400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Келе бер көктем " даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру.Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып,сүйіспеншілікке,табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы:Дюсембаева Лиза Турганалиевна

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы Заречный мектеп балабақша кешені МАД тобының жетекшісі

Даярлық сынып көркем әдебиет сабағы


Оқу қызметінің тақырыбы: Келе бер,көктем.

Оқу қызметінің мақсаты: Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру.Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып,сүйіспеншілікке,табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Шуақты,жер көйлегі.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,әңгімелеу,көрсету.

Оқу қызметінің көрнекіліктері: Көктем мезгілінің суреттері.

Оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Бастаушы:Күн,Күн сен неге күлімдейсің?

Балалар:Көктем келді

-Жаңбыр,жаңбыр,сен неге сыртылдайсың? (Жауынның жауған дыбысы)

-Көктем келді.

Бұлақ,бұлақ,сен неге сылдырлайсың ? (Судың дыбысы)

-Көктем келді.

-Көктем ,құстар,сендер неге сайрайсыңдар?(Құстардың дауысы)

-Көктем келді.

Балалар бір біріне: «Досым,біз де күлімдейікші»,-деседі,

Педагог:

-Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Көктем мезгілінде ең алғаш өсетін гүлді ата

Дәптермен жұмыс: Н.Мұқатовтың көктем мезгіліне арналған өлеңін жаттау.

Күншуақты кез келді,

Көп көрніс көзде енді.

Желге сіңіп қалың қар,

Жер көйлегі өзгерді.

Педагог:

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Қар еріп,қайда сіңеді?

-Жер қандай түске өзгереді?

-Жерде не өседі?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Тыныштық сәті: Баяу әуенмен балалар көздерін жұмып,терең тыныс алады.Жасыл желек жамылған шөптерді ,бүршік атқан ағаштарды,сайраған құстарды,гүлге қонған көбелектерді көз алдарына елестетеді.Гүлдердің иісі қандай әдемі!Иіскейді .Терең тыныс алады.

Дидактикалық ойын: «Гүлдер»

Ойын шарты: Тақтаға гүлдердің суреті ілінеді.Балалар көздерін жұмады,көздерін ашқанда гүлдердің біреуі жоқ болады.Қай гүлдің жоқ екенін табу.

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жай қалам (қимылмен көрсету)

Дәптермен жұмыс: «Көктемгі еңбек» суреті бойынша әңгіме құрастыру

Жұмбақтың шешуін тап

Күн ұзарып қар еріп,

Су сайларға толады,

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Көктемде)


Қорытынды:

  • Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді?

  • Ауа-райын бақыла

  • Ағаштар қалай өзгереді?

  • Көктем мезгіліне арналған өлеңдер айтындар

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
727
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі