Материалдар / Ашық сабақ. "Киіз үй - асыл мұра" Ересек топ

Ашық сабақ. "Киіз үй - асыл мұра" Ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Білім беру салалары:  «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»

Бөлімдері: Математика негіздері, Сөйлеуді дамыту, Сауат ашу негіздері, Жапсыру, Құрастыру.

Тақырыбы: «Киіз үйдің – асыл мұра»

Мақсаты: Балаларға қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы мәлімет беру, киіз үй құрылысымен таныстыру. Сөздік қорын молайту арқылы салт-дәстүр туралы ұғымдарын қалыптастыру, киіз үйді құрастыру әдістерін көрсету. Балаларды ұлттық дәстүрді қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  Слайд, үлгі сурет, киіз үй макеті, киіз үй жабдықтары, фетр. асықтар, табиғи заттар (тас, ағаш бұтағы, гүл, талшын, жаңғақ), жұмсақ ысқыш.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, мнемотехника

Тәрбиеші: Балалар қонақтармен амандасып алайық. (Шаттық шеңбер орындалады)

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба көк аспан,

Армысың достарым

Жылуыңа жылу қос,

Міне менің қолым бос!

  • Жарайсыңдар, балалар! Орнымызға отырайық.

  • Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Бір аптада неше күн бар? (Балалар кезекпен атап айтып береді)

Дүйсенбіде доп ойнадым далада (Арай)

Сейсенбіде сурет салдым сәндетіп (Раяна)

Сәрсенбіде серуен құрдым далада (Али)

Бейсенбіде би биледім муззалда (Арнұр)

Мен жұмада алма тердім ағаштан (Ж.Айсұлтан)

Мен сенбіде кино көрдім клубта (Жания)

Жексенбіде үйде жатып демалдым (Жанарыс)

Осылайша өте шықты бір апта (Бәрі бірге)

Күй ойнаған әуен естіледі.

-Балалар тыңдайықшы, бір әуен естілгендей. Бұрынғы ата-бабаларымыз күй тартқан, әсем әндер-жырлар жырлаған. Бұл күйді Құрманғазы атамыз шығарған екен. (Есіктен ата кіреді)

-Балалар, бізге ата келіпті. Амансыз ба, ата. Қош келдіңіз!

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! (Балалар амандасады)

-Мен домбырамды алып, немереме қыдырып қайтайын деп келе жатыр едім, мына жердегі балақайлардың дауыстарын естіп қалдым. Қандай сүйкімді балақайлар, менің немереме ұқсайды екенсіңдер.

-Келіңіз ата, төрлетіңіз. Бізге қонақ болыңыз. Біздің балалардың сізге сұрақтары бар екен.

-Бұрынғы заманда күйді қалай шығарған?

-Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз қандай үйлерде тұрған?

-Ежелде қазақ халқы киіз үйде мекендеген. Себебі, тез жығылып, тез тігілетін киіз үй жеңіл көшіріледі, жазда жайлауға, қыста қыстауға оңай көшетін болған. Киіз үйдің құрылысы, жабдықтары құрастыруға оңай, жеңіл болған.

(Слайд көрсету, тәрбиеші әңгімелеп, түсіндіреді)

-Ендеше, балалар біз атамен бірге киіз үй құрайық. Ол үшін киіз үйдің жабдықтарының әрқайсысында тапсырмалар бар екен, қане орындап көрейік.

1. Кереге: Геометриялық пішіндерді көлеңкесіне орналастыр.

2. Есік: Есікті ашқанда ішіндегі әріптерден қолдан жасалған қызыл және көк фонарь арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстарға талдау жасау.

3. Уық: Сандарды ретімен қою арқылы суреттегі бейнені анықтау (ою, домбыра т.б)

4. Шаңырақ: Мнемотехникалық кесте арқылы шаңырақ туралы әңгімелеу (Қазақстан мемлекеті, рәміздер, шаңырақтың рәміздегі бейнесі, салт-дәстүрді қастерлеген деп аяқтау)

Сергіту сәті: Дөңгеленіп тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Кереге болып керіліп,

Уықтар болып иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үй біз құрайық

-Балалар, жарайсыңдар, біз киіз үйді құрып алдық, енді сыртын киіз текеметпен жабайық. Ол киіз үйді қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен әшекейлейміз.

3 топқа бөлу: Шаңырақ, кереге, уық

Оюды фетрге губка арқылы дайын үлгіге бояу арқылы салады.

Оны киіз үйге жабады.

Қорытынды.

Үлкен асықты балаларға сұрақ қоя отыра беріледі, бала жауап беріп қайтарады.

Ата ризашылығын айтып қоржынынан асықтар алып балаларға бір-бірден таратып береді де батасын береді. (Күй ойнап тұрады ақырын)

Ақ батаны берейін,

Шаңырағың шалқи берсін,

Керегесі кең болсын,

Босағасы тең болсын

Жолың болсын жортқанда,

Ойың болсын сабақта

Үлкен азамат болып өсе беріңдер!





















































ЖИ арқылы жасау
19 Ақпан 2021
4549
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі