400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Келі-келсап жасау" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге керек. Сабақты жоспарлауда көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еңбекке баулу

Сынып 4

Мұғалімі Беков М

Сабақтың тақырыбы

Келі-келсап жасау


Сабақтың жалпы мақсаты

Келі-келсап жасау технологиясымен таныстыру.Ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру. 

Көрнекіліктер

Ермексаз және сазбалшық,ши,сым,қалақша

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Аманбысың ,алтын күн!

Аманбысың, жарқын күн!

Маған жылу, жарық бер,

Қуаныш пен шаттық бер.


Үй тапсырмасы

Қаңылтырмен жұмыс

Қызығушылықты ояту

Ағаш өңдеуде біздің қазақ халқы алдына жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді.( Интербелсенді тақтадан ұлттық бұйымдар туралы слайд көрсету.)


Жаңа сабақ


Келі- келсап- жүгері,сұлы, тарыны түюге арналған құрал. Келінің екі түрі болады.(суреттерін көрсету) Келіні жиде,емен,қайың сияқты қатты ағаштардың бөренесінен ішін қуыстап ойып,ағашты ұңғылап,кеулеп жасайды.Келі-саптың екі басы болады. Ол бір жағынан талқан түюде салмақ түсірсе, екіншіден, келі-саптың екі басын да қолдану арқылы оны ұзақ пайдалануңа болады.

Ағашты өркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді.

Сондықтан жасалатын бұйым түріне қарай ағаштың механикалық, физикалық жағдайларын білу керек. 
Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді. 

Сергіту сәті

Еңбек етсең терлеп оның аты – еңбек,

Гүл өсірсең терлеп оның аты – еңбек,

Кесте тіксең зерлеп оның аты – еңбек,

Ағаш ексең терлеп оның аты – еңбек,

Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.

Оқушылар денелерін жатықтырады
Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі – келсап, аяқ – табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді. 

Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады. 
- Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау. 
Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау. 
Өрнектерді кесу. 
Бұйымдарға әр беру. 


Үйге тапсырма беру.

Келі жасау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі