15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Киім мінез айнасы"
|
Сабақ : ұзақ мерзімді жоспардың 2-тарауы: Киім.Сән.Талғам. 5. Киім – мінез айнасы |
Мектеп: |
|||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
5.Т/А4. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау; 5.Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру. |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады:
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
|||
|
Бағалау критерийлері |
|
|||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: |
|||
|
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. |
||||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: |
||||
|
1.Қоғамдағы дәреже, сәнді дизайнерлер, стиль. |
||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
||||
|
Құндылықтарға баулу |
Құрмет, ашықтық, ынтымақтастық, Қазақстандық патриотизм, азаматтық жауапкершілік, еңбек және шығармашылық. |
|||
|
Пәнаралық байланыс |
Тарих, әдебиет, өзін - өзі тану пәндерімен мәтін арқылы |
|||
|
Алдыңғы оқу |
Киім, сән үлгілері туралы тірек сөздер арқылы мәтін құрай алады, суреттер бойынша әңгіме жаза алады. |
|||
|
Жоспар |
||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы 10 минут |
Ширату «Дүкенге саяхат» Оқушылар тақтада ілінген 4 түрлі киім үлгілерін таңдайды да, стикерлерін жапсырып, неліктен таңдағандарын айтады. Тыңдалым алды
Сабақтағы оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін хабарлау. Санау арқылы 4 топқа бөлемін |
Стикер, сурет |
||
|
Сабақтың ортасы 25 7 минут 8 минут 3+7 минут |
Тыңдалым кезі: Әдіс: «Ойлан , жұптас, бөліс» 1-тапсырма С. Мұғалім мәтінді дауыстап оқиды, тірек сөздерді ұсынады. 4 топқа 1 жетекші сұрақ береді. Ж. – тыңдайды; ЖЖ. - тірек сөздер арқылы жетекші сұраққа жауап дайындайды; ТЖ. - жауаптарын талқылайды, ең ұтымдысын ұсынады. Киім адамзат үшін сыртқы ортаның әсерінен қорғаныс пен жылыну құралы ғана емес. Бұл - адамның беделінің, қоғамдағы дәрежесінің бірден-бір көрсеткіші. "Адам көркі- шүберек" демекші, ортамыз бізді киген киімімізге қарап бағалайды. Жігіттердің шалбарына қарап, мінезін тануға болатыны туралы айтқан едік. Ал жалпы киім өзінің қожайыны жайлы не айта алады? Тігіншілер мен сәнді дизайнерлер жылдан-жылға мыңдаған киім түрлерін ойлап шығаруда. Соның арқасында әр адамның өз бейнесін өзгертіп, біркелкі болып қалмауына мүмкіндігі бар. Алайда киімнің осындай түрлілігі арасында әр адам өзіне тән стиль таңдайды. Бұл сіздің мінезіңіз бен өміріңіздегі қызығушылықтары-ңызға байланысты болады екен. Сондықтан мына ақпаратты білетін адам қасындағы досының киіміне қарап, бірден оның мінезіне баға бере алады. 104 сөз Дескриптор: - Мәтін мазмұнын түсінеді; - Жетекші сұрақтарға жауап жазады; - Жауаптарын талқылайды. ҚБ: «Бас бармақ» Тыңдалымнан кейін: 2-тапсырма Тірек сөздер арқылы сұрақтарға жауап беріңіз, негізгі ойды анықтаңыз. Тірек сөздер: қорғаныс пен жылыну құралы ғана емес, орта бағалайды, киім өзінің қожайыны жайлы, тігіншілер мен сәнді дизайнерлер, стиль таңдайды, мінезіне баға бере алады. 1-топ: - Адамзат үшін киімнің маңызы қандай? 2-топ: - "Адам көркі- шүберек" дегенді қалай түсіндірер едіңіз? 3-топ: - Киім өзінің қожайыны жайлы не айтуы мүмкін? 4-топ: - Өзіндік сән үлгісін таңдай білудің маңызы қандай? Дескриптор: - тірек сөздерді орынды қолданады; - сұрақтарға дұрыс жауап береді; - негізгі ойды анықтайды; Саралау жұмысы: - оқылған мәтіндегі негізгі ой қандай? -Мәтіндегі негізгі ойды дамытып айтып көр. (жетекші сұрақтар арқылы жүргізіледі) ҚБ : «Үш түсті қалпақ» әдісі арқылы бағаланады. Қызыл қалпақ-тапсырма орындауда белсенділігі төмен оқушыға беріледі: Сары қалпақ-тірек сөздерді орынды қолданып, сұраққа жауап берген, негізгі ойды анықтаған оқушыға беріледі; Жасыл қалпақ-ерекше жауабы бар оқушыға беріледі.
3-тапсырма Ж. Берілген сюжетті фотосуреттерді біріктіріп, әңгіме құрастыру. Әдіс: «Пазл» ТЖ. Талқылайды, ұсынады
Дескриптор: -сюжетті суреттерді орналастыра алады; - фотосуреттер негізінде әңгіме жазады ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» |
kz/kyizdarga/ psihologiya /2330/ |
||
|
Сабақтың соңы 8 минут 6 минут 4 минут |
Жетекші сұрақтар әр топқа қойылады. "Сұрақты ұстап ал" әдісі: - Адамның беделінің, қоғамдағы дәрежесінің көрсеткіші не бола алады? (киім) - Киім үлгілерін кімдер ұсынады? ( тігіншілер мен дизайнерлер) - Адамның киіміне қарап, неге баға беруге болады? (мінезіне) Дескриптор:
Саралау оқушыларға жуан, жіңішке сұрақтар қойылуымен байланысты жүргізіледі. ҚБ: «Ауызша қошемет» Оқу мақсаттары еске түсіріліп, кері байланыс жүргізіледі. Кері байланыс: «Табыс сатысы»
|
|
||








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген