Материалдар / Ашық сабақ. Кейіпкерлер арасындағы диалог
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Кейіпкерлер арасындағы диалог

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жəне бағалау критерийлерімен таныстырады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бөлімі

III бөлім. Сөзбе-сөз (ортақ тақырыптар: «Менің мектебім», «Менің туған жерім»)

Педагогтің аты-жөні

Ахметова А.

Күні

06.12.2024ж.

Сыныбы: 2 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Кейіпкерлер арасындағы диалог

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Оқушылар өздері оқитын мектептің ерекшеліктері туралы əңгімелейді.

Оқушылардың көбі үшін:

Құрастырған сөйлемді компьютерде қалай теріп сақтауға болатынын айтады.

Кейбір оқушылар үшін:

Пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастырады.

Құндылықтар:

Еңбекқорлық пен Отансүйгіштік

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі

(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.

І. Қызығушылықты ояту. «Балық, құс, аң» ойыны

Ойынның шарты: жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана: «балық, құс, аң» деп айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде даусын қаттырақ шығарып:

«Балық!» (немесе «аң, құс»), – деп айтады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.

Бұл ойын оқушылар арасында психологиялық жағымды ахуал орнатады.

Топтастыру

«Есімдер арқылы топтастыру» əдісі

Оқушылардың есімдерін балмұздақтардың таяқшаларына жазыңыз, жауап беру үшін кездейсоқ тəртіппен оларды таңдап шығарыңыз. 1, 2, 3-ке дейінгі сандарды допқа немесе оқушылардың саны немесе сыныптағы отыратын орнының нөмірі жазылған санауыштарда жазыңыз.

1- топ: 2- топ: 3- топ:

(МК, Ұ) Ой

қозғау.

«Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.

Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз

Өзің оқитын

мектептің қандай

ерекшелігін атай аласың?

Құрастырған сөйлеміңді компьютерде қалай теріп сақтауға болады?

Компьютерде мəтін теруге арналған қандай программаларды білесің?

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды

«Қошеметтеу» əдісі

арқылы бағалайды.



ойларын айтып,

жауап береді.




Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ортаға ой салады.

Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жəне бағалау

критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

(МК. Т) Оқулықпен жұмыс. «ДЖИГСО» əдісі

Көлемді мəтін төрт бөлікке бөлінеді, оқушылар да төрт шағын топқа бөлініп («бастапқы топ»), 1- ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың əрқайсысы өз

нөміріне сəйкес мəтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») құрылады, сарапшылар тобында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады.

Мысалы: мəтіннің №1 бөлігін оқыған оқушылар 1-топқа, т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын

таныстырады, топтық талқылау жүреді.

Дескриптор

  • Жаңа тақырыптың мəтінін оқып, танысады.

  • Топтар арасында талқылайды.

  • Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін толықтырады.

Топтар бірін-бірі сабаққа қатысқан белсенділігіне қарай

«Қошеметтеу» əдісі

арқылы бағалайды.


Мақсаты: берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, əртүрлі тəсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамытады.

Тиімділігі: ынтымақта, бірлікте жұмыс істеуге, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді.

Интерактивті тақта


(МК. Ө)

Практикалық жұмыс

Оқулықта берілген практикалық тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен компьютерде орындауға болады.

Орында.

  • Мəтін тергенде қазақ алфавитінің ə, ө, ұ, ү, і, ғ, қ, ң, һ əріптерінің орналасуын білу керек.

  • Бұл əріптердің

Оқушылар өзін-өзі

«Қошеметтеу» əдісі

бойынша бағалайды.


Интерактивті тақта


пернетақтада




орналасу орнын




анықтаңдар.




Мысалы, ң =>4 .




Дескриптор






  • Қазақ əліппесінің пернетақтадағы орналасуын

анықтайды.




(Ж) 2- тапсырма.

Дескриптор

Жұптағы оқушылар


Мəтіндік редакторда

  • Кестеде мəтіндік

бірін-бірі тапсырма

Интерактивті

берілген символдарды

редакторда берілген

орындау деңгейіне

тақта

теріңдер. Кейбір

символдарды тереді.

байланысты


символдар ағылшын


«Қошеметтеу» əдісі


алфавитінің


бойынша бағалайды.


орналасуына қатысты.




Shift+Alt пернелерін




бірге бас. KK қазақ




жəне EN ағылшын




тілдерінің жазылу




алфавитіне




ауыстырады.





(Т) «ВЕНН»

диаграммасы 3- тапсырма.

Мəтінді қаламмен жазған ыңғайлы ма, əлде компьютерде терген ыңғайлы ма? Салыстыр. Мысал

келтір.

  • Венн диаграммасы

Топ мүшелері


бойынша берілген

тапсырма

Интерактивті

тапсырманы

орындағанына қарай

тақта

салыстырады.

бірін-бірі


  • Ерекшеліктерін

«Қошеметтеу» əдісі


анықтайды.

бойынша бағалайды.


  • Ұқсастықтарын



жазады.



Сабақтың соңы (7 мин.)


Сабақты бекіту. Рефлексия

(Ө) «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жəшігі» əдісі.

Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды «шабаданның» тұсына жазса, ал

«əлі де оқуым керек», «толықтыруым керек» дегендері болса, «еттартқыштың» тұсына жазады. Сонымен қатар керек болмаған, артық дүниені «қоқыс жəшігінің» тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Қошеметтеу» əдісі бойынша бағалайды.


Мақсаты: оқушы алған білімін саралауға дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Саралау. Сіз қандай тəсілмен көбірек

Бағалау. Сіз

Денсаулығын жəне қауіпсіздік ережесін

қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті

оқушылардың

сақтау.

оқушылардың алдына қандай

материалды игеру


тапсырмалар қоясыз?

деңгейін қалай



тексеруді жоспарлап



отырсыз?


«Диалог жəне қолдау көрсету»,

«Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нəтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып əзірлеуді қамтиды.

«Қошеметтеу» əдісі.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту жəне сабақ беру туралы не айтасыз? 1:

2:


Сабақты жақсартуға не жəрдемдесер еді? Оқыту жəне сабақ беру туралы не айтасыз? 1:

2:

Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аударуым қажет?

1:

2:

Shape1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!