400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ, "Кіріктірілген шарттарды программалау" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа "Кіріктірілген шарттарды программалау" тақырыбында ашық сабақ өту кезінде керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: С. Сейфуллин атындағы №4IT – мектеп – лицей

Сабақ тақырыбы: Кіріктірілген шарттарды программалау

Күні:

Мұғалімнің есімі: Нургалиева Зулфия

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


7.3.2.1 программалау тілінде алгоритмді жазу

7.3.3.2 сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында (C/C++, Python, Delphi, Lazarus) жазу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Программалау тілінде алгоритмді жазады;

Сызықтық және тармақталу алгоритмдерінпрограмманы өңдеудің кіріктірілген ортасында жазады;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Кіріктірілген шарттарға алгоритм құрады және алгоритмді программалық кодқа алмастырады.;

Кейбір оқушылар:

  • Операторлардың маңыздылығы мен айырмашылықтарын ажырата біледі.

Бағалау критерийлері

Программалау тілінде алгоритмді жазады;

Сызықтық және тармақталу алгоритмдерінпрограмманы өңдеудің кіріктірілген ортасында жазады.

Тілдік мақсаттар

Термин сөздерді пайдалана отырып, құрған программаны түсіндіріп бере алуға баулу.

Терминология:

Бағдарлама – программа – program

Егер – если – if

Содан кейін – тогда – then

Сөз тіркестері:

Кіріктірілген шарт дегеніміз – бұл ...

Алгоритм дегеніміз – бұл ...

Құндылықтарға баулу

Жеке жұмыс кезінде жауапкершілікке, сыни тұрғыдан ойлауға, білімге деген құштарлыққа; жұптық жұмыс кезінде бір – бірінің пікірін құрметтеуге баулу.

Пәнаралық байланыстар

Математика (есептерді шығару кезінде)

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Lazarus бағдарламасы туралы біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы


2 мин





2 мин












3 мин















Сабақтың ортасы


3 мин

















5 мин







































9 мин


















































1 мин






















7 мин























3 мин




















САБАҚТЫҢ БАСЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУ

Good afternoon, children!

How are you?

Who is absent today?

What is the matter with … today?


Сыныпта жағымды атмосфера орнату (I wish you)

Сынып оқушылары шеңбер бойымен тұрады. Қолдарына күн сұлбасындағы қағазды беру арқылы бір – біріне жақсылық тілейді.




Үй тапсырмасын сұрау

  • Тармақталу алгоритмінде шарт неше тармақтан тұрады?

  • Then немес else –ден кейін қолданылатын операторлар саны біреуден көп болса, оператор қандай құрылымның ішіне жазылады?

  • Шарттарды тексеруге арналған қандай операторлар бар?

  • If, then операторының мағынасын қарапайым тілде түсіндір.


Бағалау:«Жұлдызшалар»

- сұраққа толықтай дұрыс жауап берсе;


- жауапты толықтыру қажет болса;

- әлі де іздену қажет болса.



Жаңа тақырыпты ашу


Excel бағдарламасында жолдар мен бағандардың қиылысуынан ұяшық пайда болады. Берілген ұяшық атауларын қарай отырып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашып алайық.

Ұяшық атаулары: 1) А1, С2, В4, D1, D3, B2, A3, A4, E6, C5, A6, B1, D2;

2) C4, A5, B4, B2, D5, C1, E3, F1, E6;

3) E1, C3, B6, F4, D7, A2, B3, B3, D4, E2, F3, F6.


Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Кіріктірілген шарттарды программалау». Тақырып негізінде оқу мақсаты және бағалау критерийлері айқындалады.

Оқушылар, сендер алдыңғы сабақта тармақталған алгоритмдерді программалау деген тақырыпты өттіңдер. Бұл алгоритмде шартымыз екі ғана қарапайым тармақтардан тұратын еді. Енді бұл күрделене түседі. Шартымыз тек екеу емес, бірнеше бола түседі. Бірнеше шартпен жұмыс жасау қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан бізге бірнеше шарт тексеру операторлары керек. Біз бірнеше шарт болғандықтан оны бірінің ішіне бірін кіріктіріп жібереміз. Бұл кіріктірілген шарттар деп аталады. Кіріктірілген шартта бір If операторының құрамына екінші If операторы енеді. Егер THEN және ELSE қызметші сөздерінен кейін If операторы қолданылса, онда мұндай шарт кіріктірілген шарт деп аталады.

Бір мезгілде 2-3 тен артық If операторын бір – біріне кіріктіріп қолданбау керек. Себебі, бұл күрделі құрылымға алып келеді. Күрделі құрылым нәтижені талдауға, анықтауға қиындық келтіреді.


Lazarus программалау ортасында кіріктірілген шарттар бойынша мысал қарастырайық.

Мысал: А бүтін саны берілген. А саны нөлге тең болса – «нөл», бірге тең болса – «бір», екіге тең болса – «екі», әйтпесе «Бұл санды білмеймін» деп шығуы керек.


Procedure TForm1.Button1Click(Sender:TObject);

var a:integer;

begin

a:=StrToInt(edit1.text);

if a = 0 then

ShowMessage(‘Нөл’)

else

if a = 1 then

ShowMessage(‘Бір’)

else

if a = 2 then

ShowMessage(‘Екі’)

else

ShowMessage(‘Бұл санды білмеймін’);

end;


Практикалық жұмыс (open your book on page 136)

a, b, c қабырғалары берілген. Осы қабырғалардан үшбұрыш құруға бола ма? Егер болса, бағдарлама «Үшбұрыш құрайды», әйтпесе «Үшбұрыш болмайды» деген жауап беру керек.

Алгоритмі: a, b, c қабырғаларынан үшбұрыш құрау үшін бұл қабырғалар мына шарттарды орындау қажет:

a+b>c

a+c>b

b+c>a

a+b>c

a+c>b

b+c>a (a>0, b>0, c>0)

Программалау ортасындағы жобаның пішіні

Label1 (үшбұрыштың қабырғаларын енгізу)

Edit1

Edit2

Edit3 (сан енгізеді)

Edit4 (үшбұрыш құрайды)

Button1 (анықтау)

«Анықтау» батырмасындағы программалау коды

procedure TForm1.anyktauClick(Sender: TObject);

var a, b, c: integer;

begin

a:= StrToInt(edit1.text);

b:=StrToInt(edit2.text);

c:=StrToInt(edit3.text);

if a+b>c then if a+c>b then if b+c>a then edit4.text:='Үшбұрыш құрайды'

else edit4.text:='Үшбұрыш болмайды' else edit4.text:='Үшбұрыш болмайды'

else edit4.text:='Үшбұрыш болмайды'

end;

Дескриптор:

  • Программа алгоритмін құрады;

  • Жобаның пішінін құрады;

  • Программа кодын жазады.

Бағалау:

- жұмысты қатесіз орындаған жағдайда;

- жұмыс кезінде қателіктер кетсе;

- қателіктер көп кетсе.


Сергіту сәті

Бойды сергек, тік ұста,

Емін еркін тыныста!

Оң қолыңды соз алға,

Үшбұрыш сыз ауада.

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын.


Жеке жұмыс

Мысал: А бүтін саны берілген. А саны бірге тең болса – «қыс», екіге тең болса – «көктем», үшке тең болса – «жаз», төртке тең болса – «күз», әйтпесе «Басқа мезгіл жоқ» сөздері экранға шығуы керек.

Жауабы:

procedure TForm1.anyktauClick(Sender: TObject);

var a:integer;

begin

a:=StrToInt(edit1.text);

if a=1 then

ShowMessage('қыс')

else

if a=2 then

ShowMessage('көктем')

else

if a=3 then

ShowMessage('жаз')

else

if a=4 then

ShowMessage('күз')

Else

ShowMessage('басқа мезгіл жоқ');

end;

Дескриптор:

  • Программалау ортасында жобаның пішінін жасайды;

  • Программа денесін құрады;

  • Нәтижесін алады;

Бағалау:

- жұмысты қатесіз орындаған жағдайда;

- жұмыс кезінде қателіктер кетсе;

- қателіктер көп ктесе.



Бекіту тапсырмасы

Үшбұрыштың a, b, c болатын үш қабырғасы берілген. Бұл үшбұрыш теңбүйірлі ме? Анықтаңдар.

Осы мысалды негізге ала отырып, программа алгоритмін жазыңдар.


Бағалау:

- жұмысты қатесіз орындаған жағдайда;

- жұмыс кезінде қателіктер кетсе;

- қателіктер көп кетсе.







































































































































































































Сабақтың соңы


5 мин

Тапсырмаларды орындау кезінде оқушыларды жұлдыздар арқылы бағалаймын. Жұлдызды көп жинаған оқушыларды ерекше мадақтап өтемін. Бүгінгі тақырыпты түсіну деңгейін білу үшін рефлексия өткіземін.

Рефлексия

«Lazarus village» әдісі

Үй сұлбасында берілген стикерге бүгінгі сабақтан түсінгендеріңді, қай тапсырма қиындық тудырғанын, қай жері түсініксіз болғанын жазып, постереге жапсырыңыз.


Үй тапсырмасы

a, b, c, d болатын төрт қабырға берілген.Бұл төртбұрышты фигура квадрат па? Анықтаңдар. (Алгоритмін жазып, программасын құру)





Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Практикалық тапсырма кезінде кейбір оқушыға ауызша түрде көмек көрсетемін. «Гүл күлтесіндегі сұрақтар» тапсырмасын орындау кезінде қосымша ресурс ұсынамын. Қарқыны жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар беремін. Дарынды оқушылар қиындық деңгейі жоғары тапсырма орындар кезде ауызша түрде көмек көрсетемін.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Оқушылардың тапсырмасын бағалап отырамын. Әр тапсырмадан кейін смайлик арқылы жұмыстарын бағаладым. Кей тапсырмалардан кейін кері байланысты ауызша сөз түрінде беремін. Мысалы, жарайсың, дайындықты әлде де арттыр, жақсы, т.б.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайыма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
1237
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі