Материалдар / Ашық сабақ Киіз үй. Киіз үйдің тарихына шолу 6-сынып

Ашық сабақ Киіз үй. Киіз үйдің тарихына шолу 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
561
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: «Киіз үй. Киіз үйдің тарихына шолу» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың еңбекке, ұлттық қолөнер түрлеріне деген ой-өрісін , технологиялық шеберлігін , дағдысын , сабақ үстіндегі белсенділігін арттыру .Қолданылатын әдіс – тәсілдер: топтық жұмыс, АКТ қолдану, сарамандық, ой қозғауПәнаралық байланыс: тарих, көркем еңбек, әдебиет, сызуОқушыларды екі топқа бөлеміз.
  • «Ұста»
  • «Қолөнер»
Сабақтың кезеңдері:1-ші кезең-«Кім білімді» 2-ші тур-«Сәйкестігін тап» 3-ші кезең -«Кім өнерлі» 4-ші кезең -«Сергіту сәтті» 5-ші кезең -«Сөзжұмбақ» 6-ші кезең -«Мақал-мәтел» Мұғалімнің кіріспе сөзі:Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата - бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй – қазақ халқының ұлттық мұрасы. Киіз үй тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ - мекені. Біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен - жайы, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Тағы бір ерекше айта кететін жай: біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады.Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдаланылуына қарай, сән - салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы: қара үй, боз үй, ақ үй, ақ ала орда, ақ орда, ақ шаңқан, алтын үзік, алтын орда. Көшіп - қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық жұмыс ретінде бейімделген үй түрлері болады. Олар: қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады. 1-ші тур «Кім білімді?» әр топқа ортақ сұрақ беріледі,әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.1. Киіз үй негізі неше бөліктен тұрады? (киіз үйдің іші, киіздері, бау - шулары)2. Шаңырақ қандай мағынаны білдіреді? (үй, отбасы)3. Киіз үйдің сүйектерін ата. (шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық)4. Сандықтың астына қоятын жиһаз. (жүкаяқ)5. Әбдіре дегеніміз не? (зат, бұйым, киім салып қоятын үлкен сандық)6. Киіз үйдің іші нешеге бөлінеді? (төртке: төр, оң жақ, сол жақ, от орны)7. Киіз үйдің сүйектерін жасайтын адамды кім деп атайды? (үйші)2-ші тур-«Сәйкестігін тап» Ұлттық  дәстүр              наследиеАсыл  мұра                     казахский народӘдемікиізүй                 народная традицияҚазақхалқы                   красивая юрта



3-ші тур-«Кім өнерлі» Тапсырма:Киіз үй макетін ұлттық өрнектермен сәндеу.

4-ші тур-«Сергіту сәтті» Психологиялық тренинг "Жіптік курс". Күрекшені пайдалану арқылы оқушылар кішкене допты ыдысқа түсіреді. Бұл әдістоптық жәнекөшбасшылық іс – әрекеттерді дамытады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - демекші, оқушыларды ұйымшылдыққа,бірлікке шақырады.

5-ші тур-«Сөзжұмбақ» СӨЗЖҰМБАҚҚОЛ ӨНЕР1. Ұлдардың бас киімі (тақия) 2. Жабайы және үй жануарларының терісінен жасалатын сыртқы киім (тон)3. Сәндік өнеріміз ұрпақтан ұрпақа не арқылы жетет (қолөнер) 4. Жігітке жеті ................. де аз. (өнер ) 5. Көркем туындылар ою сомдау немесе құю арқылы жасалатын пластикалық өнер түрі(мүсін)6.Ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам(шебер).7. Былғарыдан жасалған қымыз сақтауға арналған қазақы ыдыс (торсық)



6-ші тур-«Тест тапсырмаларын орындау» 1.Көшпенді халықтың негізгі баспанасы. а. Абылайша , ә . Қараша үй, б. Киіз үй2.Кереге мен шаңырақ ортасын қосатын бөлік. а. Сықырлауық, ә. Уық б. Киіз есік3. Киіз үйдің қасиетті бөлігі а. Сандық ә. Кебеже б. Шаңырақ4. Киіз үйдің сүйектерін жасайтын адам а. Үйші ә. Балташы, б. Оймашы5. Шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық . а. Ағаштан жасалған бұйым, ә.Киіз үйдің сүйектері , б.Тұрмыста пайдаланады6. Киіз үйдің бөліктері а. Үйдің сүйектері,киіздері, бау- шулары, ә. Киіз үйдің ішкі бөлігі, б. От орны 7.Кереге бойын жабатын киіз а.Шиден жасалған бұйым, ә. Туырлық б. Басқұр8. Еліміздің елтаңбасында бейнеленген а. Киіз үй ә. Уық б. ШаңырақЖауабы: 1. б , 2. ә , 3. б , 4. а , 5. ә , 6. а, 7. ә , 8. б

Кері байланыс. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? Бүгінгі сабақ ұнады ма?Не білгің келеді? Не білдің?Бүгінгісабақтаналғанәсерлерінстикерлергежазады.


Қорытынды сөз.Киіз үй - «Атамыз - Алаш, керегеміз - ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй - тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ – мекені. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.Үй тапсырмасын беру :Киіз үй жасап келу.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ