400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Кешіре білуді үйренеміз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Кешіре білу туралы түсінік бере отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Талдықорған қаласы,

«Еркін ауылындағы

Е.Берліқожаұлы атындағы

№11 орта мектебі» КММ


Пән:Өзiн-өзi тану Сынып:2 Сабақ:20

Тақырып: «Кешіре білуді үйренеміз»

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттері:Мейірімділік,ризашылық,кішіпейілділік
Мұғалімі: Маликова Талшын Маликовна

Мақсаты: Кешіре білу туралы түсінік бере отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

Кешірімді болу,кешіре білу,кешірім сұрай білуді дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру.

Мейірімділік,ризашылық,кішіпейілділік қасиеттерін дамыту.

Мейірімділікке,кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

дәптерлер, оқулық, нақыл сөз, ақ қағаздар, тыныштық сәтіне арналған баяу музыка.

Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi.

Сабақтағы жағымды күйге келу, тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» сәті.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.

Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.

Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақ:

1) Өзіңді қалай сезіндің?

2) Қандай жағымды әсерде болдың?

Әдістемелік нұсқаулық


Үй тапсырмасы.

Өткел Иван Василенко оқып әңгімелеу

Әңгімеде кешіруге бірінші болып кім қадам жасады?

Диманың қандай әрекеті Гришаға сабақ болды?

Әңгіме неге «Өткел» деп аталған?

Өздеріңнің осылай татуласуға бірінші болып қадам жасаған кездерің болды ма? Оны қалай жасадыңдар? Әңгімелеп беріңдер.

Оқулық


Дәйек сөз.

  • «Кешіре білген адам-күшті адам»

  • Нақыл сөз

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Адам кешірімді болып, кешіре білуге үйренгенде өмір қуанышқа, жақсылыққа толы болады. Ондай адам өзімен және өзгелермен үйлесімділікте өмір сүреді. Кешірімді болу – айналаңа деген мейірімді болудың, ақылдың, өзара түсінісудің көрінісі. Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола түседі. Жағымды ойлау – бұл адамның жақсы және жаман ойларды іріктеп, жақсы ойларды өрбіте білу қабілеті. Ал, осы қабілет – жағымды ойлаудың негізгі мақсаты болып табылады.

Оқулық


Әңгімелеу. Құм мен тас

    Екі дос шөл далада  саяхаттап жүреді. Бір кезде  екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің  жағынан тартып жібереді.  Соңғысы ауырсынса да,  ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы  досым менің жағымнан шапалақпен  тартып жіберді».Олар әрі қарай жүріп  келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені  суға секіріп кетеді де,  батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне  келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін  менің ең жақсы досым менің өмірімді  құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған  досы сұрайды:

  -Мен сені ренжеткенде  сен құмға жаздың, ал енді тасқа  жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.

    Досы былай деп жауап береді:

  -Бізді біреу ренжеткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей  етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.

Сұрақтар:

·  Не себепті ренжегенін құмға жазды деп ойлайсың?

· Жақсылық жасағанды тасқа неліктен жазды?

· Бұл оқиғадан қандай ой қорытар едің?

оқулық


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1-тапсырма. Тиісті сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдерді аяқтаңдар.

Адам кешірімшіл болып, кешіре білуге үйренгенде, оның жаны ... .

Айналаңа мейірімді болып, өзара түсінісу, ол-... .

Ренжу деген-... .

Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: жақсылыққа толы болады; кешірімді болу; білместік.

2-тапсырма.

Кешіре білу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

«Кешірімді адамның бойындағы қасиет» атты тақырыпқа «Фиш баун» әдісін қолдана отырып ,ой қорыту.

3-тапсырма.

Венн диаграммасы

- Балалар, адам өмірде кешіре білуі ғана емес кешірім сұрай білуі де керек, яғни, адам өз кінәсін мойындай білуі керек.

- Қалай ойлайсыңдар, кешірім сұраған оңай ма, әлде кешірген оңай ма?

Кешіру оңай ма?

Кешірім сұрау оңай ма ?







Ойын: Кешірім гүлін сыйлау

Балалар, сендер гүлдерге соңғы кезде ренжіткен адамдарыңа кешірім сөздерін жазып сыйлаңдар. (Балалар бір-бірінен және мұғалімдерден немесе ата-аналарынан кешірім сұрап,кешірім гүлін сыйлайды.)


Топпен ән айту.Бала тілегі

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жарлған Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, 2рет

Гүлденсін деп атмекен-қара орман.



Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.



Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мүңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін, 2рет

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.

оқулық

Үй тапсырмасы.Жаман жолдас.Ыбырай Алтынсарин оқып әңгімелеу.

оқулық

Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады

Тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Сабақтан қандай әсер алдық?Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады деп ойлаймын, келесі сабақта кездескенше, сау болыңдар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
1065
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі