400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. "Киім" 5-сынып қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қажет қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1А. Атомдағы электрондардың қозғалысы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Какимова Индира

СЫНЫП: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырып

Химиялық қосылыстар формуласын құрастыру.

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

8.1.3.6 – «нольдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру.

Сабақ мақсаттары

  1. Химиялық элементтердің тотығу дәрежесін анықтау және «нольдік қосынды» әдісімен бинарлы заттардың формулаларын құру.

  2. Металл мен бейметалл атомдарынан түзілген бинарлы заттардың формуласын құру принципін түсіндіру.

  3. Бір топта және бір периодта орналасқан екі бейметалдан түзілген заттардың формуласын құру ерекшеліктерін салыстыру.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийлері

«Нольдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастырады.

Тілдік

мақсаттар

«Нольдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құру принципін түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Тотығу дәрежесі, электртерістігі, атом, оң зарядты иондар, теріс зарядты иондар, валенттік электрондар, бинарлы қосылыс

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Металл атомдары валенттік электрондарын............., ............. көрсетеді.

Бейметалл атомдары сыртқы электрондық қабатын аяқтауға ............., ....... көрсетеді.

Бинарлы қосылыстың формуласын құру үшін........

Құндылықтарды

дарыту

Топтық, жұптық жұмыстар кезінде оқушылардың бойында бір–біріне деген құрмет, ойларын ашық жеткізіп ынтымақтастықта жұмыс жасау құндылықтары қалыптасады.

Жеке жұмыс кезінде еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу дағдылары қалыптасады.

Пәнаралық

байланыстар

Физика–оң және теріс зарядтар, математика–ең кіші ортақ еселікті анықтау.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

7.1.2.11–валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, бинарлы химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы:


10 мин



Ұйымдастыру кезеңі:

1. Амандасу;

2. Түгендеу;

3. Топтастыру: «Өз жұбыңды тап» әдісі.

Оқушыларды ортаға шақырып қолдарына химиялық қосылыс формуласының бір бөлігі жазылған қағаз қиындыларын беремін (№1 қосымша). Қолдарына алған қима қағаздары арқылыжұп бола отырып формула құрайды. Жылдам әрі дұрыс құрастырған алғашқы екі жұп 1–топ, келесі екі жұп 2–топ деп оқушылардың тапсырманы орындау қарқынына қарай төрт топқа бөлінеді.


Ой қозғау: «Миға шабуыл» әдісі.

1) Формула құрастыруда қандай заңдылыққа сүйендіңдер?

2) Бұдан не естеріңізге түседі?

7–сыныпта сендер валенттілік бойынша химиялық формулаларды құрастыруды үйрендіңдер. Алайда кейде химияда формулаларды басқа «нөлдік қосынды» деп аталатын әдіспен де құрастырады. Бүгінгі сабағымызда осы әдіспен танысатын боламыз.


Алдыңғы білімді жаңғырту: «True or False» әдісі.

Оқушыларға Т (true) және F (false) деп жазылған қағаз қиындылары таратылып, интербелсенді тақтадан тұжырымдар белгілі бір реттілікпен көрсетіле бастайды. Оқушылар тұжырыммен келіссе Т, келіспесе F қиындысын көтере отырып алдарындағы стикерлерге жауаптарын түртіп отырады.

1) валенттілік дегеніміз – химиялық элементатомының басқа химиялық элемент атомының белгілі санын қосып алу қабілеті. (Т)

2) Оттек ауыспалы ІІ және ІІІ валентті көрсетеді. (F)

3) Р2О5 қосылысында фосфордың валенттігі ІІІ тең. (F)

4) екі элементтен тұратын қосылыстар бинарлы қосылыстар деп аталады. (Т)

5)егер қосылыс құрамындағы элементауыспалываленттіліккөрсететінболса, оныңваленттілігі қосылысты атағанда сол элемент атауынан кейін жақшағажазылады. (Т)


Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі.

оқушы барлық сұраққа дұрыс жауап берсе жасыл түсті,

оқушы 1-2 қате жіберсе сары түсті,

оқушы 3-4 қате жіберсе қызыл түсті көрсету арқылы өзін–өзі бағалайды.

Химиялық қосылыстың формуласы жазылған парақша қиындылары.
































Сабақтың ортасы

25 мин















































































Саралау тәсілі: «тапсырма»













Топтық жұмыс: «Ойлан–жұптас–бөліс» әдісі.

Оқушыларға бинарлы қосылыстың формуласын құрастыру алгоритмі жазылған ресурстарды (№2 қосымша) таратып беремін. Оқушылар ресурсты оқи отырып әрқайсысы жеке тұжырым жасайды. Содан кейін жұптарға бірігіп, өздерінің ең үздік деген сұрақтарын біріктіреді. Туындаған сұрақтарды топ болып талқылайды.

Бинарлы қосылыстардың формуласын құрастыру алгоритмі.

Қосылыс түрі

Ереже

Мысалы:

Бинарлы қосылыс типтері:

1.Металл және бейметал-дардан тұратын қосылыс

Элементтер таңбаларын тізбектеп жазамыз.

K және F

Бірінші орында металл таңбасы жазылады.

KF

Әр элементтің иондарының зарядын жазамыз.

Элементтерден кейін «нөлдік қосынды» алынатындай индекстерін қоямыз.



K+1F-1

2.Бейметалл мен бейметалдардан тұратын қосылыс

Элементтер таңбаларын тізбектеп жазамыз.

Н және S

Әдетте, бірінші орында электртерістілігі төмен бейметалл таңбасы жазылады.



НS

Әр элементтің иондарының зарядын жазамыз.


Н+1S-2

Элементтерден кейін «нөлдік қосынды» алынатындай индекстерін қоямыз.

Н2S

Мұнда «крест ережесін» қолдануға болады. Химиялық қосылыста 1 деген сан салынбайды. 1 саны таңбаны білдіреді.

Ескертпелер:

І. Тотығу дәрежесі 0–ге тең қосылыстарға мысалдар:

1. Жай заттар: Н2; Са; О2

2. Күрделі заттар (атомдардың тотығу дәрежелерінің қосындысы?)

3. Бір периодтағы бейметалл элементтерден тұратын химиялық қосылыстарда рет саны жоғары элемент теріс тотығу дәрежесін көрсетеді.

4. Бір топтағы бейметалл элементтерден тұратын химиялық қосылыстарда рет саны кіші элемент теріс тотығу дәрежесін көрсетеді.

ІІ. Егер бинарлы қосылыстардың тотығу дәрежелері тең болса, онда формулада индекстер қойылмайды: Са+2О-2.


Кері байланыс: «Five H» әдісі.

1. Периодтық жүйені пайдалана отырып химиялық элементтердің тотығу дәрежесін қалай анықтаймыз?

2. «Нольдік қосынды» әдісі арқылы бинарлы қосылыстардың формуласын қалай құрастырамыз?

3. Металл мен бейметалл атомдарынан түзілген бинарлы заттардың формуласын құру принципін қалай түсіндіреміз?

4. Бір топта орналасқан екі бейметалдан түзілген заттардың формуласын қалай құрамыз?

5. Бір периодта орналасқан екі бейметалдан түзілген заттардың формуласын қалай құрамыз?


Жеке жұмыс. Әдісі: «Сиқырлы қобдиша»

Әр оқушыға тапсырма салынған конверт беріледі.

1-тапсырма. Тотығу дәрежелері бойынша келесі қосылыстардың формулаларын құрастырыңдар.

а) фосфор (V) оксиді

ә) алюминий бромиді

б) магний хлориді


Дескриптор:

1. Элементтер таңбаларын тізбектеп жазамыз.

1. ПЖ пайдалана отырып қосылыс құрамындағы әр элементтің тотығу дәрежесін анықтайды.

2. «нольдік қосынды» әдісімен бинарлы заттардың формулаларын құрады.


2-тапсырма. Көрсетілген металл мен бейметалл атомдарынан түзілген бинарлы заттардың формуласын құру принципін түсіндіріңдер: CaF2, Na2S.


Дескриптор:

1. Қосылыстар құрамындағы элемент атомдарын тізбектеп жазады.

2. Металл атомдарының валенттік электрондарын беріп оң зарядты ионға айналатынын схема түрінде көрсетеді.

3. Бейметалл атомдары сыртқы электрондық қабатты аяқтауға қажетті электронды қосып алып теріс зарядты ионға айналатынын схема түрінде көрсетеді.

4. Элемент атомдарының зарядтарын элементтің үстіне жаза отырып, крест арқылы қосылыстың формуласын құрастырады.


3-тапсырма. Бір топта және бір периодта орналасқан екі бейметалдан түзілген заттардың формуласын құру ерекшеліктерін салыстырыңдар.

1) фосфор (V) хлориді;

2) күкірт (VІ) оксиді.

Дескриптор:

1. Қосылыс құрамындағы бейметалдардың бір топта немесе бір периодта орналасқанын анықтап алады.

2. Егер бір топтағы бейметалл элементтерден тұратын химиялық қосылыс болса онда рет саны кіші элемент теріс тотығу дәрежесін көрсететінін біле отырып элементтердің тотығу дәрежесін қояды.

3. Егер бір периодтағы бейметалл элементтерден тұратын химиялық қосылыс болса онда рет саны жоғары элемент теріс тотығу дәрежесін көрсететінін біле отырып элементтердің тотығу дәрежесін қояды.

4. Тотығу дәрежелерін қойып болған соң, крест арқылы қосылыстың формуласын құрастырады.


Осы тапсырмаларды орындап болған соң, көрші отырған оқушылар бір–бірінің дәптерлерімен алмасады. Жұп көршілерінің тапсырмасын интербелсенді тақтадағы жауаппен тексереді. Жұлдызша қоя отырып бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Жұлдызшаңды сана» әдісі





Оқулық, алгоритм ресурсы, және т.б.


























































































Дидактикалық

материал


































































Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс: «Кері байланыс бутерброды»

1. Маған ұнады, себебі ......

2. Енді/келесі жолы ..... жетілдіруге болады деген ойдамын.

3. Сонымен қатар жақсы шыққан, себебі ...


Р ефлексия.«Тазалық» кестесі.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
689
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі