400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Келер шақ 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің бұл сабағымда етістік туралы білімдерін кеңейтіп, етістіктің өткен шақ, осы шақ және келер шақ түрлерін ажырата білуге үйретеді.Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамытады.Президентіміз Н.Ә.Назарбаев«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында жазбаша жолдауын арнаған болатын. осы жолдауды оқушылардың жас ерекшелігіне ыңғайлап, түсінікті тілде ұғындыруға тырыстым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ. 49-54-жаттығу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің өткен шақ, осы шақ және келер шақ түрлерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: Танымдыққа біліктілікке, тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Көрнекілігі : интерактивті тақта, суреттер, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастырукезеңі.

Кезекші ұйымдастыру кезеңін өткізеді.

Слаид «Өз елім» .

Ой қозғау: 
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз? 
- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек? 
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме? 
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз
«Болашақ» деп аталады.

Слаид «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында жазбаша жолдауын арнады.

Жолдау 5 бағытта тұрады.Осы президентіміздің бағыты бойынша жұмыс жасаймыз және көшбасшы елге айналамыз.

Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде елімізге дүниежүзінің әр түкпірінен туристер, ғалымдар, инженерлер,бизнесмендер келеді. Бұл Орта Азия тарихында бірінші рет болғалы тұр.

Енді бүгінгі сабағымызды мынадай топтарға бөліп, өткізгім келіп тұр.

І топ- Журналистер

ІІ- топ- тарихшылар

ІІІ топ- әдебиетшілер

ІҮ топ- зерттеушілер

СЛАЙД Сұрақтар:

4 топ оқушыларына карточка тасталады.(тақтада сұрақтар шығады)

1. Етістік дегеніміз не?

2. Етістіктердің түрлері?

3. Туынды етістік дегеніміз не?

4.Болымсыз етістік қалай жасалады?

5. Дара етістікке мысал келтір

6.Күрделі етістік дегеніміз не?

7. Күрделі етістікке мысал келтір

8. Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?

9. Етістіктң шақтарын ата

Слайд Етістіктің шағы және ережесі шығады

**Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.

Етістіктің неше шағы бар екен:

Слайд Етістіктің шақтары /схема/

СЛАЙД

Өткен шақ –цифрлық технология дамыды.

Осы шақ- біз техниканың барлық түрін пайдаланып отырмыз.

Келер шақ- Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы іске асады.

Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Слайд Дәптермен жұмыс.Келер шақ.
Оқулықпен жұмыс.
49 - жаттығу Ауызша орындалады. Өлеңді мәнерлеп оқы.Етістіктерді тап. Олар қашан болатын істі білдіріп тұр. (Автор туралы мәлімет беру) Нұрсұлтан Ғалымбекұлы .

Білімменен жұпар жинайын, (к.ш)

Еліме бақыт сыйлайын. (к.ш)

Жүрекпен сүйіп Отанды,

Жүрекпен мәңгі жырлайын. (к.ш)

Отаным гүлге бөленсін, (к.ш)

Өзге елдермен теңелсін. (к.ш)

Амандық болса ағайын,

Бәрін де бірге көрейін. (к.ш)

Слайд Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейтіледі.

Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз етіледі..

50-жаттығу. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырып жаз. Етістіктерді тап. Олардың қай жақта тұрғанын және қашан болатынын істі білдіретінін айт.

«Кім шапшаң ойыны» Сандықтан карточка алып сөздерден сөйлемдер құрап жазады.

Мен көмектесемін Біз

Сен Сендер

Сіз Сіздер

Ол Олар

Слаид Ереже:
Келер шақ етістіктер іс –әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіреді.

Келер шақ етістіктер не істеймін? Не істейсің? Не істейді? Деген сұрақтарға жауап береді.
СЛАЙД Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық.

Мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тартылады.

Ұжымдық жұмыс 51-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.Етістіктерді тап, қай шақта тұрғанын айт. (қайың туралы мәліметті толықтыру Қайыңның суреті слайд)

Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі де кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қайың ағашынан скипидар , спирт алады.

Кәдеге асады дегенді қалай түсінесің?

Сөздік жұмыс: кәдеге асады- жарамды деген мағына . Скипидар деген не?-сұйық зат.


Топтық жұмыс *52-жаттығу. «Сөз ойла, тез ойла»

1-топ –мын, 2-топ-міз, 3 топ- мін, 4 топ- мыз

Сергіту сәті. Көзге арналған гимнастика

Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.Бірінші. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет.

Шығармашылық жұмыс: Топтық жұмыс .

1 топ.Берілген етістіктерді үш шаққа айналдыру.
Сөздер: сал, кел, бар, ал, жат, биле, секір, ойна
Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

2 топ. Берілген етістіктерді жекеше жақта жіктеу

3 топ. Берілген етістіктерді көпше жақта жіктеу
4 топ. Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау

Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.Бірінші. Үкімет үшінші жаңғырту аясында ЭЫДҰ-ның озық тәжірибелері мен ұсынымдарын имплементациялау жұмысын қамтамасыз етуге тиіс.

Екінші. Біз жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізудеміз. Бұл жұмысты жалғастыру керек

III. Қорытынды. Жұптық жұмыс. *53-жаттығу. Бағанның сол жағындағы сөздерді тиісті етістіктермен сәйкестендір.

Мәулен естідік

Ағаш басталған

Сабақ өсті.

Біз келді

Досы ақылдасты


Сонымен балалар, етістіктің шағы дегеніміз не?
- Етістіктің неше шағы бар?
- Осы шақ іс - әрекеттің қай мезгілде өтіп жатқанын білдіреді?
- Өткен шақ пен келер шақ туралы не айтуға болады?
Семантикалық кестені толтыру
№--- Мысалдар ---------- Осы шақ --------- Келер шақ ------------ Өткен шақ
1 Ол жазды
2 Сіз жазып отырсыз
3 Сұрақ қиын болды
4 Ол сонда оқымаған
5 Қар жауып тұр
6 Қыс суық болды
7 Ол келе жатыр
8 Кітап оқып отырмын.
IV. Үйге тапсырма. Ереже жаттау. 54-жаттығу . Сурет бойынша әңгіме құра

Қымбатты достар!

Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр.

Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте.

Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз!


V.Бағалау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі