жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Кәсіпкерлік"
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АЛМАТЫ ҚАРЖЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«БЕКІТЕМІН»:
АҚҚжТК директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары
_____________Бергембекова Ш.Ж.
«_____» _______________ 2018 ж
АШЫҚ САБАҚ
Пән: Экономика негіздері
Тақырыбы: Кәсіпкерлік
Мерзімі: 26.11.2018ж.
Мамандығы: 0518000 - «Есеп және аудит», 121 топ
Оқытушы: Семжанова Гульмира Махамбетқалиқызы
«Келісілді»: «Қаралды»:
Оқу-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі ШППО жетекшісі
_____________Қазыбекова К.С. _____________Сыдыкова Б.М.
«____» ____________ 2018 ж «____» ____________ 2018 ж
Алматы-2018
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Мерзімі: 26.11.2018ж
Топ: 121
Пән: Экономика негіздері
Тақырыбы: Кәсіпкерлік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларға кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жасау жолдарын үйренуге кәсіби бағыт - бағдар беру. Сонымен бірге кәсіпкерлік жолдары, сатылары, қоғамның прогрессивті дамуы, экономика заңдылықтарының орындалуы, елімізде жасалып жатқан оң қадамдар төңірегінде түсінік беру.
Дамытушылық:
Білім
алушылардың бойында іскерлік, әдеп,
ұйымдас-тырушылық қабілетін және
экономикалық терминдерді оқып үйренуге,
сараптама жасауға,
өзіндік ой қорытындылауға, ұжыммен
жұмыс дағдыларын қалыптастыру, кәсіпкерлік
туралы түсініктерін, ой - өрісін
арттыру.
Тәрбиелілік:
Кәсіпкерлік
еңбекке баулу, маңызды шешім қабылдай
алатын, жетістікке жететін белсенді
азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың қамтамасыздандырылуы:
а) оқу-көрнекілік құралдар:
Жолдасова Г.А. Экономика негіздері. Астана, Фолиант, 2011
Әубакиров Б.,Байжұмаев Б., Экономика теориясы КазНу-2000
Шеденов У.К. Жалпы экономикалық теория.- Ақтөбе: А- Полиграфия,2004
«5 әдістен» - «50 әдіске»!!!
б) ТОҚ/ТСО компьютер, слайдтар, проектор, тақта
Пәнаралық байланыс: Математика, дүниежізілік тарих, география, әдебиет.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
Өткен тақырыпты пысықтау кезеңі: «Қар кесегі» әдісі
Жаңа сабақ: «INSERT» әдісі, «Өрмекші торы» әдісі /топтық жұмыс/
Сабақты бекіту: «Кластер» әдісі,
Сергіту ойыны. «Екі дұрыс, бір бұрыс» әдісі
Қорытындылау: «Кәсіпкерлік қазақ мақалдарында»
Рефлексия: «Алма ағашы» әдісі
Бағалау. (Сараптама парағы бойынша білім алушылар өздерін бағалау)
Үйге тапсырма.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
(Сабақты бастамас бұрын сурет қиындыларының сәйкестігіне қарай білім алушыларды 2 топқа бөліп аламыз.)
(Әр топқа сарапшы-басшы тағайындаймыз, сараптама парағы беріледі)
Өткен тақырыпты пысықтау кезеңі. «Қар кесегі » әдісі:
(Әрбір топ окушылары басқа топтағы білім алушыларға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.)
Жаңа сабақ. «INSERT» әдісі:
(Оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру)
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев : «Алға қарайтын кез келді, іске кірісетін кез келді. Ерік-жігерімізді танытатын кез келді. Өмірімізді өзгертетін кез келді!» деп айтқандай қандай да кәсіп өндірістің үш факторынан тұрады. Олар: табиғи, еңбек және капитал. Оларды байланыстырушы адам.
Олай болса ақылмен қорыта алатын, тәуекелге бара алатын, адамдар басқара алатын және қойған мақсатына жете алатын адамды кәсіпкер деп атаймыз. Ал оның іс-әрекетін кәсіпкерлік деп атаймыз.
Экономикада басты рольді кәсіпкерлік атқарады. «Кәсіпкерлік» сөзінің мағынасы-орысша, ол «іске асыру», ал «бизнес -ағылшын сөзі, мағынасы –іс.
Кәсіпкерлік – экономикалық іс–әрекет, мақсаты пайда табу, табысқа ие болу. Кәсіпкерлер әр түрлі іс-әрекетпен шұғылдана алады.
Кәсіпкерліктің негізгі түрлері: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және кеңестік.
Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндірумен шұғылданады. Мысалы, жиһаз шығарады, нанның түрлерін жасайды, шаштараздары болады.
Коммерциялық кәсіпкерлік – саудамен шұғылданады, яғни өндірушіден сатып алған дайын тауарды басқа бағамен сатады. Мысалы, базарда, дүкендерде, жекелей және көтерме саудада жүзеге асады. Пайда сатып алу бағасы мен сату бағасының айырмашылығынан құралады.
Қаржылық кәсіпкерлік – ақша және құнды қағаздарды сату және сатып алудан тұрады. Олардың пайдасы қаржы қорларын сату және процент алудан құралады.
Консультативтік кәсіпкерлік – құқықтық, өз ісін ұйымдастыру жөнінде кеңес беру, балаларды кейбір пәндерді меңгеруіне көмек кеңесі. Сол қызметі үшін төленетін ақыдан пайда құралады.
Пайда табу – кәсіпкерліктің негізгі мақсаты. Кез-келген экономикалық іс-әрекет кәсіпкерлік бола алады. Кәсіпкерлік өз бетімен, бастамашылдықпен істеу, жауапкершілік, тәуекел, белсенді ізденіс, өзгеріске бейімділікпен сипатталады. Кәсіпкерліктің кез-келген түрі жеке меншікке негізделген. Нені өндіруді немен айналысуды және қайда, қалай сату мәселесін адамдар өздері шешеді.
Кәсіпкерлік – кез келген адам айналысуға болатын әрекет түрі. Табысты кәсіпкер болу үшін білім, іскерлік, қабілеттілік, күш – жігер, жауапкершілік, табиғи дарын болуы керек.
«Әрбір
кішкене жұмыстан түпкі мақсатқа жетудің
баспалдағын көре білу – адамның идеалы
болуының ең жақсы көрсеткіші». (Б. М.
Теплов).
Басқару саласындағы ірі
маман Макс Вебер бизнесті ақыл - ойдың
дәнін себуші ретінде бағалаған. Атақты
ортағасырлық араб ғұламасы Ибн Халдун
кәсіпкерлікті «Адамдардың өз мүмкіндігі
мен адал еңбегі арқылы молшылыққа кенелу
іс - әрекеті» деп бағалады.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу».
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс.
Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды.
Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Өмір
сүріп отырған ортамыз көз ілестірмес
жылдамдық пен өзгеруде. Осыдан жиырма
жыл бұрын мамандардан басқа адамдар
қолданбайтын, «кәсіпекер», «бизнес»,
«коммерция» деген ұғымдар қазіргі кезде
күнделікті қолданатын ұғымдарға айналды.
Шынайы кәсіпкерліктің бастамасы
адамдардың бәріне бар, бірақ әр адамда
әрқалай дамыған. Егер музыкалық қабілет
туа беріледі десе, кәсіпкерлік жүре
пайда болатын формасы.
Кәсіпкерлік
қызмет экономиканың шаған формасына
жатады әрі ол ұжымда жүзеге асады.
Кәсіпкерлік қызметті: кәсіпкер, кәсіпорын
және тұтынушы жүзеге асырады.
Өз
жұмысын жүргізу үшін кәсіпкерге ерте
ме, кеш пе жұмысшы жалдау қажет. Осы
сатыдан бастап кәсіпкер менеджер рөлін
атқарады.
Кәсіпкерлік
өз ынтасымен тәуекелге бел буа алатын,
жеке табыс пен пайда табуға ұмтылған
азаматтардың қызметтері болып табылады.
Кәсіпкерлік кез келген адам айналысуға
болатын әрекет түрі. Бірақ құқы бар
барлық адам кәсіпкер болуы тиіс емес.
Табысты кәсіпкер болу үшін білім,
іскерлік, қабілеттілік, күш - жігер,
жауапкершілік, табиғи дарын болуы
керек.
Кәсіпкерлер
әр түрлі іс - әрекетпен шұғылдана
алады.
Кәсіпкер кез - келген уақытта
өз бетінше шешім қабылдайтын, жаңалықтарын
белсенді түрде тез іске асыратын, барынша
тапқыр, тәуекелшіл, жігерлі, жауапкершілікті
адам.
-
Кәсіпкер қандай болу керек?
- Фирмалар
қалай құрылады және қандай түрлері
бар?
- Шағын және орта кәсіпкерліктің
мәні мен маңыздылығы неде?
Кәсіпкер
оның білімін, біліктілігін, бизнестің
мәнін және ерекшеліктерін түсінуін
сипаттайтын кәсіби қасиеттерге де ие
болуы керек.
1. Қолайлы жағдайды тиімді
пайдалана білу.
2. Уақытты пайдалана
білу. «Уақыт – ақша» деген сөзді бизнесмен
өз мәнінде түсінуі керек. Уақытты
жоғалтқанда өз мүмкіндігің мен дәрежеңді
де жоғалтасың.
3. Еркі мықты болу.
Мақсат қойсаң, оған жет.
4. Өз ісіңді
таба білу қабілеті. Әр адамның қабілеті
мен біліктілігі әр түрлі, сондықтан
қолынан не келетінін өзі анықталған
маңызды.
5. Іске бағыттала білу. Соңына
дейін беріле істей білу – кәсіпкердің
маңызды қасиеті.
6. Құрбандыққа даяр
болу. Бизнесте жетістікке жетем десең,
өз уақытың мен үйреншікті тұрмыс
жағдайларын, ұйқыңды жиі қиюға тура
келеді.
Кәсіпкерге
тән қасиеттер
1. Адалдық, яғни серіктестердің өз
ара сенімділігі.
2. Жауапкершілік.
Нағыз кәсіпкер өз қылығына ақшасымен,
мүлкімен жауапты болады.
3. Сыйластық.
Іскерлік қарым-қатынас әдебін сақтау
керек.
4. Сабырлылық пен қанағатшылдық.
Тиісті шекті сақтау және көре білу,
өзінің ырықсыз тілектері мен ұмтылыстарын
басқара білу.
5. Мінез-құлық мәдениеті.
Іскерлік қарым-қатынастардың ережелерін
білу, оны сақтау.
Кәсіпкерге
жат қасиеттер
1. Жалқаулық
2. Жауапсыздық
3.
Заңға бағынбау
4. Алдау, өтірік айту
5. Басқаның дүниесін иелену
6.
Қызғаншақтық
7. Бәсекелесін жоюға
ұмтылу
8. Кәсіпкерліктің әдеп
ережелерін сақтамайтындар
9. Басқа
адамдардың мүддесін ескермеу
Бірақ
көптеген кәсіпорындардың ұжымдастыру
формасы басқаша- қоғамдық, акционерлік,
серіктестік. Серіктестікте әр адамның
өз үлесі болады. Ал акционерлік қоғамда
әр адамның әр түрлі үлестегі пакет
акциясы болады. Бұл басқаруға қатысуға
мүмкіншілік береді. Шешім қабылдау
дауысқа салумен жүзеге асады, әрбір
қатысушының дауыс саны пакет акциясының
үлес санына тең.
Ашық акционерлік
қоғам (ААҚ)-шығаратын акцияға ашық
жазылуға, оларды еркін сатуға құқылы.
ААҚ акционерлерінің санына шек қойылмайды.
Жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ) -
акцияны тек құрылтайшылар арасында
бөліседі.
Серіктес шаруашылық –
капитал айналымы бар коммерциялық ұйым.
Оларды жауапкершілігі шектеулі
серіктестікке бөледі
Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында қарастырған мәселелердің өзектілерінің бірі кәсіпкерлікті дамыту жөнінде:
«Біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсу маңызды. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар енгізуге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Оны “Бизнестің жол картасы-2020” деп атауды ұсынамын.»-делінеді.
Елімізде мыңдаған кәсіпкерлік фирмалар жұмыс істейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен шағын бизнес пен кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау, жеке көмек бар. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жеке кәсіпкерлік туралы Заңы шықты. Ол Заң азаматтардың Қазақстан Конституциясында белгіленген кәсіпкерлік қызметпен айналысуына, еркіндік құқығын іске асыруға, жеке кәсіпкерлік үшін мемелекеттік кепілдіктер жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Бизнес құрған адамдарды «кәсіпкер» деп атайды, яғни «дамуға құлшынысы бар, кәсіпте біршама тәуекелге баратынына қарамастан, оны ұйымдастырып, басқару арқылы пайда табу» үшін жұмыс істейтін адам. Кәсіпкерліктің анықтамасы бизнесті ашу мен жүргізуге негізделгенімен, бизнес ашудағы тәуекелдің молдығынан жаңа ашылған кәсіпкерліктердің жабылуына тура келеді.
Есептеп көр /Табыс, шығын, пайда/
«Өрмекші торы» әдісі бойынша
Бизнес-жоспар құру жобасы (топтық жұмыс)
Алдымен өздеріңе мына сұрақтар қой:
Менде өзім ләззат алатын қандай хобби немесе қабілет бар?
(тігу, тоқу, кулинария, кесу, сурет салу т.б.)
Менің қабілетімді қалай адамдарға пайда әкелетіндей етуге болады?
Мен нені таңдаймын?
Ал енді ойлан да , мына сұрақтарға жауап бер:
Өз істеріңді суретте. Оны не ерекшелендіреді?
Сенің тауарыңды немесе қызмет көрсетуіңе кім қызығушылық білдіреді?
Өз ісіңді бастау үшін саған ақша қажет пе? Егер керек болса, қанша?
Саған шикізат немесе ресурс керек пе? Оларды қайдан алуға болады?
Сатып алушылар сенің тауарың немесе қызмет көрсетуің туралы қалай біледі?
Қандай пайда алғың келеді?
Сен пайданы қайда жұмсағың келеді?
4. Сабақты бекіту:
1. «Кластер» әдісі
(әр топ өздерінің тұжырымды ойларын қағазға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады )
2. «Екі дұрыс, бір бұрыс» әдісі Сергіту ойыны.
1. Кәсіпкер адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам. (дұрыс)
2. Кәсіпкерлік – адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. (дұрыс)
3.Бизнесмен-жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
(дұрыс емес)
4. Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндірумен шұғылданады. (дұрыс)
5. Консультативтік кәсіпкерлік - ақша және құнды қағаздарды сату және сатып алудан тұрады. (дұрыс емес)
6. Коммерциялық кәсіпкерлік – саудамен шұғылданады, яғни өндірушіден сатып алған дайын тауарды басқа бағамен сатады. (дұрыс)
7. Қаржылық кәсіпкерлік – құқықтық кеңес беру, өз ісін ұйымдастыру жөнінде кеңес беру, балаларды кейбір пәндерді меңгеруіне көмек кеңесі. (дұрыс емес)
Қорытындылау. «Кәсіпкерлік қазақ мақалдарында»
Кәсіп түбі – .... (несіп)
Бір кісі қазған құдықтан,..... (мың кісі су ішеді)
Шебер қол ..... (шет қалмайды)
Еңбек ширатады, .......... (өмір үйретеді)
Есесі қайтпас ................ (еңбек жоқ)
Ерінбегеннің саулығы егіз,......... ( қозысы семіз)
Келісті сөз күміс, ..............(жемісті жұмыс алтын)
Жеті рет өлшеп, ......... (бір рет кес).
Есептей білгеннің ....... (есесі кетпейді).
Судың да ...................(сұрауы бар).
Теңге ................(тиыннан құралады).
Көрпеңе қарай ......... (көсіл).
Ақшаны табудан ....... (шашу оңай).
Ақшаны ..... (ақша жасайды).
Ақша кетуге тырысады, .....(есеп ұстауға тырысады).
Бағалау. Сарапшылардың жұмысы: (сараптау және бағалау)
Рефлексия: «Алма ағашы» әдісі
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Тәулігіне 24 сағатты секундпен есептесек 86 400 секунд шығады. Ал осы 86400 секундтың әрбірін теңге деп алатын болсақ, күн сайын сіздің есепшотыңызға 86400 теңге салып, кешке қарай сіздің пайдаланып үлгірмеген ақшаңыздың қалдығын қайтарып алып отыратын банк бар деп ойлаңыз. Сіз қайтер едіңіз. Әрине күн батқанша есебіңіздегі бар ақшаны алып, тыным таппас едіңіз. Біздің әрбірімізде сондай банк бар. Ертең ертемен ол банк сіздің есебіңізге 86 400 секунд салады. Әрбір кеште ол банк пайдалы іске жаратпаған уақытты сіздің есебіңізден алып жоққа шығарып отырады. Бұл банк есептегі ақшаны жинақтауға , сақтап отыруға мүмкіндік бермейді. Ештеңені қайтаруға, өзгертуге болмайды.
Олай болса, Уақыт-жалғыз ғана орны толмас асыл қазына, біз үшін уақыттай тегін берілетін, бірақ уақыттай қымбат тұратын ештеңе жоқ. Уақыт ешкімді күтпейді. Кеше-тарих қойнауына еніп кетті, ертеңгі күн-жұмбақ, дәл бүгінгі күн-уысымыздағы сыйлық. Олай болса, бүгін әрқайсысыңыздың қорыңыздығы қаржы 86 400 теңгені ұтымды пайдалана біл дегім келеді.
Үйге тапсырма: «Егер мен кәсіпкер болсам» эссе жазу.
2. «Екі дұрыс, бір бұрыс» әдісі Сергіту ойыны.
1. Кәсіпкер адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам. (дұрыс)
2. Кәсіпкерлік – адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. (дұрыс)
3.Бизнесмен-жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
(дұрыс емес)
4. Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндірумен шұғылданады. (дұрыс)
5. Консультативтік кәсіпкерлік - ақша және құнды қағаздарды сату және сатып алудан тұрады. (дұрыс емес)
6. Коммерциялық кәсіпкерлік – саудамен шұғылданады, яғни өндірушіден сатып алған дайын тауарды басқа бағамен сатады. (дұрыс)
7. Қаржылық кәсіпкерлік – құқықтық кеңес беру, өз ісін ұйымдастыру жөнінде кеңес беру, балаларды кейбір пәндерді меңгеруіне көмек кеңесі. (дұрыс емес)
Нарықта бәсекеге түседі
2. Кәсіпкерлік қызметпен айналысады
3. Тәуекелден қорықпайды
4. Тәуекелге барады
5. Белсенді ізденісте болады
6. Барлық жауапкершілікті өз мойнына алады
7. Тәуекелділікке бас тігеді
8. Фирмаларды, дүкендерді басқарады
9. Өз ісін ашқан адам
10. Өз ісін ұйымдастырған адам
11. Сауда жасаумен айналысады
12. Заңда тиым салынбаған кез келген қызмет түрлерімен айналысады
Кәсіпкерге
тән қасиеттер
1. Адалдық, яғни
серіктестердің өз ара сенімділігі.
2.
Жауапкершілік. Нағыз кәсіпкер өз қылығына
ақшасымен, мүлкімен жауапты болады.
3.
Сыйластық. Іскерлік қарым-қатынас әдебін
сақтау керек.
4. Сабырлылық пен
қанағатшылдық. Тиісті шекті сақтау және
көре білу, өзінің ырықсыз тілектері мен
ұмтылыстарын басқара білу.
5.
Мінез-құлық мәдениеті. Іскерлік
қарым-қатынастардың ережелерін білу,
оны сақтау.
6. Уақытты пайдалана білу.
«Уақыт-ақша» деген сөзді бизнесмен өз
мәнінде түсінуі керек.
2.
«Екі дұрыс, бір бұрыс» әдісі Сергіту
ойыны.
1. Кәсіпкер адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам. (дұрыс)
2. Кәсіпкерлік – адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. (дұрыс)
3.Бизнесмен-жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
(дұрыс емес)
4. Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндірумен шұғылданады. (дұрыс)
5. Консультативтік кәсіпкерлік - ақша және құнды қағаздарды сату және сатып алудан тұрады. (дұрыс емес)
6. Коммерциялық кәсіпкерлік – саудамен шұғылданады, яғни өндірушіден сатып алған дайын тауарды басқа бағамен сатады. (дұрыс)
7. Қаржылық кәсіпкерлік – құқықтық кеңес беру, өз ісін ұйымдастыру жөнінде кеңес беру, балаларды кейбір пәндерді меңгеруіне көмек кеңесі. (дұрыс емес)
Нарықта
бәсекеге түседі
2. Кәсіпкерлік
қызметпен айналысады
3. Тәуекелден
қорықпайды
4. Тәуекелге барады
5.
Белсенді ізденісте болады
6. Барлық
жауапкершілікті өз мойнына алады
7.
Тәуекелділікке бас тігеді
8. Фирмаларды,
дүкендерді басқарады
9. Өз ісін ашқан
адам
10. Өз ісін ұйымдастырған адам
11. Сауда жасаумен айналысады
Кәсіпкерге
жат қасиеттер
1. Жалқаулық
2.
Жауапсыздық
3. Заңға бағынбау
4.
Алдау, өтірік айту
5. Басқаның дүниесін
иелену
6. Қызғаншақтық
7. Бәсекелесін
жоюға ұмтылу
8. Кәсіпкерліктің әдеп
ережелерін сақтамайтындар
9. Басқа
адамдардың мүддесін ескермеу
Есеп.Табыс,
шығын, пайда
І топ
Есептеп, сіздің
«Рахат» фирманыз пайда алған, алмағанын
анықтаңыз, егер мыналар белгілі болса:
Фирма табысы:
Конфет сатылды
жалпы табысы -150 000 теңге
Фирма шығыны:
1. Қызметкерлерге жалақы – 70 000
2.
Салық төленді 7000 теңге
3. Көлік
қызметтеріне жұмсалған шығын -8000 теңге
Фирма табысы:150000
Фирма шығыны:
«Өрмекші торы» әдісі бойынша
Бизнес-жоспар құру жобасы (топтық жұмыс)
Алдымен өздеріңе мына сұрақтар қой:
Менде өзім ләззат алатын қандай хобби немесе қабілет бар?
(тігу, тоқу, кулинария, кесу, сурет салу т.б.)
Менің қабілетімді қалай адамдарға пайда әкелетіндей етуге болады?
Мен нені таңдаймын?
Ал енді ойлан да , мына сұрақтарға жауап бер:
Өз істеріңді суретте. Оны не ерекшелендіреді?
Сенің тауарыңды немесе қызмет көрсетуіңе кім қызығушылық білдіреді? Неге?
Өз ісіңді бастау үшін саған ақша қажет пе? Егер керек болса, қанша?
Саған шикізат немесе ресурс керек пе? Оларды қайдан алуға болады?
Сатып алушылар сенің тауарың немесе қызмет көрсетуің туралы қалай біледі?
Қандай пайда алғың келеді?
Сен пайданы қайда жұмсағың келеді?
ІІ
топ
Есептеп, сіздің «Баян сұлу»
фирманыз пайда алған, алмағанын анықтаңыз,
егер мыналар белгілі болса:
Фирма
табысы:
1. Печенье сатылды -15000 тенге
2. Сыйлық үшін алынды 500
3. Сыйлық
орамасындағы печенье сатылды -2000 тенге
Сома:17500
Фирма шығыны:
1. Орама
материалдары -300 тенге
2. Қызметкер
еңбегінің ақысы -5000 тенге
3. Ұн сатып
алу -800
4. Май, сүт, қант сатып алу- 1500
5. Электр энергиясы ақысы -500 тенге
6. Бөлмелерді жинау -1000 тенге
7.
Сыйлық орамы -300
Сома:
Фирма
табысы:12500
Фирма шығыны:
Пайда:
«Өрмекші торы» әдісі бойынша
Бизнес-жоспар құру жобасы (топтық жұмыс)
Алдымен өздеріңе мына сұрақтар қой:
Менде өзім ләззат алатын қандай хобби немесе қабілет бар?
(тігу, тоқу, кулинария, кесу, сурет салу т.б.)
Менің қабілетімді қалай адамдарға пайда әкелетіндей етуге болады?
Мен нені таңдаймын?
Ал енді ойлан да , мына сұрақтарға жауап бер:
Өз істеріңді суретте. Оны не ерекшелендіреді?
Сенің тауарыңды немесе қызмет көрсетуіңе кім қызығушылық білдіреді? Неге?
Өз ісіңді бастау үшін саған ақша қажет пе? Егер керек болса, қанша?
Саған шикізат немесе ресурс керек пе? Оларды қайдан алуға болады?
Сатып алушылар сенің тауарың немесе қызмет көрсетуің туралы қалай біледі?
Қандай пайда алғың келеді?
Сен пайданы қайда жұмсағың келеді?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген