жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Кел, қайталайық. 1 сынып
Мектебі: Шоқан Уәлиханов мектеп-гимназиясы
Мұғалімнің аты- жөні: Ескендирова Перизат Естаевна |
Сабаққа қатысқан оқушылар:
Сабаққа қатыспаған оқушылар: |
|||
Күні: |
||||
Сынып: 1 |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Кел, қайталайық! |
|||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпарат табу.
|
|||
Сабақ мақсаты |
||||
Барлық оқушылар: |
5-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады. |
|||
Оқушылардың басым бөлігі: |
5-бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады. |
|||
Кейбір оқушылар:
|
5- бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады. |
|||
Бағалау критериясы: Оқушылар тыңдаған/көрген/оқыған материалдардың негізінде заттардың атауларын айта білу керек. Қарапайым сұрақтарды қойып, жауап бере алу керек. Суреттер бойынша сөйлемдер құрастырып, өз ойын жеткізе білу керек.
Дескрипторлар: Суреттерге қарап сөйлем құрайды. Сұрақтарға жауап береді. Суреттерге қарап сөйлемдерді сәйкестендіреді. Бір-біріне сұрақтар қояды.
|
||||
|
Жоспарланған жұмыс:
|
Ресурсы |
||
Сабақтың басы (2-5мин)
|
І.Оқушыларды сабаққа дайындау. ІІ.Жағымды көңіл күй қалыптастыру Сәлеметсің
бе,Көк Аспан
ІІІ.Сабақтың мақсатымен таныстыру. -Бүгінгі сабақта біз «Саяхат» бөлімінде өткен тақырыптар бойынша жұмыс жасаймыз, қайталаймыз. Қазір өткен тақырыпты еске түсіру үшін « Төрт сурет, бір ойын» ойынын ойнайық. «Төрт сурет, бір ойын»
|
|
||
Сабақтың ортасы
|
-Онда осы тақырыптар бойынша қайталау сабағымызды бастайық.
Сыныпты үш топқа бөлу. Тақтаға үш оқушыны шақырамын. Ол оқушылардан саяхатқа сыныптың ішінен кіммен барғысы келетінін сұраймын.
«Сен саяхатқа кіммен барасың?» (Балалар осы сұраққа жауап беру арқылы топқа бөлінеді.) -Мен саяхатқа Айшамен барамын. -Мен саяхатқа Темірланмен барамын. -Ал мен Варямен барамын. -Варя, ал сен кіммен барғын келеді?..... Осылайша үш топ болады.
Сендер енді көп болдыңдар. -Сендер саяхатқа немен барасыңдар? -Біз саяхатқа автобуспен барамыз. -Біз саяхатқа ұшақпен барамыз. -Біз саяхатқа пойызбен барамыз.
1. «Автобус» 2. «Ұшақ» 3. «Пойыз» топтары. ( Топ басшылары топ аттарын қорғап шығады. Мысалы : Ұшақ- самолет-plane. Ұшақпен ұшамыз.) Оқушылар топ болып, орындарына отырады.
-Балалар, енді көліктеріңе мініңдер. Қолдарынды ұстап, көздеріңді жұмыңдар. Біз Ғажайыпстанға саяхат жасаймыз.( Музыка дауысы шығады.) -Енді көздеріңді ашыңдар.
«Ғажайыпстанға саяхат.»
-Балалар мұнда көп әріптер өмір сүреді екен. Қане, осы әріптердің ішінен өзімізге таныс үш әріпті таңдап алайықшы. (Әр топ ғ,ә,ө әрпін таңдап алады.) Тапсырма: Ғ, Ә, Ө әріптері кездесетін 5 сөз жазыңдар, суретін салып бейнелеңдер. Постер қорғау. (Бір оқушы Ғ әрпі кездесетін сөздерді жазып, қалған оқушыларға не жазғанын айтады. Қалғандары сол сөздердін суретін ақ қағазға түсіреді. Мысалы: Ағаш –Талдың суреті.) Үш топ кезекпен тақтаға шығып, постерлерін қорғап шығады.
V.Дәптермен жұмыс.
Жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмаларды орындайды.( 2 сөйлем.) Мен дүкенге барамын. Мен тауға барамын.
-Балалар біз Жаңатас қаласына келдік. ( Слайдтан Жаңатас қаласынан көрініс.) -Мынау не? -Мынау дүкен. Мынау саябақ. -Мынау үйлер. -Мынау мектеп. -Бұл Шоқан Уәлиханов мектеп-гимназиясы.
-Иә , балалар .Біз мектепке келдік. Мектепте біз не істейміз? -Біз мектепте оқимыз, жазамыз. -Балалар, біз ғажайыпстанға саяхаттап келдік. Енді мектепке оралайық. -Кітаптарыңды алыңдар.
VI.Кітаппен жұмыс. Оқулықтағы сегіз сұраққа жауап беру арқылы оқушылар жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. -Сен қайда барасың? -Мен дүкенге барамын. -Мынау не? -Бұл ұшақ. -Мынау не? -Бұл тау.
VII.Кері байланыс. Тақтада оқушылардың санына байланысты ауызы жоқ смайликтер ілініп тұрады. Оқушылар өздерінің көңіл күйлеріне байланысты ( көңіл күйі жоқ, көңіл күйі көтеріңкі) ауыздарын салады.
|
А3 парағы Түрлі түсті маркерлер
А3 парағы
Жұмыс
Оқулық |
||
Сабақтың соңы |
VII.Кері байланыс. Тақтада оқушылардың санына байланысты ауызы жоқ смайликтер ілініп тұрады. Оқушылар өздерінің көңіл күйлеріне байланысты ( көңіл күйі жоқ, көңіл күйі көтеріңкі) ауыздарын салады.
|
Рефлексия |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген