400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Кері итеруші күш 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш неге тәуелді екендігін жәнеАрхимед күшінің формуласын білу, заңының тұжырымдамасын түсіну.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Кері итеруші күш.

Жайық негізгі орта білім беретін мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Умирзакова Гүлжауһар Ергенқызы

7 - сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

7.3.1.12 - сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;

Сабақ мақсаттары

Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш неге тәуелді екендігін жәнеАрхимед күшінің формуласын білу, заңының тұжырымдамасын түсіну.

Архимед заңын өмірмен байланыстыру, практикалық есептерді шығаруда қолдану.

Архимед заңын тәжірибе арқылы дәлелдеу.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу,түсіну, қолдану


Бағалау критерийлері

  • Архимед күшінің формуласын біледі.

  • Архимед заңын тұжырымдайды және өмірден мысалдар келтіреді.

  • Архимед заңының формуласын қолданып эксперименттік есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар


Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Кері итеруші күш.

Отталкивающая сила.

Repulsive force



Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Пәнаралық байланыс

Математика ,жаратылыстану.

Алдыңғы білім

Гидростатикалық қысым. Қысым күші.

Оқыту іс- әрекеттерінің белгілері

W = толық сыныппен жұмыс жасау G = топпен жұмыс

I = жеке жұмыс E =оқушы тәжірибесі

D = мұғалімнің демонстрациясы.

Ғ= қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин.


Ширату жаттығулары.

«Сен маған, мен саған» әдісі

Физикалық диктант

1.Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл кімнің қағидасы............ .

2. Мақтаны, қағазды, ағаш жаңқаларын т.б престеу үшін қолданылатын машиналар ........................ .

3. Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы газ ................. соқтығысуынан пайда болады.

4. Газдың көлемін кішірейтсе , оның қысымы ................., ал көлемінұлғайтса, қысымы .................... .

5.Жер бетіне және ондағы барлық денелерге .................................. түседі.

6.Атмосфера қабаттары: .............................................

7. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал ................ деп аталады.

8. ......................... қысым айырымын өлшеуге арналаған аспап.

9.Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне ........................ жатады.

10.Қалыпты атмосфералық қысым тең.


  • ҚБ: «Үш шапалақ» арқылы топтарды жеке- жеке бағалау











Picture 4

Сабақтың ортасы

20мин



Міне, бүгінгі сабақта біз осы соңғы сұрақтың жауабын табамыз.

«Миға шабуыл»әдісі

Өмірден мысал: Құдықтан шелекпен су тартқанда шелек неліктен су астында өте жеңіл болады да, су бетіне шыққанда кенет ауырлап кетеді?

Міне балалар суға батырылған денеге сұйық тарапынан кері итеретін күш әсер етеді екен.

Сабақтың тақырыбы: Кері итеруші күш. Архимед заңы.


Енді кері итеруші күштің қандай шамаларға тәуелді екендігін анықтайық.

(G ) «Ойлан-жаса-бөліс» әдісі арқылы топтық жұмыс. (тәжірибе)

Тапсырма№1.

1 топқа. Денелердің ауадағы және сұйықтағы салмағын өлшеу арқылысұйыққа батырылған денеге кері итеруші күш әсер ететіндігіне көз жеткізу.

2 топқа. Көлемдері әртүрлі, массалары бірдей денелердің беру арқылы ауадағы және сұйықтағы салмағын өлшей отырып, кері итеруші күштің көлемге тәуелді екендігін зерттеу.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Кері итеруші күштің қандай шамаларға тәуелді екендігін біледі.

тәжірибе жоспарын құрады.

әр жағдай үшін дененің салмағының мәнін анықтайды.

тәжірибеден қорытынды шығарады

Кері байланыс. әдісі «Фронтальді сұрақ»

Оқушылар осы тәжірибелерден қандай қорытынды шығарамыз?

(Оқушылар әртүрлі жағдайда динамометрлердің көрсетулері түрліше екендігін айтады).

ҚБ «Қол белгілері» әдісі




(W)Қорытынды шығару.(мұғалімнің толықтыруы)

Олай болса, денені сұйыққа батырғанда оның салмағы азайды, демек сұйықта денеге ауырлық күшіне қарсы бағытталған күш әсер етеді, оны кері итеруші күшдеп атаймыз.


Кері итеруші күштің табиғатын түсіну үшін сұйыққа батырылған кубты қарастырайық.

«INSERT» әдісі арқылы жұптық жұмыс

Тапсырма№2

Кері итеруші күштің формуласын қорытып шығар.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Архимед күшінің формуласын анықтайды.

Кері итеруші күш екі қысым күшінің айырымы екендігін біледі.

кері итеруші күш дене көлеміне тәуелді екендігін түсінеді.

кері итеруші күш сұйық тығыздығына тәуелді екендігін түсінеді.

ҚБ «Мадақтау» әдісі

(W) Мұғалімнің түсіндірмесі.

формуласындағы V дененің көлемі –сол дене ығыстырып шығарған судың көлемі. Осы формуладағы -ығыстырылған судың салмағы. Олай болса, біз мынадай қорытынды шығарамыз:

«сұйыққа батырылған денені кері итеретін күш сол дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең».

Осы формуланы шығарған және заңдылықты анықтаған грек ғалымы Архимед сондықтан оны Архимед күші немесе Архимед заңы деп атаймыз.





(D )Архимед заңын дәлелдеу үшін Архимед шелегімен тәжірибе жасайық.

Қорытынды: 1)Сұйыққа батырылған дене өзінің көлеміне тең көлемдегі сұйықты ығыстырып шығарады.

2) Сұйыққа батырылған денеге сол дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең кері итеруші күш әсер етеді. яғни Архимед заңының формуласын былай да жазуға болады. FА= Pа- Pс;






Құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, динамометр.


цилиндр дене



Көлемдері әртүрлі денелер.

Көлемдері бірдей денелер, май, су









Презентация














оқулық














Презентация






















































Архимед шелегі, штатив, динамометр, бос ыдыс, шүмегіне дейін су құйылған ыдыс.





Сабақтың соңы.

12мин



























3 мин




(I,F) Тапсырма№3.

Тақырыпқа берілген физикалық есептерді шығар.

1А. Керосинге көлемі 100 см3 болатын денеге батырылған. Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар? Керосиннің тығыздығы ρ =800кг/м3

2В. Керосинге массасы 500 г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар? Темірдің тығыздығы7 900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы - 800кг/м3


Бағалау критерийі

Дескриптор

Архимед заңының формуласын

қолданады.

Есептің берілгенін талдайды.

Шамалардың өлшем бірлігін ХБЖ-нде жазады

Кері итеруші күшті есептейді


(E) №3С. Эксперименттік есеп:

Берілген цилиндр таза жезден жасалған ба? Әлде қоспасы барма. Дәлелдеп бер.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Архимед заңын тәжірибе арқылы дәлелдейді.

дененің массасын есептейді.

кері итеруші күшті анықтайды.

дененің көлемін есептейді.

дененің тығыздығын анықтайды.

алынған тығыздықтың мәнін кестелік мәнімен салыстырады.


Рефлексия:«Менің көңіл күйімнің баспалдағы» Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып, тақтада ілінген баспалдақтардың біреуіне жапсырады. Баспалдақтарда «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы!», «Жаман!», «Маған көмек керек!», «Білмеймін!», «Нашар!» деп жазылған.


Үй тапсырмасы: §29 параг оқу. 4.6 жаттығу №3,4,5есептер

үлестірмелі карточкалар














Құралдар: жез цилиндр, суы бар ыдыс, динамометр.











стикерлер

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Тапсырмалар арқылы

Бағалау арқылы

«Үш шапалақ» әдісі

«Мадақтау» әдісі

«Бағдаршам» әдісі

«Менің көңіл күйімнің басспалдағы» әдісі

Физика кабинетінде қауіпсіздік техникасын сақтау ережесін білу

Сабақбойынша рефлексия




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
986
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі