400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Келер шақ" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ психологиялық дайындықтан басталады.Психологиялық дайындық сабаққа зейіндерін аудару үшін өткізіледі.Әртүрлі геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліп алу керек."Галереяны шарлау" стратегиясы арқылы өткен сабақты пысықтап алуға мүмкіндік туады. Сабақты сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясына негіздеп құрастырдым.Математика сабағымен тығыз байланыстырдым.Сабақта жеке, жұппен жұмыс, топпен жұмыстарды оқушылар белсене қатысып орындады."Ұйқасын тап"ойыны шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі (аудандық ашық сабақ) 4 «А»


Сабақтың тақырыбы: Келер шақ.


Сабақтың мақсаты:


  1. Оқушыларға келер шақ туралы түсінік қалыптастыру, өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқау, толықтыру.

  2. Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу дағдыларын және белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шақтарды айыра білуге үйрету.

  3. Өз білімін және жолдастарының білімін бағалауға, жауап беру ретін сақтап бір – бірін тыңдауға тәрбиелеу.


Әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, ойландыру, жағдаяттық сұрақтар, СТО технологиясы, көрнекілік.


Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.


Пән аралық байланыс: математика, ана тілі, бейнелеу өнері.


Көрнекілігі: үлестірмелі қима қағаздар, топтастыру стратегиясы, семантикалық карта, қима суреттер (көбелектердің, гүлдердің суреттері) кубизм стратегиясы, интерактивті тақта, оқулық.


Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: а) Психологиялық дайындық (1 слайд)

  • Екі көзің не үшін керек?


  • Жақсыларды көру үшін.


  • Екі құлағың не үшін керек?


  • Жақсыларды есту үшін.


  • Екі қолың не үшін керек?


  • Елге еңбек ету үшін.


Ондай болатын болса, қазір менің қолымдағы әр түрлі шаршылар арқылы (қызыл, жасыл, көк) топтарға бөлінеміз.


1 – топ: «Осы шақ» тобы. Етістіктер іс әрекеттің қазір болып жатқанын білдіреді.

2 – топ: «Өткен шақ» тобы. Етістіктер іс әрекеттің бұрын болғанын білдіреді.


3 – топ: «Келер шақ» тобы. Етістіктер іс әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіреді.


  1. Өткенді пысықтау. (2 слайд )


«Галереяны шарлау» стратегиясы.

  1. 1 – топқа сұрақ: Етістік дегеніміз не?

(Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табын етістік дейміз. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.)


  1. 2 – топқа сұрақ: Етістіктің жіктелуі дегеніміз не? Етістік неше жақта жіктеледі?

(Етістікке іс - әрекетінің қай жақта айтылатынын білдіру үшін жіктік жалғаулары жалғанады.)


  1. 3 – топқа сұрақ: Етістіктің шақтары дегеніміз не?

(Іс - әрекеттің, қимылдың мезгілге, уақытқа байланысты жүзеге асу мезгілін етістіктің шақтары дейміз.)

(Қорытынды сұрақ): Етістік тұлғасына қарай, құрамына қарай, іс - әрекеттің орындалуына қарай қалай бөлінеді?)


Етістік

Shape1 Shape3 Shape2



Тұлғасына қарай Құрамына қарай Іс-әрекеттің

Shape7 Shape5 Shape6 Shape4 орындалуына қарай

Shape8 Shape9



Негізгі Туынды Дара Күрделі Болымды Болымсыз


Сергіту сәті: «Шырша» әуенімен.


  1. Қызығушылықты ояту:


  • Біз енді сабағымызды математика сабағымен байланыстыра отырып, «Ойлан» кестесінің сырын ашу арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашамыз. (3 слайд)


1215

900

1866

838

1800

2500

828

390

к

е

л

е

р

ш

а

қ

1) 243*5=1215 (к) 2) 45*20=900 (е) 3) 311*6=1866 (л) 4) 419*2=838 (е)


5) 60*30=1800 (р) 6) 5*500=2500 (ш) 7) 92*9=828 (а) 8) 39*10=390 (қ)


Анықтама: (Оқушылар ережені өздері шығарады)


4. Дәптермен жұмыс: Күн ретін жазып, көркем жазу минутын ұйымдастыру.


Кк Ққ Мектеп – кеме, білім – теңіз.


5. Оқулықпен жұмыс: а) 43 – жаттығу (топпен жұмыс, ауызша)


1-топ: Өлеңді мәнерлеп оқиды.


2-топ: Етістіктерді табады.


3-топ: Олар қашан болатын істі білдіріп тұраған сұраққа жауап береді.


ә) Тақтамен жұмыс: 45 – жаттығу


Мәтінді көшіріп жазып, етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын айтады.


6. Сергіту сәті: «Қонақжайлық белгісі»


7. Шығармашылық тапсырма: «Ұйқасын тап» (4 слайд)


А) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, өлеңді жатқа жазу.


Үлбіреген ... ,


Үлпілдеген аппақ.


«Уф !» - десем, ... ,


Ұшасың қаптап.


Үлбіреген бақбақ,


Үлпілдеген аппақ.


«Уф !» - десем, бақбақ,


Ұшасың қаптап.


(Жұптар бір – бірінің жұмыстарын өзара тексереді)

Ә) Поэзия минуты «Туған жер»


8. Ойын: «Көбелектерді гүлдерге қондыр» (қима қағазға жазылған тапсырмалар арқылы оқушылар тиісті сөздерді тауып орналастырады)


1-топ: Әлижан Ақан серінің әсерлі әндерін ... ... . (осы шақ)


2-топ: Абай кішкене кезінен Зере әжесінің тәрбиесін ... . (өткен шақ)


3-топ: Абайдың өлеңдері жастарды өнер – білімге ... . (келер шақ)


9. Кубизм стратегиясы: Мақалдардың жалғасын тауып, келер шақты табу. (5 слайд)


1-топ: Аққу көлін аңсайды,

Адам туған жерін ... . (аңсайды)


2-топ: Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел ... . (озады)


3-топ: Болат қайнауда шынығады,

Батыр майданда ... . (шынығады)


10. Сабақты бекіту: Семантикалық карта арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын. (6 слайд)


Сөздер

Дара

Күрделі

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

сөйледі

+



+


күліп отыр


+

+



тоқтапты

+



+


бауырлап жатады


+



+

ұшып жүр


+

+





Смайлик арқылы оқушылардың көңіл – күйлерін анықтау. Бағалау.


11. Үйге тапсырма: 47 – жаттығу, ережені жаттау.


12. Келген қонақтарға қонақ кәде қағазын таратып, жауабын тыңдап, «Бірлік болмай, тірлік болмас!» деген ұранмен сабақты аяқтау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
3857
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі