400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ашық сабақ Киім үлгілері және оған қойылатын талаптар

Материал туралы қысқаша түсінік
9 - сыныпқа сабақ беретін ұстаздарға қосымша материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:. Бисермен кестелеу

Мұғалімнің аты- жөні: Кошерова А. Күні: 10. 02. 17 ж

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негіз/ген оқу мақсаты:

Оқушыларға халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру, бисерден бұйым жасау әдістері туралы түсінік беру, үйрету

Сабақтың мақсаттары :

Барлық оқушы орындай алады: Қауіпсіздік ережесін сақтайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқушыларға бисерден бұйым жасау әдістері туралы түсінік беру, үйрету

Кейбір оқушылар орындай алады: Бисермен бұйым жасау арқылы қол икемділігін

Тілдік мақсат:

Моншақ – бисер -

Ресурстар:

Слайд, суреттер, бір түсті мата, бисер түрлері, кергіш, ине, жіп, оймақ.

Пән. байланыс:

Бейнелеу өнері, математика, тарих, сызу

Алдыңғы оқу:

Бисер, моншақтар, металл, керамика, стеклярус

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ұйымдастыру бөлімі
А) оқушылармен амандасу, түгендеу
Б) сабаққа назарларын аудару
Ә) психологиялық дайындық, бір-біріне жақсы тілектер айту.

Формативті


Үй тапсырмасын сұрау

8 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма)

Үй тапсырмасын «Көңілді сауда» ойыны арқылы сұрау. Өздері дайындаған әшекей бұйымдарды «дүкенге» қойып, «сату».Суреттер арқылы.
1. Бисер дегеніміз не?
2. Ең алғаш бисер қай елде пайда болды?
3. Тұңғыш рет бисер қандай өндіріспен байланысты болды?
4. Бисермен сәндік үшін қандай бұйымдар тоқылады?
5. Бисерді неден жасайды?
6. Бисерді ең көп шығаратын елді ата?

1. Сұрақтарға жауап берді

2. Сыни пікір білдірді

3.Өмірден мысал көрсетті

4. Тестке жауап береді

2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )

Тест орындау 
1. Бисер деген не? а) ұсақ моншақтар ә) домалақ ірі моншақтар в)сопақ моншақтар. 
2.Стеклярустың бисерден айырмашылығы:
а) моншақтың түрі ә) 3 мм түтікше тәрізді б) сопақша, ірі моншақтар
3. Бисерді ең көп шығаратын елдері-  а) Италия, Жапония, Франция ә)Жапония, Италия, АҚШ,Үндістан б)Үндістан, АҚШ, Корея
4. Бисер неден жасалады?

а) шыны, металл, керамика ә)металл,шыны, алтын тас б)керамика, сым
5. Египетте бисерді алғашқыда қалай атаған? а) бусер ә) бисер б) моншақ

6. Бисердің Отаны?  а) Египет ә) Франция в) АҚШ
7.Рубка қандай бисер түрі? а) қысқа таяқшалар ә) ұзын таяқшалар в) сопақ бисер 
8.Бисер сөзі қандай мағына білдіреді? а) моншақ ә) ірі моншақ в) жалған маржан
9.Бисермен жұмыс кезінде көз бен бұйым арасы қанша см болу керек?
А) 20 ә) 30 в) 45 
10.Бисермен жұмыс істеу нені талап етеді?
А) шыдамдылықты ә) тазалықты в) әдемілікті 

Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

а

ә

Ә

А

а

А

А

в

а

а


Жаңа сабақ

8 минут














Бисер өнері қолөнердің бір түрі. Бисердің Отаны- ежелгі Египет. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тығыз байланысты. Әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын ашқан Финикия елі деген аңыз бар. Бисерден көптеген кез келген нәрсе жасауға болады. Мысалы: киім кешекті сәндеуге, әшекей бұйымдар, әмиян, сөмке, сыйлықтар, картиналар, тіпті аяқ киімді де әшекейлейді.Қазіргі кезде бисерлерді, негізінен, әшекей бұйымдар жасауда кеңінен қолданады. Соның ішінде алқа, білезік, моншақ, шашқа тағатын әшекей бұйымдар т.б. 
Бисермен кестелеу және бисермен тоқымашылық екеуі екі түрлі орындалатын әдіс.
1) Бисермен кестелеу үшін жұмысты матаға орындайды. Ол үшін керекті құралдар негізінен бір түсті мата, кергіш, сурет, бисер инесі және жіп қажет.
2) Бисермен тоқымашылық жұмысын орындауда леска немесе сым қолданамыз.
Екеуінің айырмашылығы осында.

Бүгін біз сабақта шашқа тағатын әшекей жасаймыз. Ол үшін бізге ине-жіп, қайшы, қара мата, қара түсті резеңке және әр түрлі моншақтар.
Бисермен жұмыс кезінде сақталатын санитарлық – гигиеналық талаптар
1.Бисермен жұмыс істейтін жер өте жарық болу керек.
2.Жұмыс үстелінің бетіне түкті мата жабылуы керек.
3.Сапасыз моншақтарды қолдануға болмайды.
4.бисермен жұмыс кезінде көз тез шаршайды сондықтан көзді демалдырып, жаттығулар жасап тұру қажет.
5. Жұмыс кезінде денені тік ұстау керек.
6.Көз бен бұйым арасы 30 см қашықтықта болу керек.
7.Күндіз терезеден жарық сол жақтан түсу керек, кешке үстелдік шамды қосу керек.
8. Бисерді тәрелкеге немесе жайпақ ыдысқа салып қойған дұрыс.

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сергіту сәті. 2 минут

Сергіту сәті. Көзімізді демалтамыз Жданов әдісі бойынша көзге арналған жаттығулар жасау. Жаттығу жасау реті: Көзді алақанмен жауып тұру.
1- жаттығу “төртбұрыш сызу” және керісінше,3 рет көзді жыпылықтату, қайталау
2 -жаттығу “сағат тілі” және керісінше, 3 рет көзді жыпылықтату, қайталау

Оқушылар сергиді

Сабақты бекіту

20 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма)

«Жалғасын тап» ойыны. Мақал мәтелдің жалғасын табу
1. Өнерлінің он саусаңы тең, (Өнерсіздің бір саусағы кем).
2. Еңбектің көзін тапқан, (Байлықтың өзін табады)
3. Ата көрген ... (оқ жанар), Шеше көрген ... (тон пішер)
4. Асыл қайшы пішуге сән, ... (қасық ішуге сән күміс)
5. Өнерден үйрен, өнерсізден ... (жирен)
6. Бүгінгі істі ... (қалдырма ертеңге)
7. Батыр адам қорқақты сүймес, (шебер адам ... сүймес шорқақты)
8. Келісіп пішкен тон ... (келте болмас)
9.Өнерлі болу – зейнет, (Өнерсіз болу - бейнет)

Мақал мәтелдің жалғасын табады

2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )

Сарамандық жұмысты орындау. Әр оқушыға нұсқау карта таратылады.

№

Орындалу барысы

Керекті құралдар

1

Матаны 3 см болатындай қылып бүктейміз де, ол қалпынан тайып кетпес үшін шетін тігіп шығамыз. Матаның екі басына резіңкенің екі басын қосып тігеміз.

Ине-жіп, мата, резеңке

2

Мынадай созылмалы лента шығады. Басыңызға киіп көріп, дәл өлшемді алыңыз. Әйтпесе, кейін не үлкен, не қатты кіші боп қалады. 

Лента

3

Матаның шетінен бастап, моншақтарды бір-бірлеп тігеміз. Фантазияңызға қарай әр түрлі тасты араластырып, не қандай да бір өрнекпен тігуге болады.

Моншақ, ине-жіп

4

Дайын болған әдемі әшекейді шашыңыздың ұзындығы мен киіміңізге қарай түрліше тағуға болады

Әшекей


1. Сарамандық жұмысты орындайды

2.Бисермен әшекейді жасайды

3. Венн диаграммасы бойынша өздері жасаған әшкей мен базардан сатып алған әшекейді салыстырады

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

Венн диаграммасы арқылы өздері жасаған әшкей мен базардан сатып алған әшекейді салыстыру
Ортақ қасиеттері:Екеуі де әшекей бұйым, моншақтан жасалған, әдемі
Базардағы алқа - бағасы өте қымбат, сапасыз, 
Өздері тоқыған алқа – еңбек шығыны аз,әдемі,сапалы әрі шеберліктерін шыңдалады, қол икемділіктерін дамиды, үйренесіңдер


Үйге тапсырма

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )


2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )


3-деңгей (жинақтау, бағалау)


Бағалау 2 мин

Оқушыларды жиынтық бағалау

Суммативті

Кері байланыс

1 минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.

Формативті


Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
467
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі