400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Келер шақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ашық сабақ. 4 сынып Қазақ тілінен келер шақ тақырыбы бойынша. Жаңа сабақ. Келер шақ туралы тапсырмалар, бейнежазбалар кездезеді. Ай мектеп кз сайты бойынша тест тапсырмасы орындатылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Күні: 20.02.19ж

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Келер шақ

Сабақтың мақсаты:.

Білімділік: Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен,

мезгілден кейін болатын білдіретіндігін түсіндіру.

Дамытушылық: Мәтіннен етістіктерді тапқызып, олардың қай шақта, қай жақта

тұрғанын анықтау арқылы зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін

дамыту.

Тәрбиелік: Сабақ барысында отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: «Дәстүрлі емес сәлем» тренингі, «Бағдаршам» әдісі, өзін-өзі бағалау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, imektep.kz сайты.

Көрнекі құралдар: презентация, үлестірмелі қағаздар, бағалау парағы,

Сабақ барысы.


I.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу үш тілде. Сабаққа дайындығын қадағалау.

II. Психологиялық дайындық:

Сәлемдесу. «Дәстүрлі емес сәлем» тренингі.
1. Бүгінгі біздің сәлемдесуіміз дәстүрден тыс болмақ. Әдетте адамдар бір - бірімен қалай амандасады? Қол алысып, жай сөзбен, бір - бірінің беттерінен сүйіп және т. б. Ал біз қазір сәлемдесудің басқа жолдарын қарастырайық. Бір - бірлеріне иық тигізіп амандасыңдар. Маңдаймен, шынтақпен, арқамен, аяқтың ұшымен.


III. Үй жұмысын тексеру:

Бағдаршам әдісі

Оқушының алдына қызыл және жасыл түсті бағдаршам белгілері қойылады. Мұғалім қойған бірнеше сұраққа байланысты оқушы қолындағы бағдаршам белгілер көтереді. Сұраққа жауабы дайын болса, "жасыл" түсті, сұрақ жауабын білмейтін болса "қызыл" түсті бағдаршам белгісін көрсетеді.

  1. Етістік дегеніміз не?

  2. Етістіктің сұрақтары?

  3. Етістіктің неше шағы бар?

  4. Осы шақ деген не?

  5. Осы шаққа мысал келтіріп жікте?

  6. Өткен шақ деген не?

  7. Өткен шаққа мысал келтіріп жікте?

Өзін-өзі бағалау әдісі.

Оқушы сұраққа жауап бергеніне байланысты өзін-өзі бағалайды.

IV. Жаңа сабақ.

Оқушыға үш түсті алманың суретін беру. Қазақ тілінің екінші дәптерін ауыстыру, бүгінгі күнді жазғызу.

Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбын білу үшін «Артық әріптер» тапсырмасын беріп, тақырыпты анықтау. Көк түспен белгілерген жерге артық әріптер жазылады

  1. Бізге жақын қала

  2. Nose сөзінің қазақша аудармасы

  3. Абай Құнанбайұлының әжесінің аты

  4. Математикаға байланысты

  5. Білім алу орталығы

  6. Алдымызда келе жатқан мейрам

  7. Қазақстан солтүстігінде қай мемлекетпен шектеседі

  8. Зеленый сөзінің қазақша аудармасы


ҚСОКАТЙАН








Shape1


МЕРНҰЫ





Shape2





ЗЛРЕЕ




Shape3






ЖЛЫЕҚАДЫМД









Shape4

МКРЕПЕТ






Shape5






НШАРУЗЫ






Shape6

РАСЕЕЙ





Shape7


ЖЫСҚАЛ





Shape8



- Жарайсың! Сонымен артық әріптерден қандай сөз шықты?

- Келер шақ.

- Келер шақ дегенді өзің қалай түсінесің?

Оқушы жауабы.

- Дұрыс айтасың.


Ендеше бейнежазбаға назар аударайық «Етістіктің шақтары» туралы imektep.kz сайтынан бейнебаян көрсетіледі.

Тақтадағы ережені түсіндіру.

Келер шақ етістіктері іс-әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіреді. Яғни әлі болмаған, енді болатын іс-әрекет. Мысалы: жазады, оқиды, әкеледі

Келер шақ етістіктері не істеймін? не істейсің? не істейді? деген сұрақтарға жауап береді.


Келер шақ өткен шақ және осы шақтар сияқты жіктеледі.

Келер шақтың жіктелуін тақтада түсіндіріп өту.


Оқулықпен жұмыс

2 – жаттығу. Сөйлемдерді аяқтап жаз

Мен сырғанаймын Біз ...

Сен ... Сендер сырғанайсыңдар

Сіз ... Сіздер ...

Ол ... Олар ...



Бағалау парағы бойынша балды қою


Келесі тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою.

Сен білесің бе?


1.Киіз үй жиналмалы ... .

2. Шөл құмы үнемі жылжып ... .

3. Шай тұнбасымен суарылған гүл тез ... .

4. Таңертең тұман басса, ол күні кін ашық ... .

5. Қала шетіне зәулім үйлер ... .

6. Жылқыны «құрау-құрау» деп ... .

7. Пілдерді құрылыс жұмыстарына ... .


Керекті сөздер: отырады, келеді, өседі, салынады, шақырады, пайдаланады, болады

Бағалау парағына балл қою.






V. Сергіту сәті.

«Төрт құбылыс»
«Су», - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді.

Келесі тапсырма дәптермен жұмыс

Тақтадағы араласып келген сөздерді рет-ретімен қою

Рисунок 2

Шартты белгі бойынша сөйлем құрастырып жазу

Shape9 Осы шақ

Shape10

Өткен шақ


Shape11 Келер шақ


Семантикалық карта

Сөздер

Дара

Күрделі

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

сөйледі

+



+


күліп отыр


+

+



тоқтапты

+



+


ұйықтап жатады


+



+

ұшып жүр


+

+



















VI.Өтілген материалды бекіту.

«Дұрыс. Дұрыс емес» ойыны


VII. Қорытынды.

«Алма ағашы» әдісі 
• Оқушыға сабақ басында үш түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.

Сары түсті алмы – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.

Қызыл түсті алма – бүгінгі сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.





Өзін өзі бағалау парағы


Аты жөні __________________________________________


№







Критерии:

Өзін өзі бағалау

1

Оқулықпен жұмыс

2 – жаттығу. Сөйлемдерді аяқтап жаз



Қате жоқ- «5»


1 қате - «4»


2 қате – «3»


3 және одан да көп қате – «2»


2

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою.


Қате жоқ- «5»

1 қате - «4»

2 қате – «3»

3 және одан да көп қате – «2»


3

Тақтадағы араласып келген сөздерді рет-ретімен қою


Барлығы дұрыс «5» –


бір қате болса «4»


2 қате «3»


3 және одан да көп қате - «2»


4

Шартты белгі бойынша сөйлем құрастырып жазу


Барлығы дұрыс - «5»


бір қате болса - «4»



Үштен көп қате – «3»



5

Семантикалық карта

Барлығы дұрыс «5»


Бір қате - «4»


Екі не одан да көп қате - «3»









Қорытынды: 24-25 балл – «5»

15-23–«4»

10- 14– «3»

10 нан төмен – «2»












Сен білесің бе?



1.Киіз үй жиналмалы ... .

2. Шөл құмы үнемі жылжып ... .

3. Шай тұнбасымен суарылған гүл тез ... .

4. Таңертең тұман басса, ол күні кін ашық ... .

5. Қала шетіне зәулім үйлер ... .

6. Жылқыны «құрау-құрау» деп ... .

7. Пілдерді құрылыс жұмыстарына ... .































отырады

келеді

өседі

салынады

шақырады

пайдаланады

болады















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1701
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі