400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Кестелік ккөбейту және бөлу" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың белсенділігін, сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау ,aimektep.kz –пен сабақ өткізудің, топтық,жұптық жұмыстардың пайдасы көп. 3-сыныпта математика пәнінен «: Кестелік көбейту және бөлу » тақырыбында өткен ашық сабағымда жасаған слайдты ұсынып отырмын. Жас мамандарға көмегі тиер деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Кестелік көбейту және бөлу


Сабақтың мақсаты: көбейту және бөлудің кестелік жағдайындағы алған білімдерін тиянақтау. Логикалық ойлау есептеу қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, алғырлыққа, ізденімпаздыққа баулу.Спорт өнеріне оқушыларды үндеу. Дені сау , тәні таза, ХХІ ғасыр азаматтарын тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: ойын сабағы


Әдісі: ойландыру, өзіндік, ұжымдық жұмыс, ойын түрлері


Көрнекілігі: спорт ойындарының (аққала соғу, шана тебу, шаңғы, коньки тебу,хоккей) суреттері


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.


ІІ. Жаңа сабақ

«Ой қозғау»

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс.

- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?




- 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні.

- Биыл тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл толып отыр?

- 26 жыл.

- Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған бірлігіміздің арқасында жеттік.

Тәуелсіздігімізге 26 жыл толуына орай мектебімізде математика апталығы өтіп жатыр. Біз де өз үлесімізді қосу үшін бүгінгі сабақта бірлігіміз арқылы аянбай еңбек етейік. Ендеше сабағымызды бастаймыз.

- Қысқы қандай ойын түрлерін білесіңдер?

- Шана , шаңғы, хоккей т.б.

- олай болса, балалар, бүгін біз қысқы ойын түрлерімен жақынырақ танысамыз және ойнаймыз. Сабағымыз ойын түрінде өтеді.

-Ал енді балалалр, сендердің жақсы көретін спорттық, қыста қызыға ойнайтын ойындарыңмен жақынырақ танысып білу үшін берілген тапсырмаларды орындаймыз.

.Тапсырманы алмас бұрын сыныпты екі топқа бөліп алайық.


І топ « Ойшылдар» ІІ топ « Зеректер»



- Балалар, сендердің жеңістерің тапсырманы орындауға байланысты. Бірінші тапсырманы орындау үшін қандай ойын түрін ойнайтынымызды жұмбақ шешу арқылы білеміз.


І тапсырма. Жұмбақ:

Мінсем,төменге зу етем,

Өрлесем,өзімді сүйретем. ( шана)

  • Өте жақсы. 2 топқа мынадай тапсырма: Кестелерді толтыру



І топ.


Көбейткіш

50

6


60

6

Көбейткіш

6


3

6


Көбейтіндінің мәні


24

18


54


ІІ топ


Бөлінгіш

48

42


30


Бөлгіш

6


8


6

Бөліндінің мәні


7

6

5

40


ІІ тапсырма.

Шелек қалпақ басында

Сәбіз екен танауы

Қыста қардан туады

Тауып көрші сен оны.

Ол не? ( аққала)

  • Өте жақсы.Аққаланы соғу үшін Мынадай тапсырмаларды орындаймыз.

1. Әр бидонда 6 литр сүт бар. Осындай 7 бидонда неше литр сүт бар?

( 42)

2. 36 йогурт төрт-төрттен біріктіріліп оралған. Неше орама йогурт жасалған? (9)

3. 3 дөңгелек ірімшіктің массасы 27 кг. Бір дөңгелек ірімшіктің массасы неше килограмм? (9)


ІІІ тапсырма.

Байлаулы екі аяғым,

Қасымда екі таяғым.

Зырлаймын қардың үстімен

Озамын атты кісіден. ( шаңғы)

  • Шаңғы тебуге барлығымыз шығамыз.

Тапсырмалар орындаймыз.

ІҮ тапсырма.

Жұмбақ. : Өңкей батыр мұз үстінде

Екі топта

Бірде алға, бірде артқа

Таласып жүр бір допқа. (шайба)

  • Балалар, хоккей ойынына екі топтан екі басшысы тақтаға шығып сөзді есеп шығарады, ал қалған ойыншылар орындарында отырып тапсырмаларды орындайды.

  • А) Талғат пен Мұрат кім көп балмұздақ жейтініне бәстесті. Мұрат достарымен 32 эскимо және 18 пломбир балмұздағын жеді. Ал Талғат достарымен 39 эскимо және 13 пломбир балмұздағын жеді. Бәсте кім жеңді?

32 + 18 = 50 39 + 13 = 51


Жауабы: Талғат жеңді.

Ә) Мұрат әр қабатта 4 пәтерден 2 подъезі бар 5 қабатты үйде тұрады. Ал Талғат 3 пәтерден 3 подъезі бар 8 қабатты үйде тұрады. Мұрат пен Талғат тұратын үйлерде барлығы неше пәтер бар?

(4 х 2) х 5 = 40 ( 3 х 3 ) х 8 = 72 40+ 72 = 112


Жауабы: барлығы 112 пәтер бар.


Ү тапсырма. Жұмбақ :

Табанға темір байладым,

Қасымда екі таяғым

Айна бетінде ойнадым. ( коньки)

  • Конькимен сырғанау арқылы Қалдықпен бөлу дұрыс орындалған ба, тексеріп көрелік.

61 : 6 = 10(қалд. 1) 62 : 6 = 10 ( қалд. 2)

63 : 6 = 10 (қалд. 3) 64 : 6 = 10 (қалд. 4)

65 : 6 = 10 ( қалд. 5) 66: 6 = 10 (қалд. 6)

610 : 6 = 100 (қалд. 10) 620 : 6 = 6 (қалд. 20)




ҮІ тапсырма. Сана, ойла, жылдам бол!

Тиін 36 жаңғақты балаларына тең бөліп, 10 жаңғақтан бергенде, 6 жаңғақ қалды. Тиіннің неше баласы бар? Әр баласы неше жаңғақтан алды?

Жауабы: тиіннің 3 баласы бар, оның әр баласы 12 жаңғақтан алды.


ҮІІ тапсырма. Жұмбақ:

Жап-жалтыр, жалпақ бір

Жатыр көк айна .

Жүгіріп, жығылып, сырғанап,

Сонда ойна, тек тайма. (мұзайдын )

Мұзайдынына сырғанауға шақырамын. Ойнап жүріп жығылып қалмауға тырысамыз. ОЛ үшін мына амалдарды ауызша есептеп шығару қажет.

80 х6 7 х 10 60 х 5 40 х 4 50 х 5 270 : 3

9 х 20 100 х 5 9 х 3 360 : 6 6 х 10 420 : 6

480 : 6 45 : 5 150 : 3 18 : 2 240 : 4 80 х 3

- Өте жақсы , балалар. Мұзайдында барлығың да әдемі мәнерлеп сырғанадыңдар.

- Балалар, сендер бүгінгі сабақта есептеу, ойлау қабілеттерің ұшқыр, шапшаң, епті, білімді екендеріңді ойын барысында көрсеттіңдер.

- Дені сау, шымыр болып өсу үшін немен шұғылдану керек?

- Спортпен.

-Иә, спортпен шұғылданып, еліміздің намысын қорғау, батыл да, батыр азамат болу өз қолдарыңда. Ел намысын қорғап, тәуелсіздік туын биіктерге желбірететін бақытты ұрпақ сендер боласыңдар.Сендерге көп рахмет.

Бағалау.

Үйге тапсырма:


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
567
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі