400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Кешірім мен Келісім "

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға кешірімділік,татулық,бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бірлік» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Бекітемін

Мектеп директоры: Б.Шырымбекова



Shape1



Тақырыбы:


Shape2

Пән мұғалімі: Серикова.Р. 2017-2018 оқу жылы

Мектеп : «Бірлік»

Мерзiмі: 07.12.2017 ж

Мұғалiм: Серкова Р

Сынып : 4 «Ә»

Тақырыбы: Кешірім мен келісім

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: мейірімділік, кешірімшіл, адамгершілік

Сабақ мақсаты: Кешірім мен келісімге келу дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- кешірімді болуға үйрету

- оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамыту

- мейірімді болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видио жазбалар)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. 5Т

Шаттық шеңбері (2 мин)

Оқушылар шеңберге тұрып амандасады, төмендегі өлең жолдарын

бірге қайталайды.

Адамдарға кешіріммен қарайтын,

Жан жылуы жылылық боп тарайтын,

Кішіпейіл бала болғым келеді,

Айналасын нұрлы күнге балайтын.

- Балалар,Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінген қандай тамаша,қандай қуаныш.

Кешірім, келісім, татулық сөздер арқылы топқа бөлу.

Әңгімелесу. (5мин)

«Кешірім», «Келісім» дегенді қалай түсінесіңдер ?

Кешірім сұраған сәтің болды ма?

Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма?

Кешіре білу қын ба ? ,кешірім сұрау қын ба?



Үй тапсырмасын тексеру: ( 8мин )

Т апсырма: «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін оқып келу.



Сұрақтар:

- Бұлбұл неліктен бақтан ұшып кетті?

- Жолбарыстың мұңаюының себебі неде?

-Жолбарысқа көмек берген кімдер?

- Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

- Кешірімшіл болу әр адамның қолынан келеді ме?

-

- Айналаларыңа деген мейірімділіктеріңді қалай көрсетіп жүрсіңдер ?




























Сұрақ-жауап























Сахналау















«Даналық кілттер» әдісі

Дәйексөз . «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» (3 мин )

.



Сегіту сәті. «Қыдырып қайтайық» ( 2 мин )



Жағдаяттарды талдау (5 мнн )

1. Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды.

    - Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едіңдер?





2. Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол құрбысы Мәдинамен алғаш рет  ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын досы Мәдина Жанардың айнасын сұрады. Досының көңілін қимай Жанар айнасын берген еді. Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады. Жанар:

-  Абайла, айна сынып қалмасын. Оны анам сыйлап еді. Ол мен үшін ең қымбат сыйлық, - деді. Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп, сынды  да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті.

- Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес па?- деді Мәдина.

      Жанар не дерін білмей, тұрып қалды.



 ·Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?

 

·Мәдина мен Жанардың достығы қалай жалғасуы мүмкін?

 

·Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?








Мағынасын ашу

Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінен ( 5мин )

Сұрақтар:

Әке мен бала қайдан келе жатты?

Жолдан нені көрді?

Бала неліктен тағаны алмады?

Әкесі қандай әрекет жасады?

Әкесінің іс-әрекетінен бала не түйді?

Сен ақылыңа үнемі жүгінесің бе?

Айналадағы іс-әрекеттер мейірімділік жасауға кедергі бола ала ма?

Қандай істер адамды бақытқа жетелейді?

Жомарттық жасаған кездеріңіз болды ма?




Видео ролик көрсету

Шығармашылық , топтық жұмыс. (3мин)

1-топ: «Мен кешірім сұрай білемін » тақырыбында эссе жазу

2-топ : «Кешірімшіл боламыз» өлең құрастыру

3 - топ: «Кешірімділік - дұрыс әрекет » тақырыбында сурет салу



Ойын – жаттығу. ( 3мин )

Т ақтаға бұлттардың суреті ілінеді. Оқушыларға түрлі түсті қағаздан жаслаған гүл күлтелері таратылып беріледі. Олар досының көңілін көтеру үшін бұлтты алып орнына гүлдің күлтесіне оның  көңілін  көтеретіндей жазылған сөзді іледі.

Мұғалімнің балаларды 3 – 4 топқа бөлуіне болады. Әр топ күлтелерден бір түсті гүл құрайды. Сонда  3 – 4 гүл жасалынады. Әр топтың балалары жазған сөздерін дауыстап

оқиды.

Жаңа ақпарат.(2 мин)

« Басқа» адамның кемшілігін , қателігін кешіру және өз қатесін түсініп, мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет»



Дәптермен жұмыс.

  • Дәптердегі жүрекшенің ішіне «Мен кешірім сұрай білемін» айдарымен берілген бос жолдарға өз ойларыңды жазыңдар.

Үй тапсырмасы.

Д. Қанатбаевтің «Күлімде, күн, күлімде!» өлеңін жаттап келу

Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
921
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі