400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Киіз үй және оның тарихы" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология және көркем еңбек пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТЕҢГЕБАЕВ ЖҰМАҒАЛИ ИЕМБЕРГЕНҰЛЫ

Алматы облысы, Кеген ауданы,

Ақсай орта мектебінің жоғарғы санатты технология пәнінің мұғалімі


Киіз үй және оның тарихы

Сыныбы: 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Киіз үй және оның тарихы
Сабақтың мақсаты:

-оқушыларды киіз үйдің шығу тарихымен таныстыру;

-Киіз үйдің құрамдас бөліктері туралы ақпарат беру;

-Оқушыларда қазақ халқы үшін киіз үйдің мәдени , тарихи маңызы туралы көзқарас, ұғым қалыптастыру.

Білімдері мен икемдеріне қойылатын талаптар:

Көптеген оқушылар білуі керек; - кйіз үйдің пайда болу тарихын;

  • Киіз үйдің құрамдас бөліктерін

  • Қазақ халқы үшін киіз үйдің мәдени, тарихи маңызын.

Кейбір оқушылар білуі керек; - Киіз үйдің қазіргі архитектураға ұқсастығын анықтауды Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (ойын)
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгіме, тарихи деректер.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, киіз үй және оның жасауларының суреттері (слайд), тірек сызбалар.

Кезең

Мұғалім іс әрекеті

Оқушы іс әрекеті

І кезең

І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Сабаққа дайындығын тексеру. Өзін-өзі бағалауды түсіндіру. Бағалау парағын тарату.

Техника қауіпіздігімен танысады

«Көпір» тапсырмалары

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. («Кім тапқыр?» ойыны. Жасырын сұрақтар)

1\ Зергерлік өнер

2\ Ағаш шебері

Сәндік қолданбалы өнер түрлерін таңдау арқылы 2топқа бөлінеді

«Білу»

\Кім?, не?, нені?, қашан?, қандай?, қалай?\

ІІІ. Жаңа сабақ. Жеке тапсырмалар кітаптан оқу. 1 топ;-киіз үй тарихы

2топ; киіз үй құрылысы

Мәтіні: 1-қосымшада

Оқушылар мұқият мәтінді тақырыпшаларға бөліп оқып шығады

«Түсіну»

\неге?, неліктен?, себебі?, не үшін?\

«Қолдану» қарапайым тапсырмалар

Киіз үй макетін айтып отырып құрастырып көру

Оқушылар киіз бұйымдарын қолмен ұстап, құрап үйренеді

«Талдау»

Топтар сөзжұмбақ құрастырады; 1 топ; киіз сүйегінің атауларынан, 2 топ киіз үй киіздерінің атауларынан

Оқушылар құрастырған сөзжұмбақтарын ауыстырып жауабын шешеді

«Жинақтау»


ІҮ Қорытындылау:

ХХІ ғасыр көшбасшысы; электронды ойын арқылы білімді тиянақтау

- Уықтардың арасын байлайтын арқан

қалай аталады?

- Шаңырақтың үстінен жабылатын киіз

қалай аталады?

- Киіз үй ағаштарының жалпы атауы қалай аталады?

-Сықырлауық киіз үйдің қай бөлігі?

-Киіз үй қабырғасын жабатын киіз атауы?

-Кереге мен шаңырақтың ортасын біріктіретін ағаш қалай аталады?

-Киіз үйдегі ең сыйлы орын қалай аталады?

Оқушылар деңгейлік сұрақтарға тез жауап беру арқылы балл жинайды

«Бағалау»

\ Сен өзінді қалай бағаладың?\

Ү. Бағалау

Бірнеше оқушының бағасын тыңдау

Оқушы қойған бағаларына не үшін қойғанын айтып қорғайды

Рефлексия

«Үй таңда» Сабақты жақсы түсінгендер үлкен «Ақ ордаға», сұрағым бар- дегендер кішкене «Қараша үйге»

Оқушылар өз ойларын жазып стикер жабыстырады

Үйге

ҮІ Үй тапсырмасы;

18 параграф соңындағы сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды баға

Оқушы бағасымен салыстырып мұғалім өз бағасының қорытындысын журналға түсіру




Сабақ жоспарына 1 қосымша: І топ мәтіні:

Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата - бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй – қазақ халқының ұлттық мұрасы. Киіз үй тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ - мекені. Біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен - жайы, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Тағы бір ерекше айта кететін жай: біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады.
Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдаланылуына қарай, сән - салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы: қара үй, боз үй, ақ үй, ақ ала орда, ақ орда, ақ шаңқан, алтын үзік, алтын орда. Көшіп - қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық жұмыс ретінде бейімделген үй түрлері болады. Олар: қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.

Киіз үй маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мүның да бірнеше түрі бар. Алтын орда - 30 қанаттан тұратын ханның мәжіліс ордасы. Ақ ала орда - 8 қанатты дәулетті бай, үй. А қ үй - 6 қанатты дәулетті адамдар тұратын үй. Боз үй, қоңыр үй, қараша үй - 4 - 5 қанатты қарапайым адамдар тұратын киіз үй. Отау үй - жас жұбайлар үйі. Жолым үй, абылайша үй, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үй. Ақ шаңқан үй - сүттей ақ, аппақ киіз үй. Ұраңқай - уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.

ІІ топ мәтіні:
Киіз үйдің негізгі қаңқалары: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық. Оларды киіз үйдің сүйектері дейді.
Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені жаяды. Керегенің биіктігі екі метрдей болады. Керегенің әр бөлігін – қанат деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбейе береді. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады. Осыдан кейін бақанмен шаңырақты көтереді. Бақан шаңырақты көтеруге арналған ашалы ағаш. Сонан соң уықтарды шаншыған. Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін бөлшегі – босаға. Ол табалдырық пен маңдайшадан тұрады. Оған сықырлауық орнатылады. Сықырлауық – киіз үйдің өте әшекейленіп жасалатын сәнді есігі. Ол екі таянышқа ілмек арқылы ұстасады, ашып – жапқанда сықырлап тұрады, сондықтан оны сықырлауық деп атайды.
Осыдан кейін үйдің киізін жабады. Киіздің төрт түрі бар. Олар: туырлық, үзік, түндік, киіз есік.. Олар қойдың ақ күзем жүнінен басылады. Оның туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ертеректе қазақта қой көп, сондықтан киіз үйге қажетті материал жеткілікті болған.
Киіздер құр, баулар арқылы тұтылады. Олар туырлық - бау, түндікбау, үзікбау, желбау деп аталады. Туырлық пен үзікбаулары кестелі, оюлы жалпақ құрдан жасалып, үйге көрік беріп тұрады.
Киіз үйдің бір бөлшегі – ши. Оны жүнмен орап, кілем, текемет түсіндей оюлармен безендіріп тоқиды. Ши кереге мен туырлықтың екі ортасына келеді. Оның әсемдікке әрі жылылыққа әсері мол.
Сондай – ақ ши тұрғанда сырттан жәндіктер кіре алмайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
1715
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі