400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Кім күшті?"ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегілер арқылы тілдерін, шығармашылығын дамыту. Ертегі кейіпкерлерінің жағымды және жағымсыз мінездерін салыстыруға үйрету, жақсы мінез қалыптастыруға дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тобы: Ересек жас тобы

Білім беру саласы: Қатынас

ҰОҚ: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Кім күшті» ертегісі

Оқу мақсаты:

Ертегілер арқылы тілдерін, шығармашылығын дамыту. Ертегі кейіпкерлерінің жағымды және жағымсыз мінездерін салыстыруға үйрету, жақсы мінез қалыптастыруға дағдыландыру.

ҰОҚ мақаты:

(СМАРТ)

Тыңдауға, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға дағдыланады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Атмосфера орнату», «Ой қозғау», «Ғажайып сәт», «Смайлик», «Жұлдызша»

Ресурстар, дамытушы орта:

Педагогтың балалар санына қарай дайындаған демонстрациялық метериалдары.

Жоспарлау

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Баланың әрекеті

Сабақтың басталуы

«Атмосфера орнату» әдісі

Шаттық шеңбері

Видео көрсетіп, балалармен бірге қимыл жасау



Таң атып әтеште шықты аулаға

Даусымен шақырады бізді ойнауға.

Таң атып әтеште шықты аулаға

Даусымен шақырады бізді ойнауға

Ку, ка, ре, ку: Ку, ка, ре, ку.

Қайырлы таң табиғат!

Сабақтың негізгі бөлігі

Ғажайып сәт:

(Музыка әуенімен Алдар көсе келеді)

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Балалар, сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?

- Ал, сендер қандай ертегілер білесіңдер?

«Ой қозғау» әдісі

Педагог жетекшілігімен ойын: «Бұл қай ертегі?»

(4К моделі, сыни ойлау)

Шарты: Интербелсенді тақтаға ертегі үзінді суреттерін көрсету арқылы балаларға қай ертегі екенін табуын ұсыну.



Алдар көсе:

-Ендеше балалар, мен сендерге арнап, тамаша ертегі кітап алып келдім. Бұл кітапты апайларын жақсылап оқып берсін.

Педагог:- Алдар көсе, сізге үлкен рахмет!

-Келіңіз, төрлетіңіз біздің балаларымызбен бірге ертегімізді тамашалаңыз.

Автор: Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылы қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен.
Қырғауылы қырқылдап,
Жалтыр мұзға сыртылдап,
Алшая келіп қоныпты,
Шаты айрылып қалыпты.
Қисая жатып қырғауыл
Сонда мұздан сұрапты:
Қырғауыл: -  Мұз, мұз сен неден күшті болдың? 
Мұз: -  Мен күшті болсам, жаңбыр мені ерітпес едім. 
Қырғауыл:-  Жаңбыр, жаңбыр, сен неден күшті болдың? 
Жаңбыр : -  Мен күшті болсам, жер мені жұтпас еді. 
Қырғауыл: -  Жер, жер сен неден күшті болдың? 
Жер: -  Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жардырмас едім. 
Қырғауыл:-  Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың? 
Көк шөп: -  Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлқымас еді. 
Қырғауыл:-  Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың? 
Көк тоқты: -  Мен күшті болсам, көк шұнақ қасқырға құйрығымды жұлқытпас едім. 
Қырғауыл:-  Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың? 
Қасқыр:-  Мен күшті болсам, көк мылтыққа құйрығымды ойдырмас едім. 
Қырғауыл:-  Көк мылтық, көк мылтық, сен неден күшті болдың? 
Көк мылтық:-  Мен күшті болсам, қоңыр шолақ тышқанға білтемді қидырмас едім. 
Қырғауыл:-  Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың? 
Тышқан: -  Мен күшті болсам, құмырсқаға інімді алдырмас едім. 
Қырғауыл:-  Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың? 
Құмырсқа: -  Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды желкелеген күштімін, - деген екен құмырсқа.

Педагог: Балалар сонымен кім күшті екен? Ия құмырсқа! Өйткені құмырсқа өте еңбекқор жәндік екен. Ерінбей еңбек етсең, ақылды болсаң. Сен ең күштінің бірі боласың! Балалар осымен ертегіміз аяқталды.

Сергіту сәті:

Алдар көсе:

- Ой, жарайсыңдар, балалар, менің әкелген ертегім сендерге ұнаған сияқты солай ма?

Менің сендерге әкелген тапсырмам бар еді. Ол тапсырма арқылы мен сендердің бүгінгі тыңдаған ертегіні қалай түсінгендеріңді білемін.

Құрылымдалған ойын: «Ертегіні желісімен орналастыр»

(4К моделі, сыни ойлау, қарқын, жылдамдық, уақыт, нәтиже стратегиялары)

Шарты: Берілген суреттерді көріп, ертегі желісін есіне түсіре отарап, кейіпкерлерді ретімен орналастырады.

Алдар көсе:

Қандай керемет, балалар! Сендер бүгін мен әкелген ертегіні зер салып тыңдағандарың көрініп тұр. Жарайсыңдар. Мен өз ауылыма қайтайын. Сау болыңдар.















Балалар суреттерге қарап, қай ертегі үзіндісі екенін тауып атайды.









Балалар, Алдар көсемен амандасады.





















«Кім күшті» ертегісін зер салып тыңдайды.

















































Ең күштісі: Құмырсқа екен!







Балалар өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.

















Балалар ертегі желісін естеріне түсіріп, кейіпкерлерді ретімен орналастырады.













Балалар Алдар көсемен қоштасады.

ҰОҚ қорытынды бөлімі


«Смайлик» әдісі арқылы қорытындылау



Бақылау формасы

« Жұлдызша» әдісі

Мұғалім тәрбиеленушілердің білім деңгейін бақылап, белгілейді.






































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
2394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі