400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Кешіре білуді үйренеміз 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сыныпқа өзін-өзі танудан беретін мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейі №19 сабақ

Мерзiм:­­­ __________

Сынып: 2-сынып

Мұғалiм: Жүсіпбекова А

Тақырып: Кешіре білуді үйренеміз

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: кішіпейілділік, мейірімділік, ризашылық


Сабақ мақсаты: кешіре білу туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. С.Назарбаеваның өмір жолымен таныстыру.

Міндеттері:

  • Кешірімді болу, кешіре білу, кешірім сұрай білуді дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • Мейірімділік, ризашылық, кішіпейілділік қасиеттерін дамыту.

  • Мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.


Ресурстар:

құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

«5 Т ережесін» еске түсіру

  • Оқушылардың көңіл-күйін бақылау;

  • Көңіл-күй картасын тарату;

  • Көңіл-күйі болмай отырған оқушыларға жылы лебіздер білдіру;

Сыныптағы оқушылар түрлі-түсті асықтан өздеріне ұнаған түсін таңдап алады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.

1-топ: «Қайырымдылар» тобы;

2-топ: «Мейірімділер» тобы;

3-топ: «Жақсылық жасаушылар» тобы.

Мұғалім: -Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Алдарыңдағы асықтар арқылы біз 3 топқа біріктік. Бүгінгі сабақ барысында бізде жеңімпаз топ және жеңімпаз оқушылар анықталады. Ол үшін сабақта белсенді болып, сұрақтарға жауап беріп, тапсырма орындап отырсаңдар сендерге 1 асықтан беріліп отырады. Сабақ соңында қай топтың асығы көп екендігі және әр топта көп асық жинаған оқушы анықталып, марапатталады.

(Топтар мақтау қағаздарымен, ал белсенді оқушыларға арнайы дайындалған медаль тағылады. Барлық оқушыға тәттілер үлестіріледі.)

-Балалар, бізге өзін-өзі тану пәнін енгізген кім?

-Сара Назарбаева

-Дұрыс айтасыңдар. Бізге өзін-өзі тану пәнін енгізген, сендерді мейірімді, қайырымды болып өссін деп Сара анамыз енгізген екен.

-Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді.

1992 жылғы ақпан айынан бастап – «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Ол «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен. Еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың зайыбы. Қазақстанның қоғам қайраткері.

-Біздің бүгінгі сабағымыз мейірімді анамыздың туған күн құрметіне арналмақ.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

-Туған күнде дастарханда не болады?

-Торт

-Ия, туған күннің басты белгісі торт. Олай болса мына торт бірнеше бөліктерге бөлінген. Қазір торттан кез-келген бөлікті таңдап аласыңдар. Артындағы сұрақтарға жауап беру арқылы, үй тапсырмасын қалай орындап келгенімізді білейік


Шіріген картоп. ­Өсиет әңгіме 62-63 бет

  • Әкесі балаларына неліктен мұндай тапсырма берді деп ойлайсыңдар?

  • Балалар әкесінің тапсырмасынан қандай сабақ алды?

  • Өкпе-реніш неліктен сасыған картопқа ұқсайды?

  • Өздеріңнің басқаларға өкпе-реніштеріңнің себебіне үңіліп көрдіңдер ма?

  • Сендер өкпе-ренішті қалай жеңесіңдер? Әңгімелеп беріңдер.









Таратпа материалы









Асық






















С.Назарбаева суреттері



Торт бөліктері


  1. Дәйексөз.

«Кешіре білген адам - күшті адам» Нақыл сөз

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?






  1. Жаңа тақырып

  • Сабақ тақырыбына сай видео көрсету;

  • Оқушыларға көрген видео арқылы жетекші сұрақтар қою;

- Кімдер туралы айтылған?

- Оларға не болған?

- Ағасы кімді шақырды?

- Қандай мақсатпен шақырды?

- Ол ұста не істеді?

- Кешірімді кім сұрады бірінші?

- Сендер кімнен кешірім сұрадыңдар?

- Кешірім сұраған адамың кешірді ма?


-Біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы «Кешірім сұрап үйренеміз» деп аталады.

Жаңа ақпарат

-Кешірімді болу – айналаңа деген мейірімді болудың, ақылдың, өзара түсінісудің көрінісі. Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола түседі. Қателік жасап, кінәлі болғандармен сөйлескенде олардың жан айқайын, тілектерін тыңда, жәрдем беруге, өтініштерін орындауға әзір бол. Олардың жақсы ниетке ауысуына жағдай туғызып, қайырымды, игі істер жасауына көмектес.

Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы

Мақтаншақ жолбарыс

Ертегі

 Ертеде бір жолбарыс болыпты. Ол әрқашан: «Мен күштімін, ештеңеден қорықпаймын» , — деп мақтанады екен. Ол бір күні кетіп бара жатып, гүлге қонып сайрап отырған бұлбұлды көреді.

  • Кет қазір, менің бағымнан! – дейді жолбарыс қаһарланып.

  • Біраз сайрасам қайтеді? – депті бұлбұд жалынып. Жолбарыс:

  • Мен саған сайрағанды көрсетейін! – деп ұмтыла бергенде, бұлбұл пыр етіп ұша жөнеліпті. Сол мезетте жолбарыстың қолына гүлдің тікені кріп кетеді. Ол зар қағып, басын тауға да, тасқа да ұрыпты. Бір – екі күннен кейін қолы ісіп кетеді. Жанын қойарға жер таба алмай, көзінің жасын көл қылып жылап отырады.

Оны көрген қарға:

  • Жолбарыс аға, неге қапаланып отырсың? – деп сұрайды.

  • Қолыма тікен кіріп кетті. Суыра алмадым. Ой, жаным – ай ! – деп жолбарыс безілдеді. Қарғаның жаны ашып:

  • Жүріңіз мен сізді досымның үйіне алып барайын. Тікеніңізді инесімен оп – оңай суырып тастайды, — деп оын жайраның үйіне бастап келеді. Жайраға болған оқиғаны айтады.

  • Менің инелерім тікен шұқылау үшін емес, жауымнан қорғану үшін керек. Жүріңіздерші, мен сіздерді бір танысымның үйіне алып барайын. Ол тікен тұрмақ, етіне бойлаған найзаны да алып береді, — деп аюдың үйіне алып барады. Аю мән — жайға қаныққан соң:

  • Е мұндай майда нәрсе менің тісіме де, қолыма да ілікпейді. Енді не істесек екен? Айтпақшы, тікен де ағаш қой, солай емес пе? Ендеше, мен сіздерді сондай іспен шұғылданатын танысыма алып барайын.

Аю екі қонағын піл палуанның үйіне бастап барыпты. Болған оқиғаны айтып беріпті.

  • Жолбарыс батыр, қолыңа қада кіріп кетсе, суырып –ақ тастар едім. Тікенді алу үшін аса ептілік керек, — депті піл.

Піл бастап, барлығы тістері пышақтай қолтырауынға келеді. Оған мән – жайды түсіндіреді.

Қолтырауын:

  • Менің тісіме тікен ілікпейді. Аану бақта бұлбұл бар. Ол — өте мейірімді құс. Барып өтін, оп – оңай алып тастайды, — депті. Бәрі жиналып бұлбұлдың үйіне барыпты. Ол жолбарысқа ләм – мим демей, тұмсығымен тікенді алып тастапты.

Жолбарыс өзінің өткендегі өрескел ісіне қатты ұялып, бұлбұлдан кешірім сұрайды. Бірге келген достарының бәріне ризалығын білдіреді. Олармен бірге ойын  — сауық жасады. Бұлбұл болса, өз жәрдеміне риза болып, ұзақ уақыт құйқылжыта сайрап ән салды.

  • Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

  • Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

  • Сендерде де осындай жағдайлар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма. Кешіре білудің жолдарын жасаңдар. Дәптерге жазыңдар.

  • Ауызша жауап береді;

  • Тақтаға жазады;

  • Дәптерлеріне түсіреді.

Сергіту сәті


-Экраннан музыка қосылып, көңілді балалардың қимылын оқушылар қайталайды.



Видео көрсету
























Дәптермен жұмыс
















































Сергіту сәтін орындайды


  1. Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс.


1-топ: Берілген суреттердің ішінен кешірім сұрау керек деген суреттерді белгілеп, не үшін кешірім сұрау керек екендігін айтып бер.


2-топ: Өздерің білетін сыпайы сөздерді жазып шығыңдар.

3-топ: Берілген әңгімені өз ойларыңмен аяқтаңдар.

Шығармашылық іс-әрекет, жеке жұмыс.

2-тапсырма. «Аяқталмаған сөйлем» тренингі.

-Адам кешірімшіл болып, кешіре білуді үйренгенде оның жаны....

-Ренжу деген-.....

-Кешірім сұрау-......

(оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтайды)





Топтық жұмыс

  1. Топпен ән айту.

«Күн күледі» 68 бет

Өлеңін жазған: Құрманбай Толыбаев

Сөзін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев

Қызғалдақтар қырда тұнып,

Жайқалады ырғатылып.

Анамыздай мейірлі Күн,

Аймалайды шыңда тұрып,

Қайырмасы:

Ала таңнан оянамыз,

Күнмен бірге қуанып.

Біз ауылға ораламыз,

Құшақ-құшақ гүл алып.


Жалбыр шашы-гүл жібегі

Жайнаң қағып,күн күледі.

Кешке дейін бізбен бірге

Күлім қағып,бір жүреді..



  1. Үй тапсырмасы.

Өткел Иван Василенко 64-66 бет оқу.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

-Туған күнде туған күн иесіне не айтамыз?

-Тілек

-Олай болса, алдарыңда тұрған жүрекшеге Сара анамызға арнап тілек жазып, тақтаға ілейік. Баяу әуен орындалып тұрады.

-Жарайсыңдар!

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
1443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі