400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Кешіре білуді үйренеміз" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ өзін- өзі тану пәнінен 2 сыныпқа арналған. оқушыларға танып-білудің қажеттілігін түсіндіре отырып, адалдық қасиеті туралы түсінік беру. оқушыларды алға қойған мақсатына жетудің жолдарын үйрету арқылы жігерлілік қасиетіне баулу. оқушыларды шыншылдыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп 2сынып Мерзiм ________Мұғалiм Жумабаева Э.С.

Сынып 2 Оқушылар саны 23

Тақырып Кешіре білуді үйренеміз .

Құндылық Қиянат жасамау. Қасиеттер Барлығына сүйіспеншілікпен қарау, жауапкершілік, қамқорлық.


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға кешіре білу туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері: Барлығына сүйіспеншілікпен қарау, жауапкершілік, қамқорлық қиянат жасамау құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру: -сүйіспеншілік, жауапкершілік, қамқорлық қасиеттерін дамыту: -сүйіспеншілікке, жауапкершілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу:



Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. (Нұрға бөлену)

  1. Үй тапсырмасын тексеру

№20 сабақ 64-66 бет. «Өткел » атты И.Василенконың мәтінін оқып келу. -Әңгімеде кешіруге бірінші болып кім қадам жасады? -Диманың қандай әрекеті Гришаға сабақ болды? -Әңгіме неге «Өткел» деп аталған? -Өздеріңнің осылай татуласуға бірінші болып қадам жасаған кездерің болды ма? Оны қалай жасадыңдар? Әңгімелеп беріңдер.


Ескерту

3. Дәйексөз.

Жүрегі таза адам ешқашан қиянат жасамайды.

Шәкәрім


Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Кейбір деректерде Шәкәрімнің шын есімі «Шаһкәрім» деп беріледі.

Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді.

Домбыра тартып, гармоньда ойнаған. Ән айтып, сурет салып.

Өзі ән айтумен қатар 14 жасынан бастап ән шығара бастады, түрлі аспаптарда ойнауы былай тұрсын, ағаштан ойып мандалин, қобыз сынды аспаптарды жасады, қолданбалы өнермен шұғылданып, тіпті киім тікті.


4. Оқиғаларды әңгiмелеу

Ешкімге жауыздық қылма

М.Дулатов

Тіленші байдан қайыр сұрайды. Бай оған ешнарсе бермей: «Кет, жоғал», - деп ақырады. Тіленші кетпейді. Сонда бай ашуланып, алдында жатқан тасты алып Тіленшіге атты. Тіленші жерден тасты алып, қойнына салып тұрып айтты: «Осы тасты қашан сенің өзіңе жоғалтпай атуға күн туғанша сақтармын»,-деп.

Тіленшінің айтқанындай-ақ, тасты ататын күн туады. Бай бір жаман іс істеп малынан айырылып,өз қателіктерін түсініп,жалғыз келе жатыр екен. Бұған тіленші кез болып, қойнындағы сақтап жүрген тасын алып атпақшы болады да, ойланып тұра қалып, өзіне-өзі сөйледі: «Әттеген-ай бұл тасты бекер сақтап жүрген екенмін, мұнан бай әлі күшті күнінде мен бұдан қорқушы едім, мұны күндеуші едім, енді қазір мұндай нашар қалін көріп көңіліме аяушылық түсті» депті.


  • Тіленші байдан көмек сұрап келгенде, бай тіленшіге көмектесті ме?

  • Бай ақшасынан, малынан айырылғаннан кейін, кезінде өзінің жасағандарының дұрыс емес екендігін түсінді ме?

  • Байдың орнында болсаң сен не істер едің?

  • Әрбір адамға қамқорлық,барлығына сүйіспеншілікпен қарау бізді неге үйретеді?



5. Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

1-топ: Айгүлдің анасы 1000теңге беріп, оны мұғаліміне беруін тапсырды. Айгүл мектепке келе жатып жолдан дүкенді көріп, кіріп шықпақшы болды. Сол жерден өзіне көптен бері ұнап жүрген бантикті көріп, ол еш ойланбастан анасының берген ақшасына бантикті сатып алмақшы болды... Сен Айгүлдің орнында болсаң не істер едің?

2-топ: Сендер үздік қолөнер жарысына қатысқалы жатырсыңдар. Сендерге қарсылас көрші ауылдың оқушылары. Сол сәтте сендер олардың бұйымдарының сендердікінен әдемі екенін көріп, қалайда жеңуді ойлап, олардың дайындап келген бұйымдарын әдейі бұздыңдар. Өздерің ойлағандай 1-орынды сендер жеңіп алдыңдар. Бірақ соншалықты қуана қоймадыңдар. Ары қарай не істер едіңдер?

3-топ:Сенің құрбың Айжан баспадан жаңа шыққан аңыз-әңгімелер туралы кітап оқып жүргенін көрдің. Сеніңде оқығың келіп, кітапты Айжан сұрап алдың. Айжан саған ол кітапті туған күніне әкесі алып бергенін айтып, жоғалтпауыңды өтініп аманат етті. Сен ол кітапті өзімдікі деп, мақтанып жүріп қайда тастағаныңды білмейсің. Бір күні Айжан сенен кітабін сұрап келді, сен не істейсің? Сахналап көрсетіңдер.



  1. Топпен ән айту.

«Жасамайық өмірге біз қиянат»

Сөзі:мұғалім шығармашылығы
Әні:(Ұстазым менің әнінің әуеніне салып орындау.)
Арамызда өкпе, реніш болмасын,
Әрқашанда әділдікті қолдасын.
Адамдарға түсінікпен қарасақ,
Сонда ғана, гүлденеді болашақ.
Жасамайық адамзатқа қиянат,
Осының бәрін санаңызға ұялат.
Ізгіліктің жолында біз жүрейік,
Бәрін естен шығармайық, білейік.

Мейірім сізбен,
Бас қосып бізбен,
Нұр төгіп барлық адамға.
Жүрегің тасқан,
Пейілі дархан,
Нұр төгіп барлық ғаламға.

Қиянат жасамайық өмірге,
Қиянат жасамайық табиғатқа.
Қиянат жасамайық ата - анаға,
Қиянат жасамайық туған Отанға.


6. Үй тапсырмасы.

21сабақ

69-70бет «Жаман жолдас» әңгімесін оқып келу.


7.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған барлық  жақсы ойларды, жақсы тілектерді жақындарымызға, достарымызға сыйлайық, әрқашанда шындықты айтайық, ешкімге қиянат жасамайық











4


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі