400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ашық сабақ. "Киім стилі мен сән үлгісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өте құнды тапсырмалар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары (ҚМЖ)


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Киім.Сән.Талғам

Мектеп: Сегізсай НОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Джакиева Г.А.

Сынып: 5 «а»

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы: «Киім стилі мен сән үлгісі »

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.4.1. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.


Сабақ мақсаттары

  1. Мәтіннен тірек сөздерді табады, негізгі ойды анықтайды.


  1. Тірек сөздерді пайдаланып, мәтінге қатысты сұрақтар құрастырады, жауап береді.

  1. Мәтіндегі ойды негізге ала отырып, өз пікірлерің дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

1.Мәтіндегі тірек сөздерді табады.

2. Сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Тірек сөздерді табады.

Сұрақтарға жауап береді.

Пәнге қатысты термин және сөздік қор: фольклер, классика, романтикалық стиль

Талқылауға арналған сұрақ:

Сен сәнгер болсаң қандай киім үлгісін ұсынар едің?

Құндылықтарды дарыту

Талғаммен киінуді үйрену.

Сән үлгілерінің түрлерін ажырату.

Пәнаралық байланыстар

Технология, өзін—өзі тану, өнер

Алдынғы білім

Киім үлгілерін таңдап, талғаммен киінуді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар


Сабақтың барысы


5 минут

Ширату жаттығулары.

Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, «Менің көңіл күйім» жаттығуын өткіземін. (өздерінің көңіл-күйлерін бір сөзбен айтады. Мысалы: тамаша, жақсы, ғажап...)

Ұлттық киімдердің түрлері арқылы топқа бөлу. Оқушылар ұлттық киімдердің бөліктері бойынша үш топқа бөлініп отырады.


I топ «Сәукеле» II топ «Тақия» III топ «Бөрік»



Сендер топқа қалай

  1. бөліндіңдер?

  2. Берілген суреттерді қалай сөйлетер едіңдер?

Осындай жетекші сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашамын.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийі хабарланады.







Сабақтың ортасы/сабақ-тың негізгі бөлімі


3 минут











10 минут




































7 минут













10 минут


Тыңдалым алды тапсырма.

Қызығушылықты ояту.

1-тапсырма.

«Серпілген сауал» әдісі

1.Ұлттық киімнен басқа тағы қандай киім үлгілерін білесіңдер? (ұлттық, спорттық, классикалық, сәндік үлгімен)

2. Сендер қандай сән үлгісінде киінесіңдер?

3. Қазіргі жастардың талғамында қандай сән үлгілері бар?


ҚБ. «Мұғалімнің қолпаштауы»

(Жарайсың, өте жақсы, бәрекелді)



Тыңдалым кезіндегі тапсырма

2-тапсырма Ж

«Теріп жазу» әдісі.

1.Аудио мәтінді мұқият тыңда.

2. Мәтіннен негізгі ойға қатысты 5 тірек сөзді теріп жаз.


Киім стильдері

Сән қалай пайда болды? Сән адамзат баласы пайда болғаннан бастап пайда болды. Айтатын болсақ адамзат баласы ең алдымен аңдардың терісін киім ретінде пайдаланған.

«Стиль» сөзі латын тілінен аударғанда «мәнер», «сипат», «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Киімде бірнеше стиль қалыптасқан:

Классикалық стильге ұстамды, ресми киім үлгілері жатады. Акссесуарлары (стильді толықтыру үшінкерек заттар: сағат, әшекейлер, сөмкелер,портмене, т.б.) да алажабақ емес, түстері біркелкі болып келеді. Кеңсе қызметіне, жиналыстарға,іскерлік кездесулерге классикалық стильде киінген дұрыс.

Романтикалық стильдегі киім үлгілері ерекше әшекейді қажет етеді, нәзік, өте әдемі, түстері алуан, аксессуарлары мол болады.

Спорттық стильдегі киімдер- күнделікті өмірде, саяхатқа шыққанда киетін,жеңіл,жүріп-тұруға ыңғайлы киімдер.

Фольклорлық (этникалық) стильдегі киімдер- ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл киімдер сәнді қолөнер заттарымен безендіріліп, ұлттық нақышта орындалады.


Дискриптор.

  • Мәтін мазмұның мұқият тыңдайды.

  • Мәтінннен негізгі ойға қатысты 5 тірек сөзді теріп жазады.

ҚБ. «Үш шапалақ» әдісі


3-тапсырма ЖЖ. ТЖ.

«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі

Берілген мысалға қарап тапқан тірек сөздеріңізді пайдалана отырып бір жуан, бір жіңішке сұрақ әзірлеп, жауап бер.

Мысал:

Сәнге қатысты стиль түрлерін ата?

Қазіргі заманауй сәнге байланысты өз пікіріңді білдір?

ҚБ. «Мұғалімнің қолпаштауы»

(Жарайсың, өте жақсы, бәрекелді)


3-тапсырма «Екі жақты түсіндірме күнделік» әдісі

Ақпарат ішіндегі 2 негізгі ойды бір бағанға, соған қатысты пікіріңді бір бағанға дәлелдеп жаз.

Мәтіндегі негізгі ой

Өз пікірім

Үлгі

Фольклорлық (этникалық)

стильдегі киімдер




Аталмыш стильдегі киімдердің ұлттық нақышта болғаны маңызды. Себебі, әр ұлттың өзіндік ерекше үлгідегі киімдері болады.

Кеңсе қызметіне, жиналыстарға,

іскерлік кездесулерге классикалық стильде киінген дұрыс.

Маңызды кездесулерге, іскерлік жиналыстарға спорттық немесе романтикалық стильде киініп бару әдепке жатпайды.


1.





2.








ҚБ. «Бас бармақ» әдісі



















(htt://sabaq. /сән- туралы-түсінік)

Рисунок 1


























































Сабақтың соңы

5 минут

4-тапсырма. ТТ

«Егер мен сәңгер болсам...»

Сен сәнгер болсаң қандай киім үлгісін ұсынар едің?

Әр топ өздерінің жаңаша үлгідегі киім үлгісін сурет түрінде ұсынып, талқылайды.

ҚБ. «Смайликтер» әдісі арқылы топтық бағалау.


Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне кері ораламын.

Кері байланыс «Алма ағашы» әдісі

Оқушыларға сабақ барысында екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы әлі де жетілдіремін, толықтырамын.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
1640
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі