400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Кешірім 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша өзімнің тәжірибемнен жинақтағандарымды жас ұстаздарға үлгі ретінде ұсынамын. Бұл ашық сабағымда балаларды топқа бөлу, топбасшыларын сайлау, өздерінің топ ережелерін шығаруы, сабақта түрлі ойындармен қызықтыру, үштілділік қамтылған. Сабақ барысында топтық, жұптық , деңгейлік, шығармашылық тапсырмалар орындалған. Балалар қалыптастырушы бағамен бағаланды. Топтық жұмысты, өзін-өзі бағалай білді. Сабақ арқылы балалар үлкенді сыйлай білуді, құрметтеуді, өтірік айтпауды, ұрлық жасамауды түсінді. Бір-бірінен "кешірім" сұрай білу керектігін, кешіре білу керектігін түсінді. Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласынан сабаққа байланысты үзінді келтірілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы:

Роза Әбілқадырова. Кешірім.

Мұғалімнің аты-жөні: Cейтқасымова Ш

Күні: 28.11.17

Сынып. 2«А»

Қатысқан оқушылар саны: 24

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.1 - шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау

2.2.4.1 - мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

Сабақ нәтижесі:


Барлық оқушылар: Мәтінде берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жұмыс дәптерімен жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Мәтінді тізбектей оқи алады.

Көптеген оқушылар: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Кейбір оқушылар: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. Актерлік шеберліктерін көрсетеді. Шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.

Бағалау критерийі

Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне сүйеніп, жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында мақал-мәтел, жұмбақ, т,б жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі. Математика, көркем еңбек, орыс тілі, ағылшын тілі, дүниетану.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

3 минут

Қонақтармен сәлемдесу:


Үлкенге де Сіз,

Кішіге де Сіз,

Сәлем бердік баршаңызға

Құрметпенен біз.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Қуанамын менде,

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Топтарға бөлу.

Қорапшада түсті қағаздар бар.

Оқушыларға түсті қағаздар алуларын сұраймын.


Түстерге байланысты топқа бөлу.

1 топ-Тіл алғыш көк

2 топ-Әдепті жасыл

3 топ-Мықты қызыл

4 топ-Сыпайы сары


Топ ережесімен танысу.

1.Уақытты үнемдеу.

2. Бір-бірін тыңдау.

3. Тыныштық сақтау.

4. Бір-бірінің пікірімен санасу.


Топ басшы сайлау.

1.Бағалау парақшаларын тарату.

2.Өзін-өзі бағалау.



Білім алушылар түстерге байланысты топқа бөлінеді.




Жаңа білім

8 минут







Өткен сабақты еске түсіру.

«Мектептен» өлеңін қорыту


«Қарлы кесек» ойыны арқылы білім алушыларға бірнеше сұрақтар қойылады. Сұрақтарды 4 топтағы оқушылар өздері ақылдасып жазып, бір-біріне лақтырады.

  1. Өлең қалай аталады.

  2. Авторы кім?

  3. Жылдың қай мезгілі жайлы айтылған?

  4. Сен мектепке қалай келесің?

«Мектепте» өлеңінде жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Қыс мезгілі.

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Бір жылда төрт мезгіл бар.

-Қазір қай мезгіл?

-Қазір күз мезгілі.

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Ауа райы суып, адамдар жылы киіне бастайды.


Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Роза Әбілқадырова. Кешірім.

«ЖҰЛДЫЗДы СҰРАҚ». ОЙЫНЫ. Сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

1. Әдебиет сөзі нені білдіреді? Көркемсөз дегенді

2. Абай атаның жаман, жақсы туралы өлеңі. Ғылым таппай мақтанба

3. 36+24

4. Достық сөзі орысшада Дружба

5. С.Сейфуллин туған жері. Қарағанды

6.Бала Бауыржанға әкесі не деді? Үйге кіргенде әрқашанда үлкендер сәлем беруді ұмытпа.

7. «Мектеп» сөзі араб тілінен алынғанда қалай аталады?

«Жазу жазатын орын».





Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

15 минут







Роза Әбілқадырова. Кешірім. Автор Роза Әбілқадірованың шығармаларымен танысады.

Мәтінді оқушылар тізбектей оқиды.

Талдау. Сонан соң мәтінді бәрі топ –топпен талдайды.

Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?

-Атай балалардың қылығын түсінді ме?

-Өздерің атайдың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

-Кешірімшіл бола білген дұрыс па?

-Кішіпейілділік қасиетін кімнен көре аламыз?

-Балалар , барлық айтқандарың дұрыс.

Тақтамен жұмыс.

-Олай болса тақтаға сыпайылық сөздер жазайықшы

Балалар тақтаға сыпайылық, әдептілік сөздер жазады.

Мейірімді, әдепті, инабатты, кешірімді, сыпайы, т,б.

Дәйек сөз.

«Кешірім ізгіліктің белгісі».

Халық даналығы

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Қызыл гүлім - ай"

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

8 минут




































































Бағалау 2 мин

1-топ «Актерлер»

2-топ «Суретшілер»

3-топ «Тілшілер»

4-топ «Тілдер» орталығы.

Әр топ өз атына қарай мәтінге қатысты жұмыс жасайды.

1-топ «Актерлар» көрініс көрсетеді.

2-топ «Суретшілер» сурет салады, постермен жұмыс.

3-топ «Тілшілер» сұрақ дайындайды.

3-топқа сұрақ дайындап оны сұрап жауабын алады

  1. Тұрсын не істеді?

  2. Оның жасағаны дұрыс болды ма?

  3. Қателігін түсінді ма?

  4. Сен оның орнында болсаң не істер едің?

4-топ «Тілдер» орталығы берілген сөздерді үш тілге аударады.

Кешірім-простить- айм сори

Атай- дедушка –грандпазе

Аурухана- больница – медикал центр

Мектеп – школа- скул

Екі –двойка- түю

Қателік –ошибка-ирро

Әртіс –актер-акти

Суретші- художник-пайтиң

Атай аула сыпырушы.

Кім?-Атай

Не істейді?- Аула сыпырады.

Аурухана Түбірі- ауру, хана-жұрнақ.

Түбірге жұрнақ бірінші, одан кейін жалғау жалғанады.

-Жарайсыңдар, балалар сендерде өнерде, білімде көп.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР». Рухани жаңғыру атты жолдауы жайлы сендерге түсіндірдім. Соның ішінде

  1. Ұлттық бірегейлікті сақтау.

Бөлімдерінде біздің ұлттық салт-дәстүріміздің, тіліміз, музыкамыз, жөн- жоралғымыз ұлттық рухымыз бойында мәңгіге қалуы тиіс.

  1. Мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайды.

  2. Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын кертартпа тұстардан бас тарту керек.

КЕРТАРТПА ДЕГЕНДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ.

Ол бойымыздағы жалқаулық, еріншектік, енжарлылық. Оның бәрін не істеуіміз керек.

-Жою керек.

2. Білімнің салтанат құруы.

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу –біздің қанымызда бар қасиет. Себебі, құндылықтар жүйесінде

Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін

Әркім терең түсінуі керек.

Осы айтылған дүниелерді кішкентай кезімізден тыңдап, жақсы оқып, тәртіпті болып жүрсек қана Қазақстанда биікке көтеретін, жер жүзіне танытатын сендер екенсіңдер балалар.

«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» деп атауының себебі, сендер болашақта осы айтылған, жазылған жолдауларды тура жолмен алып жүрсеңдер ҚАЗАҚСТАН өседі, өркендейді,

Барлық елге үлгі болады деп ойлаймын.

- Ол үшін қандай болуымыз керек ?

- Білімді болуымыз керек.

«ТҮРТІП АЛУ» СТРАТЕГИЯСЫ.


РОЗА ӘБІЛҚАДЫРОВА «КЕШІРІМ»

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС.

1. Мәтінді басқаша қалай атауға болады?

2. Тұрсынның іс-әрекетіне өз көзқарасыңды білдір.

3.Мәтіннен аула сыпыратынқарттың сөзін дауыстап оқы.

4. Мектебіңнің ауласын кім тазалайды?

5. Ол кісіге не дер едің?

6. Тағы кімдер жұмыс істейді?

7. Алғысыңды тілек ағашына жапсыр.

«Кешірім» мәтінін оқу.

«Кешірім» тақырыбына шығарма жазып келу.

1. Топтық жұмысты бағалау

2. Өзін-өзі бағалау.

ДЕСКРИПТОР.

1.Мәтін жайлы түсінеді, тізбектей оқи алады.

2. «Қарлы кесек» ойынын ойнап сұрақтарға жауап береді

3. Топтық жұмыс орындады.

4. Шығармашылық жұмыс орындады.

5. Тұрсынның іс-әрекетінің дұрыс емес екенін түсініп әрбала өз ойын айта алады.





Кері байланыс

2 минут

Кері байланыс кемесі

Үйге тапсырма: 2-мин «Кешірім» мәтінін оқу, дәптермен жұмыс жасау.

Саралау .

«Қарлы кесек, Жұлдызды сұрақ» ойындары.

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Бағалау –

1. Бағалау парақшасы арқылы бағалау.

2. Өзін-өзі бағалау.

3. Күлегештермен бағалау.

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Сабақ бойынша рефлексия.

Балалар мәтін бойынща түсінік алып, мәтінді өмірмен байланыстыра білді. Ойларын ашық, еркін жеткізе алды.

Пікір жазу.

Балалар сабаққа жақсы атсалысты. Ойындар арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығы артты.

С деңгейлі оқушылар топтық жұмыс барысында басқа балалармен бірге сабаққа араласты.

Жалпы баға

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Топтық жұмыс барысында актерлік шеберліктерін көрсетті.

2: Балалар бір-бірін бағалай алды.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Барлық топтық ойындарда балалар ұйымшылдықтарын көрсетті.

2: Балалар мектеп басшыларын атап шығып, оларға тілек айтқанда қатысқан мұғалімдер риза болды.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
728
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі