400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Кеңес одағы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғлімдерге арналған әдітемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

19.10.2019

Пән: Дүние жүзі тарихы

Сынып:9

Мұғалім:

Байтогаева Ж.А

Тақырыбы:

«Кеңес Одағы»

Мақсаты:

Кеңес Одағының екі соғыс аралығындағы саяси ахуалына шолу жасау

Күтілетін нәтиже:

А) 1918-1938жж Кеңес Одағындағы негізгі оқиғаларды біледі

В) Билеуші үкімет басшыларының саясатын сараптайды, қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдайды

С) Екінші дүниежүзілік соғыс алдындағы ел позициясына баға береді.

Дереккөздер:

Қожахметұлы К., Шүпеков Ә., Ғұбайдуллина М. Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2013. – 216 б., тарихи карта, бейнесюжет

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

Сабақ кезеңдері

Тапсырмалар - Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Тұсаукесер


  • «Суреттер сыр шертеді» (ел картасы, Туы, президенттері)

Факт – комментарий

Талқылау сұрақтары:

  • Қай ел туралы мағлұмат алдыңыздар?

  • І дж.соғыс бұл ел пайдасына шешілді ме?



Тақырыпқа еніп, ойланады

Негізгі бөлім



















  • Топтық жұмыс – «зерттеу және талдау, салыстыру»

1918-1920жж азамат соғысы

  1. «Әскери коммунизм» саясаты

  2. Ішкі және сыртқы саясат

  3. Жаңа экономикалық саясат

  4. КСРО-ның құрылуы

  5. КСРО-дағы индустрияландыру саясаты

  6. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

  7. Тоталитарлық жүйе және жеке басқа табыну

  • «Жылдар сөйлейді»/ лездеме

1918-1920жж – Азамат соғысы

1918ж жазы-1921ж.б – «Әскери коммунизм» саясаты

1918ж 28 маусым - Кеңес үкіметі барлық ірі, орташа кәсіпорындарды

мемлекет меншігіне алу туралы Декрет қабылдады

1918ж көктем – сыртқы сауда саласында мемлекеттік монополия тәртібі енгізілді

1920ж – жаппай еңбекке араласу міндеті енгізілді

1920ж желтоқсан – жалпыресейлік ҮІІІ съезде жаппай электрлендіру

ГОЭЛРО жоспарын бекітті

1921ж наурыз – РК(б)П-ның Х съезінде ЖЭС қабылданды

1922ж 30 желтоқсан – КСРО құрылды

1924ж қаңтар – КСРО Конституциясы бекітілді

1925ж желтоқсан – БК(б)П-ның ХІҮ съезі елді индустрияландыру бағытын жариялады.

1927ж желтоқсан – БК(б)П-ның ХҮ съезі ауыл шаруашылығын

ұжымдастыру міндеті қойылды

1929ж 7 қараша – «Правда» газетінде И.В.Сталиннің «Ұлы бетбұрыс» мақаласы шықты

1936ж 5 желтоқсан - Кеңестердің жалпыодақтық ҮІ төтенше съезі жаңа Конституция қабылдап, Кеңес одағы жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті деп жарияланды

1937-1938жж – елде жаппай қуғын-сүргін

  • І тоқсан қорытындысы бойынша жазбаша жұмыс

1. І дүниежүзілік соғыс тарихында Германия алғаш рет адамгершілікке жатпайтын қару-уландырғыш заттарды қолданды: А) Марна шайқасында В) Верден шайқасында С) Ипр өзенінде D) Сомма шайқасында Е) Седан тубінде

2. 1917 жылы ақпан айында Ресейде жеңіске жеткен революцияның сипаты:

А) Большевиктік В) Социалистік революция С) Капиталистік революция

D) Буржуазиялық-демократиялық революция Е) Коммунистік

3. ХХ ғасырдың 30 жылдары Францияда фашизмге қарсы құрылған ұйым:

А) Әрекет лигасы В) Қызыл крест С) Халықтық майдан D) Халықтық пакт Е) НИРА

4. Кеңестік Ресейде Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданған сьезд:

А) ІХ съезі В) Х съезі С) РКП(б) ХІ съезі D) БКП(б) XІV съезі Е) БКП(б) XV съезі

5. 1939 жылы 23 тамызда «Өзара шабуыл жасаспау» туралы Кеңес–Германия келісімінің атауы: А) Риббентроп–Молотов В) Сталин–Гитлер С) Шуленберг–Молотов

D) Риббентроп–Литвинов Е) Риббентроп–Сталин

6.Антанта құрамына кірген мемлекеттер: A) Сербия, Болгария, Италия

B) Франция, Италия, Германия C) Англия, Польша, Туркия
D) Ресей, Франция, Англия E) Ресей, Франция, Австро-Венгрия
7. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан мемлекеттер саны: A)45 B)40 C)23 D)38 E)36
8. Ұлыбританияның тұңғыш лейбористер партиясынан құрылған үкімет басшысы.

А) Гендерсон В) Макдональд С) Блюм Д) Л.Джордж Е) С.Болдуин

9. А.Гитлердің үкімет басына келген жылы:А)1931 В)1932 С)1933 Д)1936 Е)1938

10. Италиядағы фашистік ұйымның көсемі: А)Мосли В) Моррас С) Б.Муссолини

Д) Гитлер Е)ДеЛя Рок

11. Төмендегі мемлекеттердің ішінен 1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясына шақырылмаған мемлекетті көрсетіңіз: А) Жапония В) Франция

С) Ресей Д) АҚШ Е) Ұлыбритания

12. Италия 1936 жылы басып алып, отарына айналдырған Африка елі:

А) Ливия В) ОАР С) Египет Д) Эфиопия.Е) Судан

13.1916 жылғы Сомма шайқасында ағылшындар мен француздардың тарихта тұңғыш рет қолданған әскери техникасы: А) Танк. В) химиялық қару С) у Д) ракета Е) кеме

14. АҚШ-ң І дүниежүзілік соғысқа кіріскен уақыты. А)1916 В)1918 С)1917 Д)1908 Е)1913

15.Ұлыбританияның Германия саясатын жақтаған үкімет басшысы.

А) Даладье В) Макдональд С) Блюм Д) Л.Джордж Е) Чемберлен

16. Еуропадағы фашистік ұйымдар алғаш пайда болған мемлекет:

А) Австро-Венгрия В) Италия С) Ресей Д) Франция Е) Германия

17.1923 жылы қазан айында Германияның Гамбург қаласында болған коммунистер көтерілісінің басшысы: А) Макдональд В) Л.Джордж С) Тельман Д) Чемберлен Е) Даладье

18. Ұлыбритания Ирландияның тәуелсіздігін ресми түрде мойындады:

А)1916 В)1918 С)1917 Д) 1921 Е)1913

19. Бірінші дүниежүзілік соғысты жеңіске жеткен Францияның Германиядан қайтарып алған өңірлер. А) Ливия В) Эльзас, Лотарингия С) Египет Д) Эфиопия.Е) Судан

20.1919 жылы 18 қаңтарда Париж қаласында шақырылған бітім конференциясында қаралған негізгі мәселе. А) Германиямен бітім шартын дайындау В) Кеңестік Ресейді шеттету

С) Ұлттар Лигасын құру Д)Вашингтон конференциясын шақыру Е) мандат енгізу

  • «Ойды аяқтаңыз»

21. Консерваторлар мен лейбористік партия мемлекеттік билікке ауысып келіп отыратын мемлекет:

22. Францияда халықтық майдан үкімет құруды жүктеген социалист:

23. Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде «жеңгендердің ішіндегі жеңіліске ұшыраған мемлекет»:

24. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның отарларын бөліске салған елдер:

25. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия конституциясын жариялаған қала:


Мәтінмен өз бетімен танысып, жұпта талдайды, берілген әдіспен сынып алдында түсіндіреді






Дәптерге жазып алады













Бақылау жұмысы дәптеріне жазады, білім тексереді

Қорытынды


  • Рефлексия: «ҚҚ»

  • Не қызық болды?

  • Не қиын болды?



Сабаққа қатысты пікірін білдіреді

Үйге тапсырма

§7оқу – 1 минут

Күнделіктеріне жазып алады

Сабақ бойынша өзгертулер

_________________________________________________________________________________________________________________________




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.08.2019
969
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі