Сыныбы: 11а. Күні:
26.01.18ж.
Сабақ
тақырыбы: Карбон қышқылдары
Сабақ
мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға
карбон қышқылдарының жалпы сипаттамасынан
бастап
қасиеттерін, алынуын, қолданылуын түсіндіріп, жан – жақты білім беру.
Дамытушылық: Қышқылдар
туралы білімдерін тереңдету, дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың
қышқылдармен жұмыс істеу кезінде өздігінен
жұмыс
жасауға, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: Аралас сабақ.
Қолданылған
әдіс: Баяндау, түсіндіру, сұрақ –
жауап.
Көрнекіліктері: Интерактивті
тақта, слайд, тірек – сызбалар.
Сабақтың жүру
барысы:
-
Ұйымдастыру
кезеңі. Амандасу, оқушыларды
түгелдеу. 2 топқа бөліп отырғызу
II. Үй тапсырмасын
тексеру. Интераутивті тақтада тапсырмалар
беріледі
-
Заттардың формулаларын
құрастыру
-
Формуласы жазылған заттарды
атау
-
Тест тапсырмасы
-
Сәйкестендіру
IІІ. Жаңа
сабақ.
1. Карбон
қышқылдарының
анықтамасы. Карбон қышқылдары - молекула
құрамында бір немесе бірнеше сутек атомдары карбоксил тобына - СООН
алмасқан көмірсутек туындылары.
O
Карбоксил тобы – C
OH карбонил және гидроксил топтарынан
тұрады.
Карбон қышқылдарының жалпы
формуласы: R-(COOH)x.
2. Карбон қышқылдарының
жіктелуі.
1. Көмірсутек радикалының табиғатына байланысты
жіктеу.
Қаныққан: СН3СООН сірке (этан) қышқылы,
СН3СН2СООН пропион (пропан) қышқылы
Қанықпаған: СН2 = СН – СООН пропен(акрил)қышқылы, С17Н33СООН
олейн қышқылы
Ароматты: С6Н5СООН бензой қышқылы
2. Негізділігіне байланысты
жіктеу.
Бірнегізді: СН3СООН – сірке қышқылы,
СН2 = СН – СООН акрил қышқылы
Екінегізді: НООС – СООН қымыздық қышқылы
НООС – СН2 –
СН2 -
СООН янтарь қышқылы
Көпнегізді: Лимон қышқылы (ОН)-С3Н4
-СООН)3
3. Номенклатурасы.
4.Изомериясы.
Көмірсутек
радикалының орны: СН3-СН2-СН2-СООН
бутан
қышқылы
СН3-СН-СООН
СН3
2-метилпропан
қышқылы
Классаралық:
СН3-СН2-СООН
пропан
қышқылы
СН3-СООСН3 сірке қышқылының метил
эфирі
5.Физикалық қасиеттері:
Гомологтық қатарда
молекулалық массаларының өсуіне қарай суда ерігіштігі кемиді,
қайнау температуралары өседі.
С1 –
С3 Өткір иісті сұйықтықтар, суда жақсы
ериді
С4 –
С9 Май тәрізді қоймалжың сұйықтықтар, жағымсыз иісі бар, суда
нашар ериді
С10 ≥
Қатты
заттар,иісі жоқ, суда ерімейді
6. Химиялық
қасиеттері.
1. Жану: СН3СООН +2О2=2СО2+2Н2О
2. Әлсіз қышқылдардың
қасиеті: a. Mg+2CH3COOH=(CH3COO)2Mg+H2
b.
CaO+2CH3COOH=(CH3COO)2Ca+H2O
c.
NaOH+CH3COOH=CH3COONa+H2O
d.
KНCO3+CH3COOH=CH3COOK+H2O+CO2
3.
Этерификация (спиртпен әрекеттесіп күрделі эфир
түзеді):
НСООН + С2Н5ОН =
НСООС2Н5 + Н2О
Құмырсқа қыш. Этанол құмырсқа
қышқылының
этил эфирі
4.
Орынбасу реакциясы:
СН3-СН2-СООН +Cl2=CH3-CHCl-COOH
+HCL
5.“Күміс айна” реакциясы (сапалық
реак)
HCOOH + Ag2O=CO2+H2O+2Ag↓
7. Карбон
қышқылдарының алынуы:
1.Альдегидтердің
тотығуы:
өрш,
t
RCHO +
O2
------------ 2RCOOH
(зертханалық
тотықтырғыштар:
Ag2O, Cu(OH)2, KMnO4 т.б.)
табиғатта
кездесуі және алу жолдары
2. Спирттердің
тотығуы:
t, өрш.
RCH2OH +O2 ------------ RCOOH + H2O
3. Көмірсутектердің
тотығуы:
t, өрш.
2С4Н10 + 5О2
------------ 4СН3СОН + 2Н2О
4. Тұздардан (зертханалық
әдіс):
CH3COONa + H2SO4= CH3COOH + NaHSO4
Крист.
Конц.
8.Қолданылуы. Құмырсқа
қышқылы – Н-СООН. Бірнегізді
қаныққан қышқыл. Өзіңе тән өткір иісі бар. Құмырсқалардың
бездерінен бөлінетін күйдіргіш зат. Спирттегі ерітіндісі ревматизм
ауруын емдеу үшін пайдаланады.
Сірке қышқылы СН3СООН -өткір иісті, суда жақсы еритін, түссіз сұйық зат.
Сірке қышқылы жануарлардан бөлініп шығатын зәрдің, тердің құрамында
кездеседі, сусыз сірке қышқылын мұзды сірке қышқылы деп атайды,
себебі 16 градуста ол қатып, мұзға ұқсас кристалл түзеді.
70-80%-
тік ерітіндісі сірке
эссенциясы, ал 6-9 %-
тік сулы ерітіндісі
асханалық сірке суы деп аталады. Сірке қышқылы бояу өнеркәсібінде,
медицинада, дәрі-
дәрмек жасауда
қолданылады.
Пальмитин
қышқылы С15Н31СООН
.
Стеарин
қышқылы - С17Н35СООН . Иіссіз, суда ерімейтін қатты заттар
. Майдың
құрамында болатын жоғары карбон қышқылдары. Бұл қышқылдарды
майлардан бөліп алады. Қышқылдардың тұздарынан сабын , автокөлік
майларын, май шамдарын алуда қолданады.
Лимон
қышқылы – (ОН)- С3Н4
-
(СООН)3
Лимон қышқылы лимон,
ананас, қарақат, бүлдірген жемістерінің құрамында кездеседі. Лимон
қышқылын тәтті сусындар жасауда, кондитер саласында және дақтарды
кетіруде қолданады.
ІV. Жаңа сабақты
қорыту. Өзіндік
жұмыс
1)Төмендегі карбон қышқылдарының
структуралық формуласын жазыңдар:
3,5,5 –
триметилгексан қышқылы
2-метил-3-этилгептан
қышқылы
2,4-диметилпентан
қышқылы
2) Қышқылдардың
формулалары:
HNO3, CH3COOH, H2SO4, H3BO3, HCOOH, HCI, H3PO4, HF, C2H5COOH, C3H7COOH.
Бейорганикалық
қышқылдар: …
Органикалық
қышқылдар: …
V. Үйге
тапсырма: Карбон қышқылдары
VI. Бағалау. Бағалау парақшасы