Батыс Қазақстан
облысы
Орал қаласы №37ЖОББМ
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Педагог-сарапшы
Бегеева Замарт Насипкалиевна
Білім беру салалары: таным, коммуникация.
Бөлімі: Математика негіздері
Тақырыбы: Кім қайда тұр?
Мақсаты: заттардың кеңістікте орналасуы ұғымдарымен танысады, заттарды сипаттау
арқылы табуға үйренеді..
Күтілетін нәтижелер:
жоғары, төмен, оң жақ, сол жақ, орта бағыттарын біледі
«Қайда орналасқан?» сұрағына жауап беру үшін қандай затқа қатысты сұрақ қойылғанын білу қажеттігін игереді.
қоршаған ортада бағдарлана алады (жоғары, төмен, сол жақ, оң жақ, ортада), орналасуының сипаттамасы бойынша белгілі бір затты таба алуды меңгереді
Қажетті материалдар: № 2 жұмыс дәптері, геометриялық пішіндердің жинақтары,үлестірмелі карточкалар ,слайд тақтасы, интерактивті ойын , демонстрациялық материалдар .
Сөздік жұмыс: оң жақ, сол жақ, алға, артқа.
ҰОҚ-нің барысы Шаттық шеңбері
Жоғары қарап ай көрдім
Төмен қарап жер көрдім
Оңға ,солға бұрылып
Егеменді ел көрдім
Алдыңғы білім (Пішіндер неге ұқсайды?)
- Балалар, біздің айналамыздағы заттардың бәрі неге ұқсайды екен?
- әртүрлі бағыттан да байқауға болатын ,қолға ұстап көре алатын пішіндерді қалай
атаймыз? ( геометриялық денелер )
- Қандай геометриялық денелерді білеміз? Атап айтады.
- Геометриялық денелерге ұқсас қандай заттарды атай аламыз?
Ынталандыру
Педагог «Қарама-қарсы бағдарды ата» ойынын ұйымдастырады.
Алдында-артында, жоғары -төмен, үстінде-астында ,оң жақта ,сол жақта.
Балалар қимыл іс-әрекеттерімен көрсетеді.
Балаларға мағынасы бойынша қарама-қарсы сөздерді айтады.( Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, биік-аласа, үлкен-кіші т.б.)
Өзектендіру.
- Балалар , қазір біз бәріміз алдарымыздағы карточкалардан тышқанның қай үйде тұратынын табуымыз керек .Үйлер пішіні бірдей болғанмен ,әрқайсының орналасу бағытында және түстерінде айырмашылық бар. Сіздер маған үйлерді сипаттап осы үйде тұрама деп сұрайсыз, менің «ия» немесе «жоқ» деген жауабыма қарай қажетсізін жауып отырасыз.Осылайша тышқаннын үйі табылғанша ойнаймыз.

– Сендерге тышқанның үйін іздеп табу қызықты ма?
Жаңаны қолдану
Ж) 1.« Стикеромания» ойыны арқылы тор көздерде кім бейнеленгенін табу.
Тақтада берілген үлкен торкөздермен үш плакат ілінеді.Онда торкөздер сызылған, жоғарда әріпер жазылып тұрады, төменде сол әріптермен сәйкес келетін цифрлар көрсетілген .
Берілген бағдарлардың ( стрелкаларды) бағытына қарай стикерлерді орналастырады. Дұрыс орналастырса бір анық бейне ( картина )пайда болады. Бізде үлкен жираф бейнесі шығу керек .
2-3 баладан шығып орындайды.

(Т) «Не өзгерді?» тапсырмасы.
Суретте таяқшалар берілген, оларды жылжыту арқылы пішіндері өзгеріп отырады, ( қанша болды ,қанша қалды ) сұрағы бойынша өрнек құрастыру
Ө) Дәптермен жұмыс «Адрес бойынша торкөздерді боя»

Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ө) Өзіндік жұмыс . «Сәйкес жолақшаларды орналастыр»
Балалар өзбетімен жұмыс істейді. Өрнектің элементтері қалай орналасқаны туралы айтады.т.б.
Берілген сандарға қарай ұзынды-қысқалы жолақшаларды қағаз бетінде ораластырады және оны түсіндіреді.

Сергіту сәті
Балалар мәтін бойынша қимылдар жасайды.
Көтеріп қолын қуыршақ,
Жоғары-төмен, жоғары-төмен. Шыр көбелек айналып,
Би билейді бізбенен.
(Ұ) « Судоки» тапсырмасы
Торкөздерде 4 саннан жазылуы керек. Әр қатарда сандар қатары қайталанбайды.
Қимылды дидактикалық ойын «Кім қайда тұрады?»
Шарты : Балалар қолдарында берілген құстардың суретіне қарап ,олардың үйлеріне арнайы қиғаш жолдармен тауып барады. Екі жол: күлгін және жасыл түсті жолақшалармен жапсырмалаған. Бағдар бойынша сызықтармен жүре отырып қолдарындағы суретті үйшікке жапсырады.

Рефлексия.
Сабақты қорытындылайды, балаларды мадақтайды. Педагог балалардан ең ұнаған тапсырмалар туралы сұрайды. Оңай орындаған және орындауға қиналған жұмыс түрлері туралы сұрақ-жауап арқылы талдайды..
.
.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Кім қайда тұр Мектепалды даярлық тобы

шағым қалдыра аласыз