Ашық сабақ Кім болам? 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Кім болам? 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: ІІІ. Мамандықтар әлемі

Мектеп: «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ

Күні: 04.12.2020 жыл Мұғалімнің аты-жөні: Талғатбекова А.Т.

Сынып: 4 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Кім болам?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Мамандық атауларын біледі және оларға анықтама береді.

Оқушылардың басым бөлігі: Мамандықтардың ерекшеліктері мен маңыздылығын ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Әртүрлі мамандықтардың атауларын үш тілде айта алады, мамандықтардың маңыздылығы бойынша қазіргі таңдағы жаңа мамандықтарды тынап біледі.

Бағалау критерийі

Мамандық атауларын біледі және оларға анықтама береді.

Әртүрлі мамандықтардың ерекшеліктері мен маңыздылығын ажырата алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Мамандық тақырыбы бойынша ойларын айтып жеткізеді, түсіндіреді.

Терминдерді үш тілде аударып айтады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Әртүрлі мамандық атаулары;

Мамандықтардың ерекшеліктері;

Мамандықтардың қоғамдағы маңыз мен рөлі

Диалогқа, жазылымға қажетті тіркестер:

Әртүрлі мамандық атауларын жазады;

Тапсырмадағы жоспар бойынша әр бал өз ойын жазады.

Құндылықтарға баулу

Құрмет құндылығын бір-бірін тыңдау, түсіну, ой бөлісу арқылы, ынтымақтастық құндылығын қалыптастырады; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асыру.

Алдыңғы білім

Ата-баба мұрасын құрметтейміз

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(7 мин)


І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушыларды түгендеу

  • Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру

  • Жағымды атмосфера ұйымдастыру

  • Бір-бірімізге қарайық,

  • Жылы лебіз айтайық,

  • Бүгінгі күн сәтті өтсін,

  • Сабағымыз жақсы өтсін! Жақсы көңіл-күй, ұшқыр ой тілей отырып бүгінгі әдебиеттік оқу сабағын бастайық...

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Біз – қазақ баласы» өлеңін жатқа айтады.

«Сиқырлы қалпақ» әдісі арқылы оқушыларды таңдап алу









Сабақтың ортасы

(26 мин)

І. Жаңа тақырыпты ашу. «Әдеби жұмбақ» әдісі

Асанның атасы – қой баққан, ал әжесі ауыл адамдарының сұранысы бойынша әртүрлі киім тіккен. Әкесі болса дәнді-дақылдар түрлерін өсірген, ал анасы ауыл балаларының сауатты болуына өз үлесін қосқан адам. Ағасы болашақта адамдардың денсаулығын жақсартуға үлес қосуды армандайды.

-Отбасы мүшелерінің атқаратын жұмыстарына қарай қандай мамандық иесі деп ойлайсыңдар?

-Мамандық дегеніміз не, ойланып көріңдерші?

-Мамандық иесі болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?


ІІ. Жаңа тақырып: «Кім болам?»

Оқулықпен жұмыс:

1-тапсырма: Оқулықтағы тапсырманы оқып, ауызша жауап береді.

3 жақта жіктеу (ортақ жұмыс)

Дескриптор:

  • Қазақ тілі пәнінің ережелерін пайдаланады;

  • Сөйлемді үш жақта жіктейді.


2-тапсырма: «Азамат бол!» өлеңін мәнерлеп оқу.

Авторымен таныстыру

Өлең бойынша 4 ұяшықта тапсырма беріледі.

Дескриптор:

  • Өлеңді мәнерлеп және түсініп оқиды;

  • Өлең бойынша қосымша сұрақтарға жауап береді.


Сергіту сәті: «арараеаенаеаекар»


3-тапсырма: Тапсырмадағы жоспар бойынша әр бал өз ойын жазады, талдау жасайды. (Тапсырманың жауабын оқушылардың туған күндері бойынша сұрау)

Дескриптор:

  • Тапсырманың шартындағы жоспарға сәйкес қысқаша ойларын жазады;

  • Жазған ойларын сыныптастарымен бөліседі.


4-тапсырма: «Аудио-жұмбақ»

Оқушыларға әртүрлі мамандық атаулары бойынша аудио жазба түрінде жұмбақтар жасырылады.

Дескриптор:

  • Аудио жұмбақты мұқият тыңдайды ;

  • Жұмбақтың дұрыс шешімін табады.


Үш тілділік













Әдебиеттік оқу, 4-сынып 2-бөлім, «Алматыкітап» 2019, З.Мүфтибекова, Ә.Рысқұлбекова


Флипчарт

Жапсырма қағаздар


















Ақпараттық технология, калонкалар



Сабақтың соңы

(7 мин)

Кері байланыс: Білім қоржыны арқылы жүзеге асады (әр оқушы осы сабақта өзінің жеткен жетістіктері мен нәтижелерін стикерге жазып, сәйкес қоржынға салады.


Оқушыларды бағалау, сабақ нәтижесін шығару.


Үйге тапсырма:

7 және 9-тапсырмалар

Үлестірмелер

Қоржын



Әдебиеттік оқу, 4-сынып 2-бөлім, «Алматыкітап» 2019, З.Мүфтибекова, Ә.Рысқұлбекова


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырасыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау тәсілдері: тапсырма, диалогқа түсу, қолдау, жіктеу және қарқын. Оқушыларды мақсатқа жеткізу барысында әртүрлі тапсырмалар тәсілін қолданамын. Дереккөздер. Қарқын арқылы саралау (қолдауды қажет етпейтін оқушыларға қосымша тапсырма беру, қолдауды қажет ететін оқушыларға қосымша уақыт беру)

Дескрипторлары бар тапсырмалар.

Оқушыларды сергіту сәтін өткізу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтаймын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1)


2)


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1)


2)


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақта не нәрсеге назар аудару қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2020
1451
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі