400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Киімдер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Киімдер
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-сабақ

Сабақ тақырыбы:

Мен сегіздемін

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.3.1. Тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация\суреттер\сызбалар таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап беру.

2.2.2.1. сюжетті сурет негізінде өз ойын айту.

2.3.1.1. мәтінді мәнерлеп және қатесіз дауыстап оқу.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: қарапайым сұрақтарға жауап береді.

Көбі: мәтінді мәнерлеп және қатесіз дауыстап оқиды.

Кейбірі: сюжетті сурет негізінде өз ойын айтады.

Күтілетін нәтиже

Сурет бойынша әңгімелеуді үйренеді. Достарымен сөйлеседі.

Жаңа сөздер:

Нешедесің, жетідемін, сегіздемін, жақсы көремін

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі – түсті суреттер, кестелер, маркер.


Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ – жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ішкі және сыртқы шеңбер » техникасы, топтық жұмыс сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:

Әдістемелік кұрал, дидактикалық материалдар, сөздік.



Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне тұрғызады», сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді. Өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға қайталайды.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғаліммен бірге өлеңді қайталайды. Бір – біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталатады. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

I.Қызығушылықты ояту

Оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратып береді. Оқушылардан жіктік жалғауының бірінші жағын пайдаланып (мен оқушымын, мен алтыдамын...), өзі туралы кластер құрауларын сұрайды.

Кластер құрайды.

II. Мағынаны тану

  1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды, оқиды.

Ә) «Дұрыс айт» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

  1. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды. Жаңа сөздерді қайталайды.

  1. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1 – тапсырманы орындатады.

Айтылым. Суретке қарап айтады.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2 – тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөйлемдерді толықтырып жазады.

  1. Мәнерлеп оқу. «Кел, жаттығайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады.

Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды,мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды.

  1. Сергіту сәті.Мұғалім оқушылардың бой жазуы үшін орындарынан тұрғызып, сергіту жаттығуын жасатады.

Ал, балалар, тұрайық!

Алақанды ұрайық!

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық!

Орындарынан тұрып, сергіту жаттығуын жасайды, мұғаліммен бірге тақпақты қайталайды.

III. Ойтолғаныс

Оқулықтағы 4 – тапсырманы орындатады.

Айтылым. Досымен сөйлеседі.

IV. Бекіту

А) Жаңа тақырыпты бекіту үшін мұғалім «Сен нешедесің» ойынының шартын (5- тапсырма) орындатады.

Айтылым. Ойын шартын орындайды.

Ә) «Есте сақта!» айдарында берілген сөздерді жаттатады.

Берілген сөздерді жаттайды. Қайталайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір – бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 3 – тапсырманы орындатады.


VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсетуу арқылы көңіл күйлерін білдіреді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.10.2018
775
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі