаттар, дайын бұйымдар.

Оқушы үшін: қайшы, ине-жіп, атлас, жібек таспа (лента), майшам, іскек, ыстық желім, қарындаш, сызғыш, қатты картон қағаз, бисер, моншақтар т.б.

Сабақ түрі: Аралас, практикалық сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,әңгімелесу, сарамандық жұмыс.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

II.Өткенді қайталау арқылы жаңа сабаққа кірісу:

  1. «Кинусайга» өнері туралы не білеміз?

  2. Қандай құрал-жабдықтар қажет?

  3. Жасалу жолдарына тоқталсақ ?

III. Жаңа сабақ

Мақал: Өнер қуып ой түзе,

Жұмыс қылып бой түзе.

Бүгінгі сабақта біздер жапон елінің өнері – «Канзаши» өнерімен танысып, оның жасалу жолдарын үйренеміз. Канзаши (Kanzashi) – жапон елінің дәстүрлі шаш сәндеу өнерінде қолданатын шашқа арналған әшекей. Канзаши өнерінің ішінде ерекше орын алатыны Hana kanzashi – жібек матадан жасалған гүлді түйреуіштер, шаш қыстырғыш таяқшалар және тарақтар.

Тарихы. Жапон халқының kushi – тарақ және kanzashi – түйреуіштер әйел мінез-құлқын, әлеуметтік және отбасылық жағдайын білдіретін болған. Әйел шаш үлгісіне қарап қандай әлеуметтік топқа жататындығы, тұрмыс құрған ба, жоқ па оның жасымен тіпті неше баласы бар екенін білуге болады. Міне, осылай шашқа арналған әшекей жапон әйелдерінің өмірінде өте маңызды роль атқара бастады. Тіпті кейбір шаш әшекейіне жұмсалған шығындар қымбат жібек кимано шығындар бағасынан да асып түсті. Жаңа дәуір басталмай тұрып сәнді тарақтар мен түйреуіштер, яғни канзаши өнері, жапон сән әлемі мен әлеуметтік мәдениетінің маңызды бөлігіне айналды. Edo (1603-1867) дәуірінің орта кезінен бастап бұл техника империя сотындағы қызметші әйелдердің ермегіне айналды. Ақырында бұл техника жапон қоғамын мойындатты.

Канзаши қазіргі уақытта. Қазіргі уақытта оны қалыңдықтар мен кимано киетіндер, гейшалар, жапон дәстүрінің білгірлері, жапон шай салтанаты мен икебана жасау кезінде киеді. Канзаши – әртүрлі материалдардан жасалған. Мысалы: сырланған ағаш, алтын, күміс және әртүрлі металдар, тасбақа сауыты мен жібек матадан жасалған. Соңғы кезде тіпті пластмассадан да жасала бастады. Канзаши тағудың көптеген нұсқасы мен стильдері бар. Шайханадағы ән айтып, би билейтін қыздарды – Гейша деп атаған. Гейшалар – тағатын канзаши оның мәртебесін білдірген. Шаш сәндеу түйреуіштері қатаң сақталған ретпен және орын-орнымен тағатын болған. Сонымен қатар жыл мезгілдеріне байланысты мезгілдік канзаши табиғат өзгерістерін қайталап отырған. Бір жылда 12 ай, осы 12 айдың өзіне тән түсте кимано және канзаши киетін болған. Мэйко – үлкен гейшаларға қарағанда көп әшекей тағады. Бұл гейшаның оқушысы.

IV Сарамандық жұмыс

Қауіпсіздік ережелері

  • Инені арнайы түйрегішке қада!

  • Қайшыны ұшымен берме!

  • Майшамды дұрыс пайдалану !

Қажет материалдар:

  • Атлас, жібек таспа (лента)

  • Ине-жіп

  • Майшам

  • Іскек (пинцет)

  • Ыстық желім

  • Қайшы

  • Қарындаш

  • Сызғыш

  • Қатты картон қағаз

  • Бисер, моншақтар т.б.



Сарамандық жұмыс барысы:


Канзаши Цумами техникасының негізі - оригами өнерінде жатыр. «Tsumami» сөзі – «қыстырып алу», «қысып алу» деген мағына береді.

Канзаши жасаудың жалпы қағидасы мынадай:

Ол үшін таспаны қажетті ұзындықта шаршы етіп қиып алып, жиектерін майшаммен өңдеп, бүктелген таспа қиындысын іскек арқылы қысып, оның ұштарын қыздырып өңдеп, гүлкүлте жасаймыз. Осы гүлкүлтелерді ине-жіппен тігу арқылы немесе ыстық желіммен желімдеу арқылы гүл жасап, шаш қыстырғышқа бекітеміз. Гүл жасау үшін гүлкүлте жасаудың 2 классикалық түрі бар:

  1. Жіңішке ұшты гүлкүлте.

  2. Дөңгелек гүлкүлте.





        • Таспадан екі бірдей 5*5 см шаршы қиып аламыз. Бұл жерде таспа еніне көңіл бөлу керек. Қиылған шаршы жиектері сетінеп, сөгітіліп кетпесі үшін жиектерін майшаммен өңдейміз. Гүлкүлтеміз неғұрлым көп болған сайын, жасайтын гүліміз соғұрлым көлемді болмақ.

  • Енді осы шаршының екі ұшын бір-бірімен беттестіріп үшбұрыш жасаймыз. Сол үшбұрышты тағы да бір-бірімен беттестіріп кішкене ұшбұрыш жасаймыз да орта сызығын белгілеп алып тағы бір бүктейміз.

  • Гүлкүлтенің ұштарын қиып, тегістеп болған соң кіскепен ұстап тұрып майшам жалынына күйдіреміз. Бұл процесс гүлкүлте ұштарын бекіту үшін өте қажет.

  • Жіңішке, ұшты гүлкүлте жасаудың бірнеше тәсілін қарастырайық: бір түсті және екі түсті гүлкүлте



Екі түсті ұшты гүлкүлте №1

Бірдей өлшемдегі 2 шаршыны бөлек-бөлек үшбұрыш жасап бүктейміз. Содан соң (суреттегідей) ақ түсті сыртына ал қызыл түсті ішіне салып біріктіреміз. Бірінші ақ түсті таспаны ішке қарай бүктейміз сосын қызыл таспаны үшбұрыш жасап бүктейміз. Осы екі түстен жасалған ұшбұрыштың орта сызығынан бүктеп, артығын қиып, ұштарын майшаммен өңдейміз. Дайын гүлкүлтенің ұштарын екі жаққа татрсақ басқа гүлкүлте түрі пайда болады.

Екі түсті ұшты гүлкүлте №2

Бірдей өлшемдегі 2 шаршыны бөлек-бөлек үшбұрыш жасап бүктейміз. Содан соң (суреттегідей) ақ түсті сыртына ал жасыл түсті ішіне салып біріктіреміз. Осы екі түстен жасалған ұшбұрыштың орта сызығынан бүктеп, артығын қиып, ұштарын майшаммен өңдейміз.

Ұшты бүгілген гүлкүлте

Қиылған шаршыны қақ ортасынан диоганалы бойынша бүктеп, оны тағы да екі рет бүктейміз де ұшын қиып өңдейміз. Содан соң (суреттегідей) астыңғы жағынан қиғаш қиып, сол қиылған жерін қіскепен қыса отырып майшаммен өңдеп, біріктіреміз де оң жағына айналдырамыз. Сол кезде өңделген жағы астыңғы жағында қалады.

Дөңгелек гүлкүлте №1

Қиылған шаршыны қақ ортасынан диоганалы бойынша бүктеп, үшбұрыш жасаймыз. Ұшбұрыштың екі жоғарғы бұрышын төменгі бұрышына қарай біріктіріп бүктейміз. Содан соң (суреттегідей) қақ ортасынан сыртқа қарай бүктеп, артығын қиып, өңдейміз.

Дөңгелек гүлкүлте №2

Shape2

Қиылған шаршыны қақ ортасынан диоганалы бойынша бүктеп, үшбұрыш жасаймыз. Ұшбұрыштың екі жоғарғы бұрышын төменгі бұрышына қарай біріктіріп бүктейміз. Содан соң (суреттегідей) артқы жағына қайырамыз да ұштарын ортасына салып, артығын қиып, өңдейміз.

Екітүсті дөңгелек гүлкүлте №1

Қиылған 2 түсті 5см және 2,5см шаршы қақ ортасынан диоганалы бойынша бүктеп, бірінің үстіне бірін қойып үшбұрыш жасаймыз. Үлкен ақ ұшбұрышты екі жоғарғы бұрышын төменгі бұрышына қарай біріктіріп бүктейміз. Содан соң (суреттегідей) қақ ортасынан сыртқа қарай бүктеп, артығын қиып, өңдейміз.

Екітүсті дөңгелек гүлкүлте №2

Қиылған 2 түсті 5см және 2,5см шаршы қақ ортасынан диоганалы бойынша бүктеп, бірінің үстіне бірін қойып, үшбұрыш жасаймыз. Кішкене күлгін түсті таспаны ортасынан түйреуішпен қыстырып екі бұрышынан ортасына қарай бүктейміз. Үлкен ақ ұшбұрышты таспаны да екі жоғарғы бұрышын төменгі бұрышына қарай біріктіріп бүктейміз. Содан соң (суреттегідей) қақ ортасынан сыртқа қарай бүктеп, артығын қиып, өңдейміз.



Раушан гүлін жасауға арналған гүлкүлте

Қиылған шаршыны қақ ортасынан диоганалы бойынша бүктеп, үшбұрыш жасаймыз. Ұшбұрыштың екі жоғарғы бұрышын төменгі бұрышына қарай біріктіріп бүктейміз. Содан соң төменгі бұрышын көлденең қиып алып, майшаммен өңдейміз.



Жапырақ жасау жолы

Ені 2,5 см, ұзындығы 6 см қиылған таспаны қақ ортасынан беттестіре бүктеп, сол тіктөртбұрышты диоганалы бойынша қиып, жиектерін майшаммен өңдеп, оң жағына айналдырамыз.



Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы. (музыкалық фон)

V Сабақты бекіту.

Сұрақтар:

  1. Канзаши дегеіміз не?

  2. Тарихы туралы не білесің?

  3. Гүлкүлте жасаудың түрлері қандай?


VI Сабақты қорытындылау.

Сонымен балалар, біз бүгінгі сабақта канзаши өнерімен танысып оның жасалу жолдарын сарамандық жұмыс кезінде жасап үйрендік. Сіздерге бүгінгі сабақ ұнады деп ойлаймын. Әрі қарай алған білімдеріңізді іс-жүзінде өмірлік тәжірибеңізде қолданады деп сенемін. «Канзаши» өнерінің басқа да түрлері өте көп ол туралы келесі сабақтарда танысымыз.



VII Үйге тапсырма: Өзімізге ұнаған гүлкүлтелерден шашқа тағатын шаш қыстырғыштар мен шаш түйреуіштер жасап келеміз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
552
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі